Ауыз қуысы ауруларында тағайындалатын диеталык азықтар



Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Тақырыбы: Ауыз қуысы ауруларында тағайындалатын диеталык азықтар орындаған: қабылдаған:

Ауыз қуысының кілегейлі қабығының қабынуы. Көбінесе катаралды түрінде болып келеді. Сирек везикуларлы, жаралы, афтозды, дифтеритикалық және флегмондық стоматит кездеседі. Аурудың жайылған түрі- ұрттың, тілдің, таңдайдын, еріннің қабаттаса жарақаттанулары және жеке-жеке қабынулар болады. Тілдің қабынуы- лингивинит, таңдайдың- палантинит, тіс еттінің - гингивит. Аурудың барысы бойынша - жіті және созылмалы, себептеріне қарай бірінші реттік - басалқы және екінші реттік - қосалқы түрлерін ажыратуға болады.

Стоматит
Стоматит - механикалық, термиялық, химиялық және биологиялық факторлардың және де инфекциялық және инвазиялық аурулардың әсерінен ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы.
Клиникалық белгілер: күйіс қайырудың бұзылуы, азықтанудан бас тарту, кілігей қабатының гиперемирленуі (қызару), оларда эрозиялар, қызыл иектер, тіл қабырғаларында йық жаралар болу мүмкін. Ауыз қуысынан өзіндік ірінді иіс, сілекей ағуы болады. Жануар тамсанып жейді, алдыңғы аяқтарына басын қырады.

Себептері.
Басалқы түріндегі стоматиттің пайда болуы механикалық, физикалық, биологиялық және химиялық фактарлардын әсері. Тікенекті азықтар, құрғақ сабан шөп, селеу шөп, қатты ұшкір заттар, тіс аурулары, улы өсімдіктер, миенералдды улар, дәріні бұрыс бермеулерде және т. б.

Қосалқы стоматит инфекциялық және паразиттік аурулар кезінде көруге болады. Қосалқы стоматит кей кезде фарингите, гастритте, гепатитте алдынғы қарыншалардың созылмалы ауруларында кездеседі. Созылмалы стоматит жиі әлсіз және арық жануарларда олардың организмінің резистентілігінің төмендеуінде болады. Стоматиттің барлық формасында шайнау бұзылады. Ауру малдың азықты қабылдағанда жеңіл азықты таңдауға ұмтылады. Ақырын шайнайды, тоқтап аурудың ауыр түрінде аузына азық түсіп жатады.

Стоматиттің алғашқы кезінде клегейлі қабығы құрғақ, қызарған және ісінген. Ауру малдың таңдайы ісінген, ол ісінгендіктен салбырап тұрады. Ауыздан көпіршіктенген сілекей ағады. Клегейлі қабықтың бездері жарақаттанады. Клегейлі қабықта жараның, күлдіреуіктің, везикуланың пайда болулары аурудың қосалқы түріне тән белгілері. Аурудың барысы. Жіті басалқы катаралды стоматит түрі жеңіл өтеді 6-10 күнде жазылыпкетуі мүмкін. Жіті қосалқы афтозды, везикулді және жаралы стоматит түрінде ауыршандықпен жазылып кетуі 15-20 күнге созылуы мүмкін. Ең ауыр түрлерінде клегей қабықтары некроздық өзгерістерге ұшырап, қабыну терең қабаттаса түседі. Созылмалы стоматит көп уақытқа созылады, ауыздың клегейлі қабығындағы өзгерістер көп жағдайда қарау қорқынышты болады.

Емі. Стоматиттердің барлық формаларында клегейлі қабықтың механикалық, физикалық және де басқа да тітіркендіретін себептерін жою керек. Ауру малға берілетін азық құрамына көңіл аудару керек. Жануарларды таза сумен қамтамасыз етеді. Аурудың жеңіл түрінде диеталық тағам тағайындап, ауыз қуысын 2 %-ті натри хлорлы ерітіндісімен, 3 %-ті натри гидро карбанатымен шайады және залалсыздандыратын ерітіндімен шайады. Стоматиттің катаралды ауыр түрінде клегейлі қабықты 3-4 рет азықтандырғаннан кейін 1:1 калий перманганат ерітіндісімен, риваноло 1:1000, фурацилин 1:5000, 3% бор қышқыл ерітіндісімен және тағы басқаларды қолданады. Дифтерикалық және жаралы стоматитте антимикробты заттар ерітіндісімен және иод глицеринмен шайады. Бактериалды емес стоматитте пеницеллинді ұсынады.

Сақтандыру.
Азықты дайындаған уақытта оның ұсақ екеніне мән беру керек жәнеде дұрыс дайындалғаның қадағалау. Жануарлардың терісін өңдеген кезде және әртүрлі емдік сақтандыру заттарын дайындалған ex tempore, өсімдік майын қолданбау керек, өйткені жануар оны сүйсіне жалауы мүмкін.

Аусыл
Аусыл - қызба, ауыз қуысы кілегей қабығында, желінінде, тұяқашасында суға толы күлдіреуіктердің пайда болып, аса жұғымталдығымен сипатталатын виурстық ауру. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады.
Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас үшін тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен жараға сортаң балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп ысады.

Аусылдан сақтану үшін ауырған сиыр сілекейін ыдысқа жинап алып, сумен сұйылтып, жас торпақтардың аузына жағу арқылы індет зілін жеңілдетуге жағдай жасайды. Диагнозды клиникалық белгілер негізінде қояды.
Аурудын дерттенуі және сыртқы белгілері. Ағзаға енген вирус 18-20 сағаттан соң көбейіп, ауыз қуысы, жұтқыншақ, тұяқ ашасы, желін, т. б. кілегей қабықтары мен терісі нәзік жерлерінде 48-52 сағат пайда болуына әкеліп соғады . Малдындене температурасы күрт жоғарылап, оның жасына және икемділігі мен төзімділігне қарай қатерлі немесе катерсіз етуі мүмкін.

Аусыл-ауыз қуысының кілегей қабатының, терінің, желіннің және аяқтарының афтозды зақымдалуымен және қызбамен сипатталатын жұптұяқты жануарлардың жіті инфекциялық, контагиозды және аса қауыпты вирусты ауруы.
Үй жануарларының жіті өтетін вирустық ауруы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz