Патриотизм



Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н. Г. Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді". [1]
Патриотизм - отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н. Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс.

Қазақстандық патриотизм идеясын дамытудың негізгі бағыттары
Бүгінгі таңда айырықша маңызды əрі аса өзекті мəселелердің бірі болып табылатын патриотизм, əсіресе осы күндер қазақстандық патриотизм мəселесі, тəуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуына бірден-бір себеп болатын маңызы ерекше өлшемнің біріне айналып отыр. Осыған байланысты, кейінгі жылдары патриотизм мəселелері ғылыми тұрғыдан сарапталып, оның толық мəнін айқындау мақсатында, бұл мəселенің теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерттелуі керектігіне назар аударылды. Патриотизм аса күрделі мəселе болғандықтан, оның бар болмысын бір жұмыста толығымен қарастырып шығу мүмкін емес. Сондықтан патриотизмнің саясаттану ғылымында əлі зерттеле қоймаған кейбір тың тұстарына тоқтала кеткеніміз дұрыс деп есептейміз.

Патриотизм, ұлтжандылық (елжандылық) мəселелері қоғамдық дамудың өткен кезеңдеріне де тəн болғандықтан, бұл проблемаларды тек қана соңғы жылдардағы оқиғалармен, өзгерістермен шектеуге болмайды. Өткен кезеңдерде патриотизмды, ұлтжандылықты дамытуды əр түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси институттар қатысқаны белгілі. Айтар болсақ, кеңестік идеологияның ұраншылдық, науқаншылдық салдары патриотизмды белсенділіктің құралына айналдырып, бұл ұғымды тым жадағайландырып жіберуі. Сондықтан бүгіндей бұл проблеманың саяси мəні мен жаңа қоғамдағы алар орнын мұқият зерттеу қажеттігі туындады.
Патриотизм - Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. «Патриотизм - дегеніміз (гр. рatriotеs - отандас, patrio - отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дəстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», - деп атап көрсетеді [1] . «Патриотизм» ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде əр түрлі өлшемдер қабылданған. Патриотизмнің əлеуметтік, тарихи, саяси құбылыс болғандығында жатыр жəне заманына орай əр түрлі əлеуметтік мəнге ие болуына байланыстылығында. Кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, Кеңес Одағы халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына деген достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста «патриотизм» ұғымын жаңаша ұғындыру саясаттану ғылымының басты мəселесіне айналып отыр. Мұндай үрдісті қазақстандық сөздіктерден де байқауымызға болады. Онда патриотизмге адамгершілік, саяси принцип, əлеуметтік сезім, Отанның өткені мен бүгінгісін мақтан тұту, өзіндік жəне топтық мүддені елдің ортақ мүддесіне бағындыру, Отанға қызмет ету жəне оны қорғау өлшем бірліктерінің негізінде анықтама берілген. Алайда патриотизм өлшемдері бұнымен ғана шектелмейтіні белгілі.

Отан деген - сүйіспеншілік, өзінің бар болмысынды елімнің мүддесіне арнап, бойындағы қабілет пен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау патриотизмның басты ерекшелігі ретінде сипатталады. Бұл қасиет қоғамдық ой-сана қозғалысының ерекше бір бөлігі іспеттес болғандықтан, ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай əр түрлі мазмұнда көрініс береді. Сондықтан патриотизмнің тарихи кезеңдеріне назар аударып, табиғи тамырларына тереңірек үңілуіміз керек. Патриотизм табиғатының тіні саналатын патриоттық сана ерекшелігін, оның қалыптасу үрдісіне назар аудара отырып, бұдан «патриотизм» ұғымының тарихи эволюциясы қандай үрдістерден өткенін көреміз.
Өзіндік салт-санасы қалыптасқан əр тайпаның осы үрдістегі əлеуметтік құндылықтары олардың қолөнерлік, көркем өнерлік дəстүрінен көрініс тауып отырған. Патриоттылық ұғымының бастауы болған алғашқы қауымдық құрылыстағы, патриоттық сана болмысын үш негізге бөліп қарастырамыз, олар: тайпалық дəстүрдегі патриоттық, сананың экономикалық негізі, əлеуметтік негізі жəне рухани негізі. Экономикалық негізге - жерге жəне өндіріс құралына деген жалпы тайпалық меншік алынса, əлеуметтік негіз жекелеген тайпа көсемдерінің бедел-билігі мен адамдар арасындағы қауымдастық қатынастар ерекшелігімен сипатталады. Ал рухани негіз бастауына тайпалық мифологиядан басқа адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігі, аруақтарды ардақтау, тайпа көсемдеріне шексіз берілгендігі, қауымдастықты өзгелерден қорғау, түйінді мəселелерді əділ шешуге күш салу секілді ерекшеліктерін жатқызамыз.
Тайпалық дəстүрдегі патриоттық сана сипаты ұжымдық пікірлердің ұқсастығынан көрініс тауып жəне ол интегративті, нəтижелі қызметін атқарғандықтан, қоғамдық прогрестің өрістеуіне себеп болды. Яғни алғашқы қауым өкілдері бұл кезеңнің өзінде-ақ, тайпалары, жері үшін жанын пида етуге даяр болған. Өз тайпаларына деген мақтаныш сезімін бойларына ұялатқан тайпаластар арасында жауынгерлік рух басым болған. Олар соғысқа əзірлік алдында би-билеп, тайпа көсемдерінің алдында ерік-жігер дəлелдегі күштілігін көрсетуге тырысты.
Қоғамның дамуына, техникалық прогрестің өріс алуына, капиталистік қатынастардың орнығуына, өндірістік күштер мен өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруіне байланысты қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа мазмұнға ие болды. Бұдан бай қоғамымыз, кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырды. Адамзатты өркениетке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдалана білген тоталитарлық жүйелердің мысалын тарихтан көптеп кездестіруге болады.
Ал қазақ халқының патриотизмі, қазақстандық патриотизм мəселесіне келетін болсақ, ата- бабаларымыздың аманат еткен жерін қорғау, туған жерді сүю халықтық болмыстан бойға дарыған, ой-сананы жетілдіретін құбылысқа айналып отыр. Елжандылық, отансүйгіштік қасиетті сақтай білу жəне ел, халық, мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп, оның дамуына үлес қосу - əрбір иісі қазақтың, Қазақстан азаматтарының басты парызы.

«Патриотизм» ұғымының мəнің ашып, оның Қазақстан тарихынан алар орны хақында зерттеулер жүргізген ғалымдар елімізде аз емес. Бұл кезекте қазақстандық ғалымдар А. Айталының, Р. Айтқалиевтің, Л. Ахметованың, Б. Əбдіғалиевтің, Р. Əбсаттаровтың, А. Бижановтың, Б. Берлібаевтың, К. Ғабдуллинаның, Ə. Қалмырзаевтың, С. Қозыбаевтың, Ғ. Меңлібаевтың, Д. Раевтың, тағы басқалардың еңбектерін тілге тиек етпей, кете алмаймыз.
Осы мəселемен шұғылданып жүрген ғалымдардың бірі Ə. Қалмырзаев былай дейді:
«Патриотизм, отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси-əлеуметтік құбылыс.
Қазақстандық патриотизм туралы айтар болсақ, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бəріне қатысты дүние» Оның тұжырымы бойынша, патриоттық сезім адамның туа біткен қасиеті емес, ол белгілі бір əлеуметтік, саяси, тарихи ортада ұзақ жылдар бойында қалыптасатын құбылыс. Өйткені ешкімді де осы елді сүй деп мəжбүрлеп, қолдан патриотизм жасай алмайды. Саяси-əлеуметтік, экономикалық негіздері толық қаланбаған жасанды отансүйгіштіктің ғұмыры қысқа, ертеңі бұлыңғыр. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру процесінде осы ерекшеліктерді есте ұстай отырып, «Қазақстаным - қара шаңырағым!» деген ұғымның мəніне терең бойлауымыз керек. Бұл сөз ел иесі қазақтардың ғана емес, жерімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстардың айтар сөзі болуға тиіс. Бұл тұрғыдан келсек, қазақстандық патриотизм сөз бен істің ажырамас диалектикалық бірлігінің баламасы болуға тиіс. Үлкен мінберлерден сөз алып, уəдені үйіп-төгіп, кейін сол уəдеден тайкып шығатындардан патриоттық қасиет күту бос əурешілік. Олардың осындай іс-əрекеті халық патриотизміне кері ықпал тигізуі. Қазақстанның дамуы жолында əркім өз мүмкіндігіне қарай үлес қосып, іс-əрекет етсе, онда оның нағыз патриот деп қабылдағанымыз дұрыс болады.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үрдісінде əрбір адамның мүдделілік сезімі факторына ерекше назар аударуымыз керек. Бұл орайда ғалым Ғ. Меңлібаевтың ой топшылаулары назар аударарлық. Ол патриотизм мен ұлтаралық қатынас мəдениетін саралап келіп, əрбір жеке адамның қоғамдық мүдде мен жеке мүдде арасалмағына қатысты пікірін білдіреді. «Адам бойына сіңген əлеуметтік жəне рухани құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың, ізгіліктің бастауы бола отырып, Отан алдындағы борыш пен міндетті орындауда кездескен қиындықтарды батыл жеңуге құлшындырады. Ол үшін қоғам мүддесі, ұлттық мүдделер əркімнің өзінің, жеке басының мүддесі дəрежесінде қабылдануы керек».
«Патриотизм» ұғымын бүкіл əлемдік ғылыми мəдениеттегі терең өзгерістер тұрғысынан алатын болсақ, патриоттық тұжырымдама «Батыстық» жəне «Шығыстық» дəстүрдегі ағымдардың қақтығысы жағдайында өмір сүруде. Батыс демократиясының негізгі белгісі жəне ең беделді ұстанымы - плюрализм.
Плюрализм индивидтердің өзін-өзі көрсетуінің қоғамдық формаларының көп жақтылығын, əр түрлі мүдделердің, құндылықтар мен бағалардың, көзқарастардың қатар өмір сүру құқы бар дейтін нанымды білдіреді. Қазіргі əлеуметтік əрекет кеңістігінде плюрализм əр адам үшін негізгі əлеуметтік бағдарға, өмір сүру стилінің эталонына айналды. Сондықтан кешегі рухани өмірдегі аномалды құбылыстар бүгін легитимдік мəртебеге ие болуда. Сайып келгенде, плюрализм қоғамдағы патриоттық сезімдер мен гуманистік қатынастарға өзінің елеулі ықпалын тигізуде. Осының салдарынан халықтағы ерекше бұқаралық көңіл-күйдің əдеттегіден де көтеріңкі болуын, осыдан туындайтын тобырлық сананың басымдығын, патриоттық сезімнің орнына космополитизм, пендешілік» пиғылдардың үстем болуын байқауға болады».

Плюрализм көптеген идеялардың, қызығушылықтардың жəне қауымдардың жиынтығын құрай отырып, адамдарды жоғары күрделі интеллектуалды режимінде өмір сүргізеді жəне социомəдениеттік елестетудің басқа масштабын мұқтаж етеді. Плюралистік жүйе қоғамдық құрылымның күрделі түрі болып келеді. Біздің еліміз жалпықазақстандық патриотизмнің негізі бола алатын кең теңестірудің қалыптасқанын мұқтаж етеді. Осындай теңестіру біздің əлеуметтік жəне этномəдениеттік əр түрліліктің жалпы қорытындысы болу керек [4] .
Парасатты сананың жалпы адамзаттық іргелі түсініктеріне негізделуге тиіс болған жаңа идеялардың кей ұшқындары, өкінішке орай, кісілік, ар, адамгершілік, отансүйгіштік, қарттарды сыйлап, əйел затын құрметтеу сияқты қасиеттер кемуіне себепші болып отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz