Өндірістік менеджменттің қызметтері әдістері принциптері Мамандандыру және кооперативтендіру, өндірістің шоғырлануы мен кешендендірілуі




Презентация қосу
М. Сапарбаев
Инситуты

Тақырыбы: Өндірістік менеджменттің қызметтері әдістері принциптері
Мамандандыру және кооперативтендіру, өндірістің шоғырлануы мен
кешендендірілуі

Орындаған: Абилаш Б.
Тобы: ФК – 16 -1
Қабылдаған: Демеубаева А.
Өндірістік менеджменттің
қызметтері

Өндірістік менеджменттің болмысы оның қызметтерінде,
яғни өзі шешуге тиісті тапсырмалар арқылы бейнеленеді.
Мұндай қызметтер санын бесеу деп есептеуге болады:
оларды ХХ ғасырдың басында “ғылыми басқарудың әкесі”
болып саналатын Анри Файол құрастырған.
1. Жоспарлау.
2. Ұйымдастыру.
3. Координаттау.
4. Ынталандыру.
5. Бақылау.
1. Жоспарлау. Менеджменттің “нөмір бірінші” қызметі жоспарлау болып қабылданған.
Оны жүзеге асыра отырып, кәсіпкер немесе басқарушы фирманың қазіргі жағдайдағы
қалпына терең әрі жан-жақты талдау жүргізеді, алдына қойылған мақсаттар мен
тапсырмаларды айқындайды, іс-әрекеттің стратегиясын, қажетті жоспарлар мен
бағдарламаларды құрастырады. Бейнелі түрде айтсақ, бұл анықтама “біздің қазіргі сәтте
қайда екенімізді, қайда жылжығымыз келетінімізді және оны қалай орныдайтыным” жайлы
айтылып отыр.
2. Ұйымдастыру. Құрастырылған жоспарлар мен бағдарламалардың жүзеге асуы басқа
қызметтерге, бірақ біріншіден ұйымдастыру қызметіне кіреді. Оның “міндеттеріне”
кәсіпорын немесе фирма құру, оның құрылымы мен басқару жүйесін қалыптастыру,
олардың іс-әрекетін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, өзіндік өндірістік процесті
ұйымдастыру.
3. Координаттау. Кәсіпорын өзінің жұмысшылары арқасында өмір сүріп, жұмыс істейді,
сондықтан олардың ортақ іс-ірекетін басқару қажет. Сол үшін жұмысшылардың еңбек
әрекетін координациялау қызметі маңызды мағынаға ие болады.
4. Ынталандыру. Кәсіпорынның жұмысы сәтті болу үшін қызметкерлердің жоғары
белсенділігі мен жұмысының сапалылыға қажет. Сондықтан оларды осы
жауапкершіліктерге қызықтыру және сәйкес себептермен қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл
үшін олар нені қалайтынын анықтау керек (көп жағдайда олар мұны білмейді) және
кәсіпорынның әрі қызметкерлердің қажеттіліктерін таңдап, яғни ынталандырулармен
қамтамасыз етіп отыру қажет. Ынталандырудың басқа түрі жазалау болып келеді, мұны
кейде технологиялық немесе өндірістік дисциплиналарда қателіктер жіберген
қызметкерлерге қолдануға тура келеді.
5. Бақылау. Менеджменттің бесінші классикалық қызметінің мәні – бақылау. Ол төніп
келе жатқан қауіптерді алдын ала анықтауға, қателіктерді табуға, фирманың іс-әрекетін
түзету процесінің негізін тудырып стандарттардан ауытқуларды айқындауға арналған.
Бақылаудың ең басты міндеті – істелінген қателіктердің кінәлілерді іздеу емес, туған
қиындықтардың себебін анықтап олардан шығуға болатын жолдарын, яғни мүмкін
Өндірістік менеджменттің әдістері

1. Ұйымдастырушылық әдістер.
2. Әкімшілік әдістер.
3. Экономикалық әдістер.
4. Әлеуметтік-психологиялық әдістер.
1. Ұйымдастырушылық әдістер. Олардың мәні – қандай да бір іс-әрекет жүзеге аспастан бұрын оның дұрыс
ұйымдастырылуы, яғни жобалану, мақсатталу, уақытпен шектелу, қалыптандырылу, қызметкерлерді әр түрлі
жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін қалыптастыратын қажетті нұсқаулармен қамтамасыз етілу. Басқаша
сөздермен айтсақ, алдымен кәсіпорынды құру, адамдарды дұрыс орналастыру, оларға тапсырма беру, қалай
әрекет ету керек екндіктерін көрсету керек, содан соң ғана олардың іс-әрекеттерін басқару қажет. Осылайша
басқарудың ұйымдастырушылық әдістері іс-әрекеттен басым түседі, оған қажетті жағдайларды тудырады,
сәйкесінше, белсенді әдістерді құрайтын қалған үш топтың негізі болып келетін пассивті әдістер ретінде
жүреді.
2. Әкімшілік әдістер. Басқаша олар билеуші ынталандырудың әдістері болып аталады, нәтижесінде ең
алдымен, адамдарды қандай да бір іс-әрекетке ашық түрде мәжбүрлеуге немесе осындай мәжбүрліктерге
мүмкіндіктерді тідыруға алып келеді. Қазіргі кезде олар әскерде және осыған ұқсас орталарда кең қолданысқа
ие. Мұндай әдістерді қолданудың шарттары – орындамауға болмайтын тапсырмаларды шешудің біркелкі
амалдарын іздестіру. Сондықтан тәжірибе жүзінде әкімшілік әдістер орындаушының минималды дербестілікке
жол беретін нақты шешімі жоқ тапсырмалар түрінде жүзеге асады, осының нәтижісінде барлық жауапкершілік
жарлықтарды беретін басшыға жүктеледі.
3. Экономикалық әдістер. Іс-әрекеттің күрделе түсуінің нәтижесінде пайда болатын қиыншылықтардың
жылдам шешілуін талап ететін адамдар үшін әкімшілік әдістер басқарманың шынайы қажеттіліктеріне жауап
бермейтін болды. Орындаушылар материалды қызығушылықтарының негізінде өз ынталарын білдіретін және
қабылдаған шешімдеріне жауап беретін басқа да әдістер қажет етті. Экономикалық атқа ие болған мұндай
әдістер ғылыми менеджменттің негізін қалаушы американдық инженер Фредерик Тейлордың күш-жігерінің
нәтижесінде ХХ ғасырдың басында пайда болды. Басқарудың экономикалық әдістері оның объектісіне жанама
түрде әсерін тигізеді. Орындаушыға тек қана мақсаттар мен мінез-құлықтың ортақ жолдары жүктеледі, оларды
орындау жолдарын ол өзінің қалауы бойынша дербес түрде іздестіреді. Көрсетілетін ынта жұмысшы үшін ғана
емес, фирма үшін де тиімді, тапсырмалардың заманауи және сапалы түрде орындалуы (тіпті асыра орындалуы)
түрлі жолдармен, ең бірінші ақшалай түрде бағаланады. Нәтижесінде бұл әдістердің негізінде жұмысшының өз
еңбегінің нәтижесімен экономикалық тұрғыдан қанағаттану жатады.
4. Әлеуметтік-психологиялық әдістер. Алайда экономикалық әдістер сонымен бірге өздерінің шектеулілігін,
әсіресе ақша маңызды, бірақ ең басты емес ынтасы болып табылатын интеллектуалды мамандарын басқару
кезінде тез арада көрсетті. Осы тұста ХХ ғасырдың 20-жылдары пайда болған әлеуметтік-психологиялық
әдістер көмекке келді. Олардың екі негізгі бағыттары болады:
біріншіден, ұжымшардың жағымды рухани-психологиядық ортасын қалыптастыру, бұл адамдардың көңіл-
күйін көтеруге негізделген үлкен көлемдегі жұмыстың атқарылуына себепкер болады.
екіншіден, әрқайсысының жеке қасиеттерін дамыту, бұл тұлғаның өндірістік прцесте максималды түрде өзін-өзі
қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Өндірістік менеджменттің
принциптері

Келтірілген әдістер білгілі бір принциптер мен ережелерге сәйкес жүзеге
асады. Мұндай принциптер өте көп болуы мүмкін, сондықтан ең
маңыздыларын қарастырған жөн:
1. Өнердің элементтерімен тіркескен ғылымилық. 2. Басқарудың
мақсаттылығы. 3. Әмбебаптылықпен үйлескен функционалды
мамандандырылу. 4. Басқару процесінің бірізділігі. 5. Басқарылатын
бөлімшенің орталықтандырылған реттелуінің өзін-өзі реттелуімен ұтымды
тіркесі.
6. Жұмысшылардың және қоғамдық психологияның жеке ерекшеліктерін
есепке алу
7. Құқықтардың, міндеттер мен жауапкершіліктердің сәйкестілігін
қамтамасыз ету
8. Басқарманың алдына қойылған мақсаттарына жету үшін барлық
қатысушыларды ортақ қызығушылықтармен қамтамасыз ету.
9. Басқарма қатысушыларын бәсекелестікпен бүкіләлемік түрде қамтамасыз
ету.
1. Өнердің элементтерімен тіркескен ғылымилық. Менеджер өзінің іс-әрекетінде көптеген
ғылымдардың берілген ақпараттары мен шешімдерін қолданады, бірақ сонымен бірге әрдайым
импровизациялауы, білімнен басқа тұлғааралық қарым-қатынастардың игеруін қажетсінетін
адамдар мен жағдайларға қатысты жеке жолдарды іздеуі керек, шешімі жоқ жағдайларда жол таба
алу қабілеті болуы қажет.
2. Басқарудың мақсаттылығы. Басқару процесі мақсаттылық принципіне бағыну керек, яғни
әрдайым нақты жағдайларды шешуге бағытталған болып, “жай әншейін” емес, белгілі бір нәрсе
үшін іске асырылуы керек.
3. Әмбебаптылықпен үйлескен функционалды мамандандырылу. Мұның мәні әр объектке
оның ерекшелігін ескере отырып өзіндік жолдың болуында жатыр: футбол тобын сахнадағы
әртістер сияқты, ал ғалымдар тобын әскери бөлім секілді басқаруға болмайды. Бірақ барлық осы
жағдайларда осы сияқты адамдарды басқару орын алатындықтан, олардың кім екеніне қарамастан,
яғни сарбаз немесе академик, құрылысшы болмаса шенеунік екендігіне тәуелсіз ортақ қатынастың
болуы керек.
4. Басқару процесінің бірізділігі. Кез келген басқару процесі бірізділік принципіне сай
құрылады; яғни оның элементтері мен кезеңдері білгілі бір тәртіп бойынша бірінен соң бірі жүруі
керек. Мысалы, алдымен бұйрық беріп, содан соң ғана оның заңдылығын ойлауға болмайды.
Жағдайлар тізбегінде басқарушылық әрекеттердің бірізділігі білгілі бір уақыт аралығында
қайталанып отырса, циклдік бейнеге ие болады. Жоспарлау, есепті құрастыру, бақылау циклділікке
бағынады.
5. Басқарылатын бөлімшенің орталықтандырылған реттелуінің өзін-өзі реттелуімен ұтымды
тіркесі. Қоғамның өмірі үздіксіз болып табылады. Сәйкесінше оны қамтамасыз ететін құбылыстар
да үздіксіз: өндіріс, айырбас, ғылыми зерттеулер және т.б., сондықтан жаңа қиындықтардың
туатынын және бұрын болмаған мақсаттардың қойылатынын үнемі ескеріп отыратын
басқарушылық процесс те үздіксіз болып келеді. Қамқорлықтан шығып кетуге тырысатын басқару
объектісінің құлқын да үздіксіз бақылап отыруға тура келеді.
Соңғы жағдайды ескере отырып менеджменттің маңызды принципі ретінде басқарылатын
бөлімшенің орталықтандырылған реттелуінің өзін-өзі реттелуімен ұтымды тіркесі деп есептеу
қажет.
6. Жұмысшылардың және қоғамдық психологияның жеке ерекшеліктерін
есепке алу. Бұл басқа да принциптермен тығыз байланысты, себебі жеке
тұлғалық ерекшеліктер дербес шешімдерді қабылдау негізінде жатыр.
7. Құқықтардың, міндеттер мен жауапкершіліктердің сәйкестілігін
қамтамасыз ету басқарудың маңызды принциптерінің бірі болып келеді.
Құқықтардың жауапкершіліктермен салыстырғанда басым болуы
басқарушылық еркіндікке алып келеді; ал олардың жетіспеушілігі іс-әрекет
ынтасын жаралайды, себебі көп мөлшердегі белсенділік үлкен ыңғайсыз
жағдайларды тудыруы мүмкін.
8. Басқарманың алдына қойылған мақсаттарына жету үшін барлық
қатысушыларды ортақ қызығушылықтармен қамтамасыз ету. Бұл еркше
көзге түскен жұмысшыларды заттай және рухани жолмен ынталандыру
арқылы, сонымен бірге атқарушыларды жұмысты шешудің ең ерте кезеңіндегі
процеске максималды түрде қызықтыру негізінде іске асады. Бұл да
менеджменттің негізін қалаушы принциптерінің бірі, яғни ол жұмысшының өз
еңбегі мен ойлары қолданылған шешімдер дайын шешімдерге қарағанда
тезірек әрі жақсырақ орындалатын принципке негізделген.
9. Басқарма қатысушыларын бәсекелестікпен бүкіләлемік түрде
қамтамасыз ету. Мұнда басқарушымен ынталандырылуы тиіс болып келетін
тапсырылған жұмысты басқалармен салыстырғанда жақсырақ орындауға
ұмтылу ғана емес, басқару аймағындағы міндеттемелерді алмастыру кезіндегі
бәсеке марапатталынып отырылуы да қажет екені көзделеді.
Мамандандыру және кооперативтендіру,
өндірістің шоғырлануы мен кешендендірілуі

Мамандандыру – іс-әрекеттің тар секторға, арнайы бағытқа, жеке
технологиялық процестер мен операцияларға немесе шығарылатын
өнімге шоғырлануы. Өндірісті мамандандыру өнеркәсіп шеңберінде үш
негізгі формада жүзеге асады: заттық, бөлшектік және технологиялық.

Заттық мамандандыру
Бөлшектік мамандандыру
Технологиялық мамандандыру
Процесті мамандандыру
Заттық мамандандыру – ақырғы қолданысқа ие арнайы өнім
түрлерін шығаратын өндірістің топталуы (автомобильді,
тракторлық, теледидарлық зауыттар және т.б.).
Бөлшектік мамандандыру – арнайы бөлшектерді, жартылай
фабрикаттарды, пішілген былғарыларды, түйіндер мен
агрегаттарды (подшипниктік, метиздік, серіппелі зауыттар жіне
т.б.) шығаратын өндірістің топталуы.
Технологиялық мамандандыру – бірыңғай технологиялық
процестерді қолдануды қажетсінетін бұйымдарды (құю,
ұстаханалық, химиялық, мұнай айдайтын және т.б. зауыттар)
шығаратын өндірістің топталуы.
Процесті мамандандыру (жұмыс орындарын) – жұмыс
атауларын, әр жұмыс орнындағы әрекеттер санын қысқарту.
Коопериративтендіру – кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да құрылымдар
арасындағы айтарлықтай тұрақты әрі ұзақ байланыстарды орнату және
қолдану, олардың әрқайсысы біртұтас заттың жеке бөлшектерін өндіру
және арнайы жұмыс (қызмет) түрін орындауға мамандандырылған.
Коопериративтендіру салалық, аймақтық немесе халықаралық болуы
мүмкін. Коопериративтендіруді таңдау критериялары – жеткізілетін
өнімнің сапасы мен құны, бейне, жеткізушінің сенімділігі мен миссиясы,
жеткізуші көрсететін қызметтің сапасы, жеткізушінің өнім
эксплуатациясына жұмсаған шығыны.
Өндірісті кооперативтендіру деңгейін мыналар сипаттайды: топталатын
және сатып алынатын бұйымдардың, осы кәсіпорынмен бірігіп жұмыс
істейтін жеткізуші зауыттардын келетін жартылай фабрикаттардың
бағасын тауар өнімінің өз бағасына бөлу арқылы анықталатын
кооперативтендіру коэффициенті; осы кәсіпорынмен бірігіп жұмыс
істейтін кәсіпорындар саны; басқа кәсіпорындар үшін кооперативтендіруге
сай орындалатын тапсырыстар саны; жеткізу тәртібін бұзған (мерзім,
сапа) кооперативтендіріліп жеткізілген тауар құнының салыстырмалы
самағының кооперативтендіріліп жеткізілген тауардың жалпы құнынына
қатынасы.
Егер кооперативтендіру технологиялық және экономикалық
мақсаттылықпен расталса, онда ол ақталынған болып есетеледі.
Өндірістің шоғырлануы – бір немесе бірдей бірнеше өнімдерді (автокөлік,
трактор, жер қазғыш және ауыл шаруашылық машиналары, құрылыс
материалдары және т.б.) шығаратын немесе біріккен ірі ұйымдарға қызмет
көрсететін өндірістердің топталуы. Өндірістің шоғырлануы үш негізгі
формада жүзеге асады: мамандандырылған өндірістің шоғырлануы
(«Центролит» кәсіпорны әр түрлі қолданысқа ие құймаларды, прокаттық
өндірістерді дайындау бойынша, құрылыстық материалдарды өндіру және
т.б. бойынша бірігу); аралас өндірістердің шоғырлануы (жиһаз және ағаш
өңдейтін кәсіпорындар, ет комбинаттары, химиялық зауыттар, мұнайды
қайта өңдеу және т.б. бойынша бірігу); әмбебеап кәсіпорындарының қуатын
арттыру. Өндірістің шоғырлануы жоғары тиімді технологияларды,
саймандар мен жабдықтарды, мамандандырылған және арнайы
технологиялық машиналарды, өндіріс ұйымының заманауи әдістерін,
шикізат пен материалды біріктіріп қолдануға, басқару қызметкерлерінің
санын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ шығарылатын өнімді жаңарту
мен жетілдіруді іске асырады.
Өндірістің шоғырлануы екі фактордың әсерінен дамиды: 1) өнімнің белгілі
бір түріне сұраныстың артуы; 2) өнімнің сапасын көтеруге және оның
бағасының төмендеуіне мүмкіндік беретін осы саладағы ғылыми-
техникалық прогресс.
Өндірістің кешендендірілуі – бір ірі кәсіпорында әр түрлі
технологиялық процестердің (мысалы, металлургиялық комбинатта
құю, химиялық және прокаттық технологиялар қолдданылады)
принцип бойынша бірігуге негізделген өндірістік ұйымның бір
формасы. Мұндай өндірістерді құрудың негізі – әр түрлі
өнімдердің бір технологиялық тізбекке біріктірудің техникалық
мүмкіндігі; өнімдердің өндіріс қуатына сәйкес пропорционалдығы;
біріктіруші өнімдердің территориялық біртұтастылығы; өнімдерді
біріктірудің ұйымдастырушылық-экономикалық мақсаттылығы;
сапалы қатынастың, заманауи көмекші және қызмет көрсетуші
өндірістердің болуы.
Өндірістің кешендендірілуі мынадаларға жол береді: 1) шикізат пен
материалды максималды түрде қолдану; 2) өндірістің қалдықтарын
кешенді түрде қайта өңдеу; 3) өндірісті жоғары
квалификацияланған ғылыми-техникалық және басқарушы
кадрлармен қамтамасызету; 4) бірігу шеңберінде ресурстармен
икемдеу; 5) бәсекеге қабілетті өнім шығару.

Ұқсас жұмыстар
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру
Педагогикалық менеджмент ұғымы
Менеджменттің анықтамалары
Өндіріс
Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы
Өндірістік саланы мамандандыру және кооперацияландыру
ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Менеджер мен менеджменттің қазіргі заманғы ұйымдар үшін маңыздылығы
Пәндер