Қазаққа Абай – дана, Абай – дара


Slide 1

Қазаққа Абай - дана, Абай - дара

Slide 2

“Абай - қазақтың бас ақыны” Ы. Алтынсарин

Slide 3

Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы. Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Ұлы ақынның өлеңге берген анықтамасы

Slide 4

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Slide 5

Бес нәрсеге асық бол Бес нәрседен қашық бол

Талап

Еңбек

Терең ой

Қанағат

Рақым

Өсек

Өтірік

Мақтаншақ

Еріншек

Бекрек мал шашпақ

Slide 6

Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан.

Slide 7

Абай өнер-білім алуға, өмірде өз орнын тауып, пайдалы әрекет жасауға үндейді. “Орысша оқу керек, хикмет те мал да, өнер де, ғылымда бәрі - орыста тұр” Жиырма бесінші сөз

Slide 8

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп туады. Біреуі білсем екен демеклік. Жетінші сөз

Slide 9

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан көргені, білгені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады. Он сегізінші сөз

Slide 10

Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын мәселелер.

Slide 11

Абай - өмірінің соңына дейін халық мүддесін қорғап, олардың халін өлеңдерінде бейнелеген. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Slide 12

Табиғат лирикасы

Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Slide 13

Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың маңы терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп.

Slide 14

Махаббат лирикасы

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл.

Махаббатсыз дүние бос

Хайуанға оны қосыңдар

Slide 15 Slide 16

Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! М. Жұмабаев

Slide 17 Slide 18

Абай лебі. Абай үні. Абай тынысы заман тынысы, халық үні. Бүгін ол біздің де үнге қосылып, жаңарып, жаңа өріс алып тұр. М. Әуезов


Ұқсас жұмыстар
“Абай – дана, Абай – дара қазақта”. Ақпараттық жоба
Абай ҚұнанбайұлыЕтіс.Етіс түрлері
Абай және мектеп
Абай-дара, Абай-дана
Абайтану. Абай туралы
Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі
Абай тарихқа енді
Қоян түлкі
Абайдың он жетінші қарасөзі
Етістік. 3 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz