Ғылыми зерттеудің мәні


Slide 1 Slide 2

Жоспар:

1. Ғылым туралы жалпы түсінік

2. Ғылыми білімнің құрылымы және жіктемесі

3. Ғылыми білімнің ұйымдастырылу формалары

4. Ғылыми таным принциптері

5. Педагогиканың ғылым ретіндегі ерекшеліктері

Slide 3

1. Ғылым туралы жалпы түсінік

Ғылым (араб. : علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы - ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Ғылым

Жараталыстану Гуманитарлық Фундаменталды

ғылымдары ғылымдар ғылымдар

Slide 4

Тарихы:

Мерзімі

Мекені, зерттеушілері

Жаңалығы

Философияға дейін

Ежелгі Шығыс (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай)

Мифология

Философия қалыптасуы

Б. з. б. 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т. б. )

ғылым мен философияны танымдық бағытта біріктірді

Орта ғасырдағы ғылым

Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд, мБируни, Махмұт Қашқари, Йүгінеки т. б. )

философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т. б.

Қайта өрлеу ғылымы

Леонардо да Винчи, Леонардо да Винчи, Николай Коперник

16 - 17 ғ. Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Уильям Гарвей, Рене Декарт, Христиан Гюйгенс, Исаак Ньютон және т. б. )

Механика, физика, химимя, эволюция ілімі, ДНК, ғарыш

Slide 5

Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде және бірқатар жоғары оқу орындарында шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 ж. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. Ғылым академиясы құрылғаннан бергі уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді.

Ғылым объектісі - өзіндік қасиеттері бар, белгілі бір ғылым саласы зерттейтін объективті және субъективті шындықтың бөлігі.

Slide 6

2. Ғылыми білімнің құрылымы және жіктемесі

Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы барынша ақиқат білім алуына бағытталған дүниетану қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ал білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетте қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады.

Ғылымның екінші бір функциясы - мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы мәселе жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады.

Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырған теориялық таным процесі болып табылады. Сол теориялық танымның нәтижесі - білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.

Slide 7 Slide 8

Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:

а) дәл анықталған фактілер;

ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар:

б) шындық дүниенің бір қатар құбылыстарын түсіндіруші зандылықтар системасын біріктіретін теориялар;

в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми бейне көрінісі (картинасы) ; мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі.

Slide 9

Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің стандартты құрылыс моделі, шамамен, мынадай тізбек түрінде іске асады:

тәжірибелік, (эмпириялық) фактіні анықтау - алғашқы эмпириялық қорытынды - бұл қорытындыға сәйкес келмейтін фактілерді іздеу, табу - жаңаша түсіңдіру схемасы бар теориялық гипотеза (жорамал) ұсыну - байқалған барлық фактілердің негізінде құрылған гипотезадан логикалык, қорынды шығару (дедукция) .

Slide 10

3. Ғылыми білімнің ұйымдастырылу формалары

Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.

Қағида немесе принцип (лат. principim - принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Түсінік - заттың, кұбылыстың ең елеулі касиеттерін, байланыстарын, қатынастарын көрсететін ойлаудың формасы. Түсініктің негізгі қызметі - берілген топтың жеке заттарының барлық ерекшеліктерінен назарын аударту арқылы жүзеге асатын жалпылылықты бөлу. Түсінік сөзбен тығыз байланысты, сөздер мен белгілер түсінікті ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар олардың пайда болу құралы болып табылады. Түсініктер жалпы және жекелік, нақты және абстрактілі болады. Оқытудың міндеттерінің бірі оқытылатын оқу пәндері шектерінде түсінікті қалыптастыру. Оқушыларды сөздік түсінігінің қалыптасуы оқу материалын жеткілікті жоғары дәрежеде меңгерілуін көрсетеді.

Категория - 1. заттардың, әлемнің обьективті құбылыстарынын ең мәнді қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы ұғым; 2. заттар, құбылыстар жалпылығы, қайсыбір белгілерімен біріккен жеке тұлғалардың дәрежесі, сорты, сыныбы, тобы.

Slide 11

Заң құбылыстар, процесстер арасындағы маңызды, тұрақты қайталанатын байланыстар

Теория (гр. theorіa - пайымдау, анықтау) - белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.

Идея (гр. іdea - түсінік, елес, бейне) - 1) ой, түпкі ой; 2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы; 3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік; 4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.

Парадигма (гр. үлгі деген сөз) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Мәселе - мәселелік жағдаятқа талдау жасаудан бастау алып танымдық мәселені субъектің түсінуі, танымдық түрткінің тууы, мәселелік жағдаяттың танымдық міндетке айналуы. [1]

Гипотеза (гр. ὑπόθεσις - негізгі, жорамал) - белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.

Slide 12

4. Ғылыми таным принциптері

Ғылыми таным - танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады.

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.

Slide 13

Әмбебап принциптер - танымдық қызметтің барлық салаларында, техникалық және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде пайдаланылатын ойлау амалдары. Бұл мынадай принциптер:


Ұқсас жұмыстар
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері
Педагогикалық теория
Ғылыми мақалалардың түрлері
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
Әлеуметтік зерттеулер
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі туралы
Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу
Зерттеуге дайындау
Эмпирикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеудің кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz