Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы: ядролық мұра, өнеркәсіптік ластану және қалдықтарды басқару


Slide 1

Шығыс Қазақстан облысының экологиясы

Slide 2

Шығыс Қазақстан облысы қазіргі кезде орасан зор экологиялық қауіп төніп тұрған аймақтар қатарына жатады. Олардың алғашқысы әрі ең қауіптісі - Семей ядролық полигоны. Одан кейін әрине, зиянды қалдықтар шығаратын кәсіпорындар, орман мәселесі, Ертіс өзенінің ластануы және т. б. .

Slide 3

Семей ядролық полигоны КСРО ядролық сынақ полигондырының ішіндегі алғашқы және ірі сратегиялық объектісі.

Slide 4

Семей сынақ ядролық полигонында ең бірінші сынақ 1949 жылы 29 тамызда өткізілді. Бомбаның қуаты 22 килотоннаны құрады. 1949 жылдан 1989 жылға дейін Семей ядролық полигонында 468-ден астам ядролық сынақтар жүргізілді. Соның ішінде 125 атмосфералық (26 жер үсті, 91 әуе) ; 343 ядролық сынақ жер астында және оншақты ядролық және гидродинамикалық сынақтар жүргізілді.

Slide 5 Slide 6

Семей ядролық полигоны 1991жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы үкіметінің №409 бұйрығы шешімімен жабылды

Slide 7

Өскемен қаласында ауаны ластайтын отызға жуық кәсіпорын бар. Соңғы 7 жылда көлік саны 29%ға артқан. Атмосфераға жыл сайын 62мың тонна зиянды қалдықтар тарайды. Оның 35 мың тоннасы адамды тұншықтыратын аса қауіпті күкірт ангидриді болса, 13 мың тоннасы көмір қышқылы және 6 мың тоннасы азот қышқылы.

Slide 8 Slide 9

Еліміздегі ауасы ең лас қалалардың ішінде Өскемен төртінші орында тұр

Slide 10

Өскемен қаласында бірнеше күн жел соқпай қалған жағдайда қаланы қалың түтін басып қалады. Оның салдарынан тұрғындардың тынысы тарылып, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын адамдардың жағдайы нашарлайды. Бірақ, халықтың жағдайын елеместен кәсіпорындар жұмыстарын жалғастыра береді. Бұл - адамдардың экологияны өз қолдарымен ластауы.

Slide 11

Ертіс өзеніне әлемдік экологиялық қатер төніп тұр.

Slide 12

Семей қаласындағы қоқыс, лай аралас ағатын құбырлардан аққан су Ертіске құйылады. Бұл Ертіс өзенінің экологиясын нашарлатуда.

Slide 13

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында Семей қаласының шетінде орналасқан әскери аэродромның жанармай қоймасынан жер астына сіңген авиакеросиннен қордаланған керосин көлі 6 мың тоннаға жетіп, Ертіс өзеніне жақындап келе жатыр.

Slide 14

Шығыс Қазақстанның экологиясын көзімзге елестетудің өзі қорқынышты. Ядролық сынақтың қалдықтары, жан-жақтан қаумалаған кәсіпорындар түтіні, ластануға айнаған Ертіс өзені бәрі-бәрі аймақ экологиясына қауіп төндіріп тұр.

Slide 15

Шығыс Қазақстан облысы - орманға бай мекен. Бірақ орман саны байи түсудің орнына, сиреп келеді. Мұның бәрі - адам қолымен істеліп жатқан экологиялық проблемалар.

Slide 16

Өскемен қаласына қоқыс өңдеу зауыты аса қажет. Бұл мәселе облыстық және ресупликалық деңгейде де бірнеше рет қаралған. Бірақ жобаны іске асыруға бюджетте қаржы болмады. Сондықтан, немістің Eggersmann Anlagenbau Kompoferm GmbH компаниясы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге қызығушылық танытты. Қазір зауыт бой көтеретін орын белгіленді. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда зауыт 2014 жылы іске қосылады.

Slide 17

Назар аударғандарыңызға көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық сипаттамасы, экологиялық жағдайы, жер қоры және негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындары
Қарағанды облысының экологиялық мәселелері: өнеркәсіптік ластану себептері, салдары және шешу жолдары
Шымкент қаласының экологиясы: өнеркәсіптік ластану, көлік эмиссиясы және қалдықтарды басқару мәселелері
Алматы қаласының экологиялық жағдайы: ауаның ластану себептері және басқару шаралары
Түркістан облысының экологиялық проблемалары: ауыр металдармен ластану, топырақ деградациясы және Сырдария су ресурстарының жағдайы
Шығыс Қазақстан облысының көлік жүйесі: жағдайы, инфрақұрылымы және даму жобалары
Қазақстанның экологиялық проблемалары: шөлдену, су тапшылығы, өнеркәсіптік және радиоактивті ластану
Астананың экологиялық жағдайы (2006-2008): ауа мен су сапасы, көгалдандыру және қалдықтарды басқару
Алматы облысының экологиялық жағдайы және кешенді табиғатты қорғау шаралары
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы және ауа ластану көрсеткіштерінің 2003-2008 жылдардағы өзгерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz