Шешендік сөз: тіл тазалығы мен көрнекілігі


Slide 1

Шешендік сөздегі тіл тазалығы мен тіл көрнекілігі

Slide 2

Шешендік дегеніміз - белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және елге таралған үлгілі ойлар.

Шешеннің тілі - семсердің жүзі

Сөйлей-сөйлей шешен болар,

Көре-көре көсем болар.

Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

Slide 3

Шешендік сөзге қойылатын басты талаптар ретінде тіл тазалығы мен тіл көрнекілігін

жатқызамыз

Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", - деп

Slide 4

Сөз көркемдігін көрсете білген қазақтың үш биі

Slide 5

Халық “Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер”- деп Әйтеке айтса, “қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа”, деп Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай -ақ халық тағы да “Әйтеке жорып жеткізіп айтады” деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған.

Slide 6

Шешендік өнердің қиындығы туралы

Бұқар жырау:

. . . Көш бастау қиын емес -

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес -

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын -

Шешімін таппас дау бар, -

Slide 7

рапа

Абай Құнанбайұлы

Slide 8

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.

Абай, бесінші қара сөз

Slide 9

Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді. Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды. Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір. Артында баласы қалса, көзі қалды де, Артында сөзі қалса, өзі қалды де.

Slide 10

Әдеби мұраның, қайсысында болса да, шешендік сөздер даналықты, тіл байлығын, көркемдігін көрсетеді. Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды жіті көзбен байқап, бақылап айтылған халық ойының жемісі, қорытындысы.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Сөз байлығы, тіл тазалығы және әдеби тіл мен диалектизмнің ара-қатынасы
9-сынып: Шешендік өнер, антонимдер және тіл байлығын дамыту
Тіл мәдениеті: баспасөз тілі, сөз мәдениеті және сөйлеу әдебі
Үш арыс: шешендік сөздер мен олардың түрлері
Тіл әлеміне саяхат: бастауышта дыбыс, буын, сөз және сөйлем дағдыларын дамыту
Шешендік өнер тарихы және қазақ риторикасының ерекшеліктері
Шешендік өнер: тарихы, ерекшеліктері және қазақ билері
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері, түрлері және тарихи билер
Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарының тарихи зерттелуі және Қ. Жұбановтың үлесі
Ой мен сөздің байланысы: ойдың күші, тазалығы және тілдегі көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz