Етістік: анықтамасы, жіктелуі, шақтары, райлары және жұрнақтары


Slide 1

Етістік Етістік - заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретінсөз табы. Не істеді? қайтті? не қылды? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен.

Тұлғасына қарай

Құрамын қарай

Негізгі

жүр, бар, отыр, қара

Туынды

ойла, сана, ойна, шегеле

Дара

сұра, қайтала, ойлан

Күрделі

келе жатыр, күліп тұр

Slide 2

Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай Мағынасына қарай

Болымды

жүр, барады, жүзді

Болымсыз

баспа, келме, алған жоқ

Сабақты

Табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер. М/ы: сөзді баста, өлеңді жаз

Салт

Табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер. М/ы: үйге кел, досымен сөйлесті.

Slide 3

Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан белгілі жұрнақтар арқылы жасалады:

-ла, -ле, -да, -де, -та, -те: шегеле, тазала;

-а, -е: боса, келе;

-ай, -ей, -й: молай, көбей, қарай;

-ар, -ер, -р: ағар, көгер, қысқар;

-ғар, -гер, -қар, -кер: басқар, ескер;

-ыра, -іре: сарқыра, желбіре.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Етістер

Өздік етіс

Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, -ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Өзгелік етіс

Қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесіяғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, жұрнақтары арқылы жасалады.

Ырықсыз етіс

Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалады.

Ортақ етіс

Қимылдың, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес. бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалады.

Slide 7

Есімше және оның жұрнақтары

- ған, -ген, -қан, -кен;

-ар, -ер, -р;

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек;

-атын, -етін, -йтын, -йтін.

Slide 8

Көсемше және оның жұрнақтары

-а, -е, -й

-ып, -іп, -п

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

Slide 9

Тұйық етістік Тұйық етістік - етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен да байланысты болмайды. Тұйық етістік етістікке -у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.


Ұқсас жұмыстар
Етістік: анықтамасы, түрлері, шақтары және райлары
Тұйық етістікті қайталау: түрленуі, шақтары және райлары
Тұйық етістікті қайталау: морфологиясы, шақтары және райлары
Етістік: түрлері, жұрнақтары және Абай шығармаларындағы грамматикалық талдау
Етістік: анықтамасы, есімнен жасалу жұрнақтары және грамматикалық топтары
Тұйық етістік: мағынасы, жұрнақтары және оқыту әдістемесі
Сын есім: анықтамасы, жіктелуі, жұрнақтары, шырайлары және сөйлемдегі қызметі
Етістік: түсінігі, жіктелуі және жаттығулар
Етістіктің шақтары және Көктемгі жұмыс тақырыбындағы сабақ
Қазақ тілі: етістік - анықтамасы мен қолданылуы, сұрақ қою және жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz