Қасым Аманжолов


Slide 1

Қасым Аманжолов

Орындаған: Нүсіп Гүлжан

Қабылдаған: Өтепбергенова Гаухар

Slide 2

Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы Танисың ба сен мені? Мен қазақтың баласы! Қ. Аманжолов

Slide 3

1911-1955 жж. Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.

Қасым Рақымжанұлы Аманжолов

Slide 4

Мен дауылдың ұлымын,

Тұра алмаймын дауылсыз.

Қарсы алуға дайынмын,

Соқса да дауыл дамылсыз, - деп жырлап, «дауылпаз ақын» аталған Қасым - қазақтың рухы биік, патриот ақыны. Оның өлеңдерінен сол заманның ащы зарын көреміз. Ақын қайсар да жігерлі, батыл, өткір ойлар айтып, ерлікке, бостандыққа шақырады.

«Дауыл»

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Ел намысын ешбір жауға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз -

Сертің осы, азат жігіт, азат қыз! - деп,

ешкімге бас имейтін қайсар қазақ, «Құл емеспіз, еркін жанбыз» - деп ел намысын қолдан бермейтін қазақтың наркескен намысты ұлдарымен, қайсар қыздарының намысына қамшы басады.

«Қазақстан»

Slide 8

Бip мазасыз музыка гүрілдейді,

Дүрілдейді жер мен көк, дүрілдейді

Сай-сүйек салдырап, сақ-сақ күліп,

Аждаһа ажал арсылдап би билейді.

Бұл - Қасым Аманжоловтың «Мазасыз музыка» атты өлеңі. Соғыс майданында болып жатқан толассыз атыс-шабыстың жағымсыз үнін айта келіп, сұм Гитлерді сол мазасыз музыканың дирижеріне теңеген. Тамұққа түскендей күй кешкен халық та, рухты ақын да бұл үннің мәңгіге жоғалғанын тілейді.

Slide 9 Slide 10

Бармын мен, бұл дүниеде жүрмін тірі, «Жоқсың» деп жала жабар қудың бірі. Түссем де отқа, суға тозар емен, Солдаттың етігіндей жаным сірі!

Мұнда терең сағыныш, ата алдындағы жауап­кершілік, қазақы жігіттік, перзенттік борыш, мұңлы сезім, тәкаппар намыс - бәрі тұр.

«Елге хат»

Slide 11

Поэмалары

«Ақын өлімі туралы аңыз»

«Бикеш»

«Құпия қыз»

"Біздің дастан"

Slide 12

«Абдолла, яки, Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Ақынның бұл поэмасына жазушы Ғ. Мүсірепов: «Майданнан соққан жаңа леп сияқты …Алыста отырып соғыстың өзін көргендей боласың», - деп баға берген. Бұл шығармада майданда ерлікпен шайқасып, жау қоршауында қалып қойып, қасық қаны қалғанша күресіп, Отан үшін жанын пида еткен ақын Абдолла Жұмағалиевтің ерлік өлімі суреттеледі. Майдан етіп, дүние төрін, Темір, болат қақтап отқа, Бетпе-бет кеп өмір, өлім Соққыласып жатқан жоқ па?!

Slide 13

Аудармалары

А. С. Пушкин - «Еркіндік», «Ақынға»

А. Т. Твардовский - «Василий Теркин»

Низами - «Ләйлі-Мәжнүн»

Н. А. Некрасов - «Сұрқия жыл»

М. Ю. Лермонтов - «Тұтқын», «Желкен», «Қанжар»

Т. Г. Шевченконың, В. В. Маяковскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Slide 14

Н. А. Некрасов - «Сұрқия жыл»

Сұрқия жыл! У-шу етіп газетті, Қырғын-сүргін сұмдық тағы кеп жетті. Қан ағызу, кісі өлтіру ниеті Ақырында мені әбден қажытты…

…Аулақ, аулақ! Кесапатты шүбәлар, Қалай сендер ойға келіп қалдыңдар? Білемін құп, поэзияны ардақтар Әлде болса талай отты жүрек бар!

Slide 15

Қасымның драматургиясы

Ақынның қаламынан 1940 жылы «Аңқау Жүсіп» атты 1 актілі, 2 суреттен тұратын комедия дүниеге келді

1947-1948 жылдары жазылған «Ауыру мен Ажал» шығармасы да көлемі жағынан шағын, скеч деп анықталған ауылдың, колхоз-совхзодың халық театрлары сахнасында көрсетуге арналған туындыларының бірі.

1948 жылы жазылған «Досымның үйленуі» атты үш суреттен тұратын комедиясы Қ. Аманжоловтың жоғарыда аталған пьесалары ішіндегі үлкен сахнаға арналған толыққанды шығармасы.

«Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы …» атты поэтикалық спектаклін

Slide 16

Қасымтану

Slide 17

Мұқағали Мақатаев:

Қасым деген - қалғыған жанартау ғой,

Жанартау ғой.

Жанды да кетті өртеніп.

Slide 18

Жанат Жаңқашұлы:

«…Орыстар Пушкинді зерттегені соншалық, ақынның тек 12 күнде ғана не істеп, қайда болғанын білмейді. Ал қалған ғұмырын парақтап, құрап шыққан. Мозайканың жетпей қалған үңірек тұсы сол 12 күн. Ағылшындар Байронның өлеңін қалай жатқа оқыса, 36 жылдық ғұмырын да солай жатқа айтып береді. Француздар Оноре де Бальзакты жете таныды һәм әлемге танытты. Біз ше? Абайды жаппай зерттеудің арқасында там-тұмдап білдік. Әлихан, Ахмет, Мағжандар туралы да аздап мағмұрландық. Ал Қасым?»

Slide 19

Ақынның көзі тірісінде де, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де көптеген жинақтары жарыққа шығып тұрды.

Slide 20

Қасым Аманжолов атындағы жеке сайттардан ақын өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметтерді ала аламыз.

http://qasym. kz

old-site. karlib. kz

Slide 21

Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды. Өмірінің соңғы кездерінде Қ. Аманжолов өлім, өмір, өмірдің мәні, азаматтық парыз, ақындық борыш жайында көп ойланып, көп толғанды. Ондай өлеңдері - елін, жұртын емірене сүйген азамат акынның жан сыры, ой-сезімі.

Slide 22

Көк жүзінде көк жұлдыз бар, Бірі сөніп, бірі қалар. Кейде жылы, кейде ызғар, Табиғаттың күні болар.

Күндер шіркін өте берер, Зырлап, зулап, асыр салып. Ақын даңқы кете берер, Алар оны ғасыр танып.

Сырбай Мәуленов


Ұқсас жұмыстар
Қыран қанатты ақын. Қасым Аманжолов
Қасым Аманжолов (1911-1955)
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақта Қасым бір туар
Қасым Аманжолов Ақын өлімі туралы аңыз
Дабылды жырдың дауылпазы»
Өлең туралы толғанысы
Қасым Аманжоловтың отбасы
Ә.Тәжібаев "Сырдария"
Үздік аурмашының портреті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz