Дәрігердің біліктілігін төмендететін коммуникативті, психологиялық ерекшеліктері


Slide 1

Семей Медицина Университеті

Психиатрия және неврология кафедрасы

Орындаған: Максутова А

Тексерген: Алтыбаева Г. К

Дәрігердің біліктілігін төмендететін коммуникативті, психологиялық ерекшеліктері

Семей, 2018

Slide 2

Жоспар

Үрейлік

Депрессивтілік

Интроверт дәрігер

Slide 3

Кіріспе

Коммуникативті үрдістің қатысушыларының тиімді қатынасуына әртүрлі факторлар кедергі келтіреді. Бұл факторлар қатынасу басталмас бұрын немесе кенеттен дамуы мүмкін. Бұның бәрін біз қатынасу бөгеттері деп атаймыз. Қатынасу кезінде бөгеттерді анықтап, салыстыра біліп және оларды коммуникативті дағдылардың көмегімен жеңуге тырысуымыз қажет. Медицина кәсібінде мед. қызметкерлері позитивті қатынасуды орната білуі міндетті. «Дәрігер-науқас» және «мейірбике-науқас» қатынасу жүйесі жатады

Slide 4

Дәрігердің кәсіптік қызметі терапиялық әсер тактикаларын, асқынуларды болжауды және емнің нәтижелерін көре білу стратегияларын жасаумен байланысты. Осыған байланысты дәрігерде үрейлік сипатта болуы керек.

Slide 5

Үрейлік

Үрейлік - бұл эмоция, ол болжау арқылы және болатын сәтсіздіктерді тосумен болашаққа бағытталған. Үрейлік эмоциясы түсініксіз жағдайларда, ақпараттың жетіспеушілігіне сәйкес және қиын болжам нәтижелерінде дамиды.

Slide 6

Үрейліктің жеңіл дәрежесі (мазасыздану) - болатын қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакциясы. Үрей эмоциясының әсерінен адаптивті, компенсаторлы және қорғаныш механизмдері болатын қатерге тиімді төтеп беруге мүмкіндік береді.

Slide 7

Дәрігер тұлғасының сапасы ретінде үрейлік науқас жағдайындағы өзгерістерге шұғыл әсер етіп, уақытылы қажетті шараларды қолдануға әсерін тигізеді. Науқас мұндай әрекетті дәрігер жағынан түсінушілік және эмоциональді көмек ретінде қабылдайды, бұл «дәрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігін жоғарлатады. Бірақ, үрей эмоциясының интенсивті дәрежесі (байбалам, қорқыныш, сұмдық) психикалық үрдістің өнімді жұмысын тоқтатып, бұзады. Интенсивті үрейлік жағдайды адекватты бағалауға, яғни мүмкін нұсқауларды анықтауға және дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды.

Slide 8

Дәрігердің қорқынышы мен байбаламы, науқаспен коммуникациясын үзеді де, олардың арасындағы психологиялық контакт бұзылады. Дәрігер үрейлігі науқасқа беріліп, оны қосымша үрейлендіреді. Үрей әсерінен организмнің әр-түрлі функциялары бұзылады, мысалы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе керсінше жоғарлауы (кейбір науқастарда үрей әсерінен булимия дамиды) .

Slide 9

Жоғарғы үрейлену түрлі аурулармен зардап шегетін көптеген науқастарда байқалады, осы жағдайдың дәрігер қорқынышы әсерінен күшейюін болдырмау керек. Мұндай оқиғада науқас өзінің жағдайынан үмітін үзіп, сауығу сенімінен айырылады. Жоғарғы үрейлі тұлғалы дәрігерлер, науқастарды аз толғандыратын кез келген өзгерістерге жоғарғы үреймен қарайды.

Slide 10

Депрессивтілік

Дәрігердің науқаспен коммуникациясын бұзатын тағы да бір сипаты болып, депрессивтілік табылады. Егерде үрей эмоциясы болашаққа бағытталған болса, онда депрессия бұрынғы өткен шиеленістермен және психотравмалық оқиғалармен байланысты. Бұрынғы сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалар тізбек ретінде көрініп, шарасыздық пен үмітсіздікті құрайды. Болашағы тұманданып, қайғыға ұшырайды.

Slide 11

Депрессияға бейім дәрігерлер өз компетенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды. Жеке уайымына батқан дәрігер науқастың жағдайының жақсарғанын байқамауы, оның жазылу симптомдарын көрсетіп, қолдамауы, керсінше оны өзінің қайғылы сенімсіздігімен уландырады да, жүргізілген терапияның позитивтілігін бұзады.

Slide 12

Интроверсия

«Дәрігер-науқас» сенімді қатынасының құралуын қиындататын тағы да бір психологиялық қасиеті болып, дәрігердің терең интровертирлігі табылады. Интроверсия- психологияға Юнгтың енгізуімен енген термин: ол субьектінің өзіне ғана, яғни сезімдеріне, уайымдарына бағытталуы болып анықталады. Интроверт- өзінің құндылықтарына, идеалына, моральді және этикалық нормаларына және ой-пікіріне бағытталады.

Slide 13

Интровертирленген тұлғалы дәрігер науқаспен қатынасуда салмақты мәселе болуы мүмкін. Мінездің мұндай сипаты карьералық өсу жолына оң әсер етуі мүмкін. Шын мәнінде интроверттер жоғарғы білімді, эрудирленген, жетілдірілген маман иелері болғанымен, қатынасуда олар үлкен қиындықтарға тап болады.

Slide 14

Интроверт-дәрігерлер

Интроверт-дәрігерлер «түмемен жабылғандай» жабық болады. Олар өз күмәндәрін, уайымдарын әріптестерімен немесе достарымен және де науқаспен талқылауды әдепсіздікке жатқызады. Олар өзінің ішкі дүниесіне ешкімді қабылдамайды және басқа адамның әлемі оған қызықсыз көрінеді. Мұндай дәрігерде эмпатия және симпатия өте сирек кездеседі. Әріптестеріне және науқастарға сенбеушілік маманның өзіндік жекеленуіне әкеледі. Ол баяу өзінің коммуникативті компетенттілігін жоғалтады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
ДӘРІГЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛГЕРЛІГІ (КОМПЕТЕНТТІЛІГІ) ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР
Комуникативтік дағдылар
ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА КОММУНИКАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
Қарым - қатынас дағдыларының маңыздылығы
Науқаспен қарым - қатынас жасау ережелерін сақтау
Қарым қатынасты модельдеу
Дәрігер тұлғасы. Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет
Ақпараттандыру дағдысы
ДӘРІГЕР МЕН КЛИНИКАНЫҢ ИМИДЖІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz