Сатып алу сату шартының үлгісі


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Инновациялық Еуразия университеті

Сатып алу сату шартының үлгісі

Орындаған: Кабимулла Асқар

Нигматова Румана

Топ: Қ-201

Slide 2

Тауарды сатып алу-сату туралы

№12564 шарт

Астана қ. «22» шілде 2017 ж.

Бұдан әрі «Сатып алушы» «Қыран» ЖШС атынан Жарғы негізінде әрекет ететін бас директор Майданов С. М. бір тараптан және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын атынан «Аспан» ЖШС жарғы негізінде әрекет ететін Бердібеков Д. С. екінші тараптан, тауарды сатып алу-сату туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

Slide 3

1. Шарттың пәні

1. 1. Сатушы бағасы, саны, атауы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 Қосымшада көрсетілген тауарды (бұдан әрі - Тауар) Сатып алушының меншігіне тапсырады, ал Сатып алушы оны қабылдайды және төлейді.

1. 2. Төменде санамаланған құжаттар мен шарттар Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) Тауар тізімі (Шарттың №1 Қосымшасы) ;

3) Тауарды қабылдау-тапсыру актісінің үлгісі (Шарттың №2 Қосымшасы) ;

Slide 4

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Шарттың басқа бөлімдеріндегі міндеттер мен құқықтардан өзге Тараптардың мынадай міндеттері мен құқықтары бар:

2. 1. Сатып алушы құқығы:

2. 1. 1. Сатушыдан Тауарды тиісті сапада және Шарттың 3. 1. тармағында көрсетілген мерзімде жеткізуді талап етуге;

2. 1. 2. жеткізілетін тауардың санын тексеруге және саны Шарттың №1 Қосымшасында көрсетілген санға сәйкес болмаған жағдайда оны қабылдамауға;

2. 1. 3. жеткізілетін тауардың сапасын тексеруге және Шарттың №1 Қосымшасында санамаланған тауарлар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкес болмаған жағдайда оны қабылдамауға;

Slide 5

2. 1. 4. Тауар тиісті емес сапада жеткізілген жағдайда Сатушыға мынадай талаптар қоюға:

1) сатып алу бағасын мөлшерлес төмендету;

2) Тауардың кемшіліктерін ақылға қонымды мерзімде өтеусіз жою;

3) Тауардың кемшіліктерін жоюға шығарған өзінің шығындарын Өнім берушінің өтеуін;

4) тиісті емес сападағы Тауарды Шартқа сәйкес Тауарға айырбастау;

5) Сатып алушыға жеткізілген Тауардың кемшіліктері туралы хабарлама алған Сатушы жеткізілген Тауарды тиісті сападағы тауарға кешеуілдетпей айырбастаған жағдайды қоспағандағы басқа жағдайда

Шартты орындаудан бас тарту және Сатып алушы Сатушыдан Тауар үшін төлеген қаржы сомасын Сатып алушыға қайтаруды талап етуге құқылы;

2. 1. 5. жинақталымға кіретін Тауардың бөлігі тиісті емес сапада болған жағдайда Сатып алушы Тауардың осы бөлігіне қатысты осы Шарттың 2. 1. 4. тармақшасында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2. 1. 6. Қазақстан Республикасы заңнамасында және осы Шартта көзделген жағдайларда осы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Slide 6

2. 2. Сатып алушы міндетті:

2. 2. 1. осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шарт бойынша іс-әрекеттерді Сатушымен үйлестіру үшін өзінің уәкілетті өкілін тағайындауға;

2. 2. 2. Сатушымен Тауарды тиісті сапада жеткізген жағдайда Тауарды Жабдықтаушыдан Шарттың №2 Қосымшасына сәйкес ресімделген қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдап алуға;

2. 2. 3. жеткізілген Тауардың Шарттың №1 Қосымшасында санамаланған тауарлар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда Тауарды жеткізген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде Сатушыға тиісті хабарлама жіберуге;

2. 2. 4. Шарттың 4 бөліміне сәйкес Тауардың құнын төлеуге міндетті.

Slide 7

2. 3. Сатушы құқығы:

2. 3. 1. Сатып алушыдан тиісті сападағы жеткізілген Тауар үшін уақытылы төлеуді талап етуге;

2. 3. 2. егер Шарт Шарттың 10. 2 және 10. 3 тармақтарында көзделген жағдайларға байланысты бұзылатын болса, Шарт бұзылған күнге Шартты бұзуға байланысты шыққан нақты шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

Slide 8

2. 4. Сатушы міндетті:

2. 4. 1. осы Шартта баяндалған барлық шарттарды сақтай отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қоятын қабылдау-тапсыру актісі бойынша тиісті сападағы Тауарды уақытылы, Шарттың 3. 1. тармағында белгіленген мерзімде жеткізуге;

2. 4. 2. Шарт бойынша Тауарды жеткізуге қатысты кез-келген өзгертулер немесе толықтырулар жөнінде Сатып алушыға уақытылы хабарлауға және келісуге;

2. 4. 3. техникалық сипаттамаға және МемСТ-ға сәйкес келетін сапалы және жинақы Тауарды жөнелтуді жүзеге асыруға;

2. 4. 4. Тапсырыс берушіге тауардың техникалық құжаттамасы мен сертификатын тапсыруға;

2. 4. 5. Тауарды тасымалдау кезінде зақымданудан сақтауды қамтамасыз ететін орамада жөнелтуге;

Slide 9

2. 4. 6. Тауарды немесе оның бөлігін жеткізгеннен кейін Сатып аулшы Тауар санының Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген санға сәйкес еместігін және сапасының Қазақстан Республикасы заңнамасы тауардың осы түріне қоятын сапасына сәйкес еместігін анықтаған жағдайда Сатып алушыдан Шарттың 2. 2. 3. тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде өз күшімен және өз есебінен жетпейтін Тауарды жеткізуге және (немесе) сапасыз Тауарды тиісті сападағы Тауарға ауыстыруға, Шарттың 7. 2. тармағында көзделген айыппұлды төлеуге;

2. 4. 7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем шоттарды, шот-фактураларды, тауарды қабылдау-тапсыру актісін ұсынуға;

2. 4. 8. Жоғарыда көрсетілген тармақтың бірде-біреуі Сатушы мен Сатып алушы Шарт бойынша кепілдемеден немесе басқа міндеттерден босатпайды.

Slide 10

3. Тауарды жеткізу мерзімі және шарттары

3. 1. Тауарды жеткізу мерзімі Сатушыының есеп айырысу шотына ақшалай қаражат түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн.

3. 2. Тауарды жеткізу орны Астана қ., Республика даңғ., 26.

3. 3. Тауардың тізімі мен саны Шарттың №1 Қосымшасына нақты сәйкес келумен және Тараптардың уәкілетті тұлғалары Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюмен Сатушы Сатып алушыға Тауарды толық тапсырған және құрастырған жағдайда Тауарды жеткізу жүзеге асырылды деп есептелінеді.

3. 4. Сатып алушы Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күн Тауарды жеткізген күн болып есептелінеді, Тауарды қабылдап-тапсырған сәттен бастап Тауарға деген меншік құқық Сатып алушыға өтеді.

3. 5. Тауарды жеткізу кезінде Сатып алушының тарапынан өкілдің қатысуы міндетті.

3. 6. Тауардың орамасы тасымалдау кезінде оның сақталуын қамтамасыз етуі және механикалық зақымнан қорғауы тиіс.

3. 7. Жабдықтаушы Тауарды жеткізілім орнына жеткізуі тиіс. Тауарды белгіленген орынға дейін тасымалдауды Сатушы жүзеге асырады және төлейді, ал осыған байланысты шығындар Шарт бойынша Тауардың Жалпы құнына енгізілген.

Slide 11

4. Тауардың құны және есеп айырысу тәртібі

4. 1. Осы Шарт бойынша Тауардың жалпы құны (бұдан әрі - Жалпы құн) 2 358 270 теңгені құрайды.

4. 2. Жалпы құн кесімді болып табылады және ұлғайту жағына өзгертілмейді және оның ішіне тауардың, оның орамасының, таңбалаудың құны, ҚҚС, тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарының және құрастыру шығындары, Сатушының Шарт бойынша Тауарды жеткізуге байланысты басқа да шығындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер кіреді.

4. 3. Өнім беруші Тауарға қосымша Шарттың №2 Қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жасалған Тауарды қабылдау-тапсыру актісі қоса береді.

4. 4. Төлем екі сатыда жүзеге асырылады:

4. 4. 1. Тауардың жалпы құнының 50% мөлшерінде Сатушы төлем шот ұсынған сәттен бастап 5 (бес) банк күні ішінде алдын ала төлеу;

4. 4. 2. Тауардың жалпы құнының 50% мөлшеріндегі қалған сомасын төлеу Тараптар тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған және Сатушы шот-фактура ұсынған сәттен бастап 10 (он) банк күні ішінде Тауарды жеткізу фактісі бойынша жүзеге асырылады.

4. 5. Сатушының Тауарды қабылдау-тапсыру актісін және шот-фактураны уақытылы ұсынбауы Сатып алушыны Шарт бойынша уақытылы төлем жүргізу жауапкершілігінен босатады.

Slide 12

5. Тауардың сапасы және кепілдеме

5. 1. Сатушы Сатып алушыға жеткізілетін Тауардың сапасы МемСТ стандарттарына және талаптарына, сондай-ақ дайындаушы-зауыттың сапа сертификатына сәйкес келетініне кепілдік береді.

5. 2. Тауарды қабылдау кезінде зақымдалған Тауар және өндірістік ақау табылған жағдайда Сатушы ақау актісіне қол қойған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны ақысыз айырбастауға міндетті. Айырбасталған Тауарды жеткізу шарты осы Шартта келісілген жеткізілім шарттарына сай.

5. 3. Сатушы Сатып алушыға жеткізілетін Тауар Сатушы меншік құқығы бойынша тиесілі екеніне, оны қалыпты пайдалануды қамтамасыз ететін күйде екеніне, оған тыйым салынбағанына, кепілде емес екеніне және үшінші жақтармен болған даулы қатынастардың мәні емес екеніне кепілдік береді.

5. 4. Тауар тауардың осы түрін тасымалдау үшін белгіленген талаптарға сай оралуы тиіс.

5. 5. Сатушы Сатып алушыға жеткізетін Тауарға Тауардың құжатында көрсетілген кепілді мерзімді ұсынады. Тауардың кепілді мерзімі Сатып алушыға Сатушы жеткізген Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап басталады. Тауардың кепілді мерзімі ішінде Сатып алушы Тауардың ақауын, кемістігін тапқан жағдайда Сатушы Сатып алушы жеткізілген Тауарға қатысты шағымын түсірген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарамсыз Тауарды немесе оның бөлігін өз қаржысының есебінен жарамды Тауарға ауыстырады.

Slide 13

6. Құпиялылық және ақпаратты жариялау

6. 1. Тараптар Шарт бойынша бір-біріне тапсыратын құжаттама мен кез-келген ақпарат, оның ішінде коммерциялық, келісім-шарттық, қаржылық және басқа да ақпарат құпия ақпарат болып табылады.

Тараптардың бірде-біреуі Шарт бойынша Құпия ақпаратты екінші Тараптың алдын-ала жазбаша келісімісіз үшінші тұлғаға жария етпеуі тиіс. Шарт Тараптары Шарт бойынша Құпия ақпаратты төмендегі жағдайларда жария етеді:

6. 1. 1. Шарт шеңберінде Қызмет көрсетумен айналысатын байланысы бар тараптарға, жұмыскерлерге және басқа да үшінші тұлғаларға немесе Шартта көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін жария етеді.

Бұл ретте Шарт бойынша Құпия ақпаратты жария етуші Тарап Шарт бойынша Қызмет көрсету шеңберінде Құпия ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемеге Шарт бойынша Құпия ақпаратты алушы барлық тұлғалардың қол қоюын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

6. 1. 2. Шарт бойынша Құпия ақпаратты жария етуді талап етуге заңды негізі бар тиісті уәкілетті органға жария етеді.

Бұл ретте Шарт бойынша тиісті Құпия ақпаратты жария ету мәселесі уәкілетті орган сұраған Шарт бойынша Құпия ақпаратты жіберуден 3 (үш) жұмыс күн бұрын Шарттың тиісті Тарапына Шарт бойынша нақты Құпия ақпаратты жария етуді талап ету құқығы негізін растайтын құжаттарды қоса отырып, жазбаша ескертпе хат жіберу арқылы Тараптар арасында келісілуі тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Айырбас шарты
Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастарды құқықтық реттеу
Мүлікті жалдау шарты
Тауарларды сатып алу және сату
Кә сіпкерліктің мә ні мен мазмұ ны негізгі функциялары
Лизинг алушы
Тауар саудасының Тауар саудасының ұйымдасқан формасы ұйымдаспаған формасы
Мәміле түсінігі, шарт және оның түрлері
Сақтау және сақтандыру шаралары туралы түсінік
Келісімшарттың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz