Квинке ісінуі




Презентация қосу
РМҚК Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті

ФАКУЛЬТЕТ: Жалпы медицина
КАФЕДРА: Жедел шұғыл медициналық жәрдем, нейрохирургиямен анестезиология және
реаниматология
ДИСЦИПЛИНА: Жедел шұғыл медициналық көмек

ТАҚЫРЫБЫ: Квинке ісінуі

Орындаған:Есмуратова А.Н.
Тулегенова А.М.
Тобы: 514 «А»
Тексерген: Үсенова М.Б.

Ақтөбе 2016 жыл
*Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А)Себептері
Б)Клиникалық көріністері,диагностикасы
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
*Кіріспе
Квинке ісінуі (ангионевротикалық ісінуі,
гиганттық есекжем) - әр түрлі биологиялық және
химиялық факторлардың әсеріне ағзаның
реакциясы, көбінесе аллергиялық түрде болады.
Неміс дәрігері Генрих Квинке атымен байланысты,
ол алғаш 1882 жылы сипаттап кеткен.
Жедел аяқ астынан басталатын дененің
бөліктенген ісінуі немесе тері асты ісінуі не
шырышты қабықтардагы кездесетін ауру болып
табылады. Дененің барлық жерінде кездесуі
мүмкін.
*Квинке ісінуі – бұл ауыр аллергиялық реакцияның бір
түрі. Бұл жағдайда теріасты клетчаткасының ісінуі өте
тез дамиды. Көбіне көмей ісінеді, ерін, қабақ, жақ, ауыз
клетчаткалары жиі зақымданады. Аса қауіптісі –
көмейдің ісінуі, өйткені мұның тұншығып өлу себебіне
айналуы мүмкін. Квинке ісінуінің дамуына түрлі дәрі-
дәрмектер, өсімдік гүлдерінің иісі, араның шағуы,
цитрусты және басқа тағамдар, жалпы аллергия
шақыратын кез келген зат ықпал етеді.
*Квинке ісінуінің себептері:
Тұқым қуалаушылық, шырышты қабаттың зақымдалуы
Аллергиялық реакция тудыруға қолайлы жағдайлар болса, мысалы,
науқаста қандай да бір химиялық және биологиялық сыртқы
факторларға кенеттен жоғары дәрежедегі аллергиялық тітіркену
пайда болғанда дамиды.
Келесідей дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдау:
антибиотиктер, йод препараттарын, тырысуға қарсы дәрілік
заттарды, көз тамшыларын, анестетиктерді.
Жәндіктер жұмсақ тері асты май қабаты орналасқан жерлерді
шағып алса.
Құрамында бояғыштар мен әртүрлі консерванттар, әртүрлі
қоспалары бар тағамдарды шамадан тыс қабылдау
Гүлдейтін өсімдіктердің шаңдарынан жоғары аллергиялық
реакция болғанда
Аса жоғары өткір иістерге аллергиялық реакция туса, мысалы ,
балықтың иісіне.
* Квинке ісінуінің аллергиялық және псевдоаллергиялық
(тұқым қуалайтын) түрлерін ажыратады.
*Аллергиялық Квинке ісінуі көбінесе есекжеммен қатар
келеді. Квинке ісінуі бар науқастарда басқа да
аллергиялық аурулар түрі кездеседі: бронхиалды
демікпе, поллиноз және т.б. Аллергиялық квинке ісінуі
себептері мен даму механизмі аллергиялық
есекжемдегідей.
*Ал псевдоаллергиялық түрінде комплемент жүйесінің
белсенуінің , кинин тәрізді пептид түзілуінің
генетикалық тұрғыдан бұзылуымен жүретін ісіну
болады. Псевдоаллергиялық ісінудің себебі аздаған
физикалық, термиялық немесе химиялық әсерлер болуы
мүмкін.
*Клиникасы
Кенеттен басталады, бүкіл денеде есекжемнің
көрінісіне ұқсайтын өзгеріс байқалады: денеге әртүрлі
өлшемдегі қызыл күлдіреуіктер шығады, олар қышиды.
Естеріңізде болсын, осы кездегі қышудың пайда болуы
ағзаға қауіпті емес!! Сонымен қатар, Квинке ісінуінде
тері асты май қабатының ісінуі болады. Бұл белгі –
Квинке ісінуінің ең басты белгісі! Квинке ісінуі көзге
көрінетін жерлерге ғана емес, ішкі ағзаларға да шығады.
Мысалы, асқазан ішек жолдарына.
Квинке ісінуінің жиі кездесетін локализациясы :
борпылдақ тері асты клетчаткасы, бет, мұрынерін , қас,
ауыз қуысының шырышты қабаты, көмей, тіл, маңдай,
ерін, сүт безі, сыртқы жыныс мүшесі.
*Кесел дамуының алғашқы белгісі дауыстың
қарлығуы мен қырылдап шығуы. Одан соң
азапқа салатын күшті “үргендей” жөтел пайда
болады, кейін тыныс алу қиындайды, ентігу
үдейді. Науқастың беті көгереді, одан соң
бозарады.
*Ең қауіптісі болып көмекейдің ісінуі табылады. Бұл 20-25% жағдайда
кездеседі. Науқаста кенеттен мазасыздық, бетінің бозаруы немесе
көгеруі, тыныстың қиындауы дамиды, кейде қан қақыру болады. Ауыз
қуысын қараған кезде жұмсақ таңдайдың, тілшіктің және таңдай
бадамшаларының ісінуі көрінеді, ларингоскопия кезінде көмекей үсті
және көмекейдің шырышты қабатының ісінуі тіркеледі. Осы жағдай 3-5
минуттан 20-30 минутқа дейін созылады және біртіндеп кетеді, ұзағырақ
дауыс қарлығуы сақталады. Алайда ісінудің өсуі немесе кеңірдектің
шырышты қабатына таралуы болуы мүмкін, осы кезде науқас жағдайы
нашарлап асфиксиядан летальды нәтиже қаупі бар.
*Диагностикасы
* Квинке ісінуі диагнозы клиникалық көрінісіне,
аллергиялық анамнезіне, аурудың жылдам дамуына,
адреналин және антигистаминдік препараттардың жақсы
әсеріне, әртүрлі иммунологиялық реакциялар көмегімен
арнайы сенсибилизацияны анықтау арқылы негізделеді.
Барлық науқастарда ісіктің түсін, көлемін,
температурасын, тығыздығын бағалаймыз. Сонымен
қатар, лимфаденопатия, спленомегалия, артропатия
барма мән береміз, және науқастың көмей мен
жұтқыншағын қарап тексереміз. Лабораториялық
диагностикада С1 ингибитормен комплимент жүйенің
компаненттерінің белсенділігін анықтаймыз.
Қосымша тексерулер:
*Сарысу белоктарын зерттеу;
*Криоглобулин деңгейін анықтау;
*Тиреотропты гормон деңгейін анықтау;
*Тері биопсиясы;
*Лимфа түйіндерінің биопсиясы;
*Іш қуысының биопсиясы;
*Оториноларинголог дәрігерінің кеңесі;
*Уролог дәрігерінің кеңесі;
*Кеуде қуысының рентгендік зерттеуі.
Квинке ісіну кезіндегі жедел жәрдемге дейінгі көмек
Науқасты тыныштандыру, ыңғайлы жерге отырғызу Міндетті
түрде аллергенмен байланысты үзу, науқасқа таза ауа
келетындей жағдай жасау.
Көмейдің ауыр ісінулері кезінде тыныс жолдарының
өткізгіштігін қалпына келтіру әдістері қолданылады.
Трахеотомия немесе коникотомия.
Ісіген аймақтарға суық басу немесе мүз басу тиімдірек. Жәндік
шаққан болса, жәндіктің уын тез арада алып тастау. Тез арада
жәндік шаққан жерден сәл жоғары жгут салу , жгут жоқ болса,
көйлекті қолдану. Қаттырақ байлауға тырысу керек жгут жоқ
болса. Жгутты 30 минутқа дейін салуға болады. Әр 10 минут
сайын 1-2 минутқа жгутты босату керек. Бір немесе екі
таблеткадан антигистаминді препарат береміз . Ол
препараттар жедел жәрдем келгенге дейін ісіну реакциясын
баяулата тұрады.
Жедел көмек

Гормональді терапия: преднизолон 90-120 мг в/в біртіндеп құю
Десенсибилизациялық терапия: супрастин 2%-2,0 б/е. Супрастин ,
димедрол б\е беруге болады
Ісіну көмей және жұтқыншаққа жайылған кезде қосымша 0,3 мл
араласқан адреналинді тері астына
Зәр айдағыш дәрілік заттар: лазикс 40-80 мг к/т ағызып 10-20 мл
физиологиялық ерітіндімен.
Бронхоспазм болса , небулайзер арқылы қабынуға қарсы β2-
адреномиметиктерді қолданамыз — сальбутамол 2,5-5,0 небулайзер
арқылы;
Брадикардия болса, теріастылық атропин иньекциясы жасалынады (0,3-
0,5 мг). Қажеттілік болса 10 минуттан кейін қайталауға болады.
Артериялық қан қысымы төмендеп кетсе, кристаллоидтық
ерітінділерді енгізеді. Ол сонымен қатар қанайналымның тазаруын жүзеге
асырады: декстран, орташа молекулярлы массасы 35000-45000 Дальтон;
натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін 1-2 литр мөлшерде құю
*
* ЕМІ
Ол аурудың периоды мен этиологиялық себебіне
байланысты жеке және сатылы болуы мүмкін:
1.Аллерген элиминациясы, яғни аллергеннің аластануы.
2.Жеке диетотерапия тәсілі. Бұл тәсілдің негізінде
аурудың тағамдарының құрамындағы барлық аллергендік
қасиеті бар тағамдарды алып тастау. Бұл тәсіл үш сатыдан
тұрады:
* жекеше диетаның жасалуы;
* диетаның қатаң түрде сақталуы;
* диетаның кеңейтілуі;
3. Емдеу процесіне антигистаминдік препараттарды
енгізу жатады.
*Қорытынды
Қорыта келгенде, Квинке ісінуін басқа аллергиялық
реакциялармен салыстыруға болмайды. Бұл жағдай дер
кезіндегі диагнозды және жедел көмекті қажет етеді.
Профилактикасы қатаң түрде элиминациялық диетаны
сақтауға және спецификалық аллергенмен байланысқа
түсуінің алдын алуға, созылмалы инфекциялық ошақты
емдеуге, антигистаминді препараттарды периодты түрде
(әсіресе тозаңға аллергия кезінде өсімдіктердің гүлдеуі
кезеңінде) қолдануға негізделеді.
*Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дранник Г.Н. Клиническая аллергия. — 1999. — С.
562-563.

2. Паттерсон Р. Аллергические болезни: диагностика и
лечение. — М., 2000. — С. 252-267.

3.Қ.М Тұрланов “Жедел медициналық жәрдем” 2004ж;

Ұқсас жұмыстар
Физикалық есекжем
Есекжем(экзема)
Аллергиялық аурулар кезінде науқастарға күтім жасау ережелері
Есекжем және ангиоэдема
Дәрілік аллергия
Қыз балалардағы жедел аппендицит және дифференциальды диагностикасы
Жасушалар қатысуымен өтетін аллергиялық әсерленістер
Асқыну емі
Гликопептидті антибиотиктер
Хирургиялық паразитарлы аурулар
Пәндер