Әдебиет тектері мен түрлері
Презентация қосу
Әдебиет тектері
мен түрлері
Әдеби жанр (фр. – тек, түр) термин ретінде
шартты, екі мағынада қолданылады:
1) Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма.
2) Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман,
баллада, комедия, ода т.б.
Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері
эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға
жіктеледі.
Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің
баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық
шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп
жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің
бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық
жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз
“бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді.
Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу
эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол
жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме,
новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма,
повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып
бөлінеді.
1. Шағын көлемді эпикалық шығармаларда өмір шындығы
бір не бірнеше ықшам оқиға көлемінде алынып көрсетіледі.
Түрлері:
а) Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан
сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін
фантастикалық баян.
ә) Аңыз - әсіре қиял аралас фантастикалық хикая. Мифтен
айырмасы аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне өмірде
болған оқшау оқиға жатады. Тарихи адамдарға қатысты да
шығарылады. Мысалы, Асан қайғы, Қорқыт туралы аңыздар.
б) Ертегі – адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға тиіс, әр
алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып,
өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая. Өз ішінен қиял-
ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері
болып бөлінеді.
в) Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне
сатиралық сипатта, аң, хайуанат, зат туралы жазылады да, сол
арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті сынайды. Мысалы, Эзоп,
Лафонтен, Крылов, Д.Бабатайұлы т.б.
Новелла – (итальянша – жаңалық, соны сөз) – «бұрын-
соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы
шындыққа сыйымды әңгіме» (Гете). Новелла шағын
эпикалық түр ретінде қайта өрлеу дәуірінде қалыптасты.
Боккаччоның «Дека-мероны», Чехов пен Гоголь, П.Мериме
мен Г.Мопассан новеллаларын әлем сүйіп оқиды.
Очерк – жаңаның жаршысы, оқиғасы да, кейіпкері де
шындық оқиғадан алынатын газет жанрының түрі.
Фельетон ( фр.- парақ) - шағын көлемді, публицистикалық
үнді, көркем тілді, сын-сықаққа бай, күлкі шақыратын әдеби
шығарма.
Повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повесть
мазмұнындағы ең өзекті шындық бас қаһармандікі.
Поэма – (грекше - туынды) - өлеңді повесть, өмірде болған
не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен күрделі оқиғаларды,
алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді,
желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
Кең көлемді эпикалық түр.
Романның жанрлық үлгілері: плуттық романдар,
авантюралық роман, тарихи роман, психологиялық роман,
фантастикалық роман, публицистикалық роман,
философиялық роман. Роман-эпопея – эпостың шыңы,
оның негізгі қаһарманы – халық, суреткер шындығы -
халық басынан өткен кезеңдік құбылыстар.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның
көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі
ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов).
Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік
сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын
жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика.
Абай: “Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек,
сенің” десе, бұл — лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада
ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты
перзент туады. “Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз” деп
Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек
тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирик. жанр түрлері қазақ
ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты.
Баллада – (итальянша - билеу) – лиро-зпостық сипаттағы, шағын
сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл күйімен қатар, толқытқан оқиғс
себептерін оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның
мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік
әрекет болып келеді. Мысалы, Қ. Жармағамбетовтың «Мұғалима»
балладасы.
Идиллия – (грекше – суреттеу, сурет) - әлдебір парықсыздау
салтанат, қарекетсіз қызық, қайғысыз өмір жайлы жыр. Мал
баққан, егін еккен т.б. табиғат аясында өмір сүріп жатқан
адамдардың той-думанын, сауығын жырлайды. Феокрит,
Вергилий, Сумароков, Жуковский сияқты ақындардың әр
дәуірдегі идиллиялары.
Мадригал – 14 – ғасырда француз әдебиетінде идиллия
мадри-галға ауысты.Малшы сазы деген ұғымдағы бұл өлең
о баста тыныштықтағы рақат тіршілікті әспеттесе, кейін
әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті, кейін күлкі,
сықақ араласты.
Ода – (грекше - ән) – есімі елге тараған жеке адамдарды не
батырларды мадақтаған, ел ішіндегі елеулі оқиғаларды
дәріптеген аск көтеріңкі, көңілді жырлар. Мысалы, Гораций,
Овидий, Лермонтов пен Державин... Байтоқ т.б.
Сонет – (итальянша – сылдырау, сыңғырау) – арнаулы
өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сырлы өлең.
Сицилияда он үшінші ғасырда пайда болып, Данте,
Петрарка-лар көп қолданған, Шекспир классикалық
үлгілерін жасаған лириканың түрі. Көлемі он төрт жол
болады, алғашқы 8 жолы бірінші бөлім - катрен, ақырғы
алты жолы – терцет, мазмұны ұқсас болады.
Лириканың бұдан өзге түрлері көп. Мысалы, ой (әр тақырыптағы
философиялық ойлар), канцонетта (баяғының серілік әуендерін
мадақтайды), романс (жалт еткен бір жақсы сезімді, көбінесе
сүюді жырлау), пастораль (малшы сазының бір түрі), эклога
(идиллия сияқты селодағы сауық жырының бір түрі), элегия (бір
мұң, бір сыр аралас өлең), эпиталама (жаңа қосылған жас
жұбайлардың жарастығын құттықтайтын көне өлеңдердің бір
түрі), эпитафия (дүниеден өткен әлдебір қадірлі кісі жайлы
жоқтау), эпиграмма (жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сынақ
өлең.
Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында
өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан
шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй
әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс.
Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін
кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық
та, жамандық та. Характер, мінезділік — адамның өзегі,
алтын арқауы.
Трагедия –(гр. – текенің әні) – қайғылы, қатерлі
жағдайларға құрылатын, бас қаһарманнның жан азасымен,
өлімімен бітетін драма түрі. Эсхил, Софокл, Эврипид
трагедииялары қазіргі сахнада әлі ойналады.
Комедия – ( гр. –күлкілі, қызық ән) - өмірдегі келеңсіз құбылыстарды,
адам бойындағы қасиетсіздікті, мінездегі мінді сықақтап, келекеге
айналдыратын күлдіргі пьеса. Мұнда да Дионис құдайына арналған
мерекедегідей өлген «текенің» қайта тірілуін көне гректер енді
комедиямен (комос –көңілді топ, одэ - ән), көңілді ән, қызық би, күлдіргі
ойындармен құттықтаған. Комедияның атасы – Аристафан. Б.э.б. бесінші-
төртінші ғасырларда өмір сүрген оның «Салтаттылар», «Бұлттар»,
«Бақалар» комедияларының бәрінде қоғамның саяси -әлеуметтік өміріндегі
келеңсіз құбылыстар сыналған. Мольердің «Тартюфы», «Сараңы»,
Грибоедовтың «Ақылдан қайғысы», т.б. Комедия классицизм кезінде өте
жоғары өрістеді. Комедия күші күлкіде, күлкінің күші шынайылықта
жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық
бар. Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір
әдебиет көзінен тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ
көркем сөзінің фольклор, дара ақындар әдебиеті, жазба
әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға азық, жанға
сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер
етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс., жаңа
эпос-роман жанры психологизм, драматизм құралдарын
барынша пайдаланады. Демек, лирика, драма жанрларынан
өзіне керекті нәр алып отырады деген сөз. Міне, осы ортақ
заңдылықтан фольклор, дара ақындық ауыз әдебиеті және
жазба әдебиеті саларын бір-біріне қарсы қоймай, араларына
өтпес ор қазбай, қайта оларды бір-бірімен тығыз байланыста
тұтас өнер жұйесі ретінде қарап зерттеу қажеттігі туындайды.
Назар салғандарыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz