Қазақ тіліндегі үндестік заңдары: ерін, буын және дыбыс үндестігі (ассимиляция)


Slide 1

Дыбыс үндестігі

Slide 2

Түбір мен қосымшаның жігіндегі немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуын үндестік заңы (сингармонизм) дейді.

Slide 3

Үндестік заңы

(Сингармонизм)

Буын үндестігі

Дыбыс үндестігі (Ассимиляция) деп түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөз аралығындағы дауысты не дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал етіп, өзгертуін атайды.

Ерін үндестігі (Лабиалдық сингармонизм)

Slide 4

Кейінді ықпал

Сөнбе-сөмбе

Жанпейіс-Жампейіс

Ілгерінді ықпал

Алып бер-алыппер

Тұра келді-тұрагелді

Тоғыспалы ықпал

Досжан-Дошшан

Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)

Slide 5

Ассимиляция латын тілінен аударғанда үйлесу, үндесу дегенді білдіреді. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстардың бір біріне тигізетін ықпалы, үндесуін айтады.

Slide 6

Ассимиляция толық және жартылай түрде кездеседі. Толық ассимиляция: басшы-башшы, жазса-жасса Жартылай ассимиляция: атқа, жазға

Slide 7

Ілгерінді (регрессивті) ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі тұрған дыбысқа әсерін тигіп тұруын айтамыз.

Slide 8

- Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не б, в, г, д, дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. - Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады. - Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі.

Slide 9

Кейінді (прогрессивті) ықпал - сөз ішінде не сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.

Slide 10

- Үнді дауыссызға аяқталып тұрған сөздерге тек ұяң немесе үндіден басталатын морфема жалғанады: ай-лы, мал-мен, тау-ға, ар-лы. -Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына ( п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады: талабы, аяғы, көлігі.

Slide 11 Slide 12

Тоғыспалы ықпал - сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын айтамыз.

Slide 13

- Алдыңғы сөз н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к қатаңдарынан басталса, онда ңқ және нк түріндегі дыбыс тіркесі ңғ, нг дыбыстарына алмасады: қанқызыл-қаңғызыл, жанкешті-жангешті - Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де ш дыбысына алмасады: тасжол-ташшол, Есжан-Ешшан


Ұқсас жұмыстар
Буын және дыбыс үндестігі, сөйлем түрлері мен мүшелері - қазақ тілінен сабақ жоспары
Қазақ тілінің фонетикасы: дыбыстық жүйе, буын түрлері және үндестік заңы
Қазақ тіліндегі буын: анықтамасы, түрлері және тасымал ережелері
Дыбыс үндестігі: ілгерінді және кейінді ықпалдар, сабақ жоспары мен жаттығулар
Дыбыс үндестігі: ілгерінді және кейінді ықпал туралы оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Тіл әлеміне саяхат: бастауышта дыбыс, буын, сөз және сөйлем дағдыларын дамыту
Үндестік заңы мен дыбыстық ықпалдар: қазақ тілінің грамматикасы және ҰБТ-ға дайындық
Ахмет Байтұрсынұлының дыбыс жіктелімі және қазақ тіл біліміндегі орны
Қазақ тіліндегі зат есімнің түрленуі
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар: теориясы, жіктелуі және практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz