Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары, дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері. Халықтың карантин және обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі. Халықтың табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар


Slide 1

Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары, дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері. Халықтың карантин және обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі. Халықтың табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс - әрекеттері.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

Инженерлік - технологиялық факультеті

Орындаған: Советжанова Ж. Ә.

Тексерген: Имамова Б. Ж.

Группа: ТК-703

Slide 2

Жоспары:

Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік және оны алдын алу шаралары;

Дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері;

Карантин және обсервация кезіндегі халықтың жүріс - тұрысы;

Табиғи сипаттағы ТЖ кезіндегі халықтың іс - әрекеттері;

Slide 3

Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік

Жұқпалы аурулар адам организміне қоздырушы микробтар түсу салдарынан пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі жұққан организмнен сау организмге берілуі болып табылады және белгілі бір жағдай орнағанда жаппай, індеттік сипат алады. Ауру туғызатын микробтар, бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.

Slide 4

Жұқпалы ауруларды арнайы алдын алу үшін вакциналар қолданылады.

Вакцина(лат. vacca - сиыр, vaccinus - сиырдікі) - микроорганизмдерден алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Slide 5

Дезинфенция - адамның қоршаған ортасында жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлері: дезинсекция және дератизация.

Дезинсекция - жұқпалы ауру тарататын қауіпті жәндіктер мен ккенелерді жою.

Дератизация - жұқпалылық тұрғысынан кеміргіштерді жою.

Slide 6

карантин- ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.

Slide 7

Карантин ошағындағы жүзеге асырылатын негізгі шаралар:

Зақым ошағын оқшаулау, бұл үшін ошақты қарулы түрде күзету;

Ауырған немесе ауруы мүмкін адамдарды алдын ала анықтау, байланысқан адамдарды бақылауға алу;

Оларды оқшаулау және емдеу;

Шұғыл профилактикалық шаралар жүргізу(вакцинация) немесе егу;

Халықты және жасақтардың адам құрамын санитарлық тазартудан өткізу;

Аймақты, ғимараттар мен техниканы дезинфекциялау;

Зақым ошағына кіруге, одан шығуға және мүліктерді алып шығуға тыйым салу;

Slide 8

Обсервация - жұқпалы аурулардың тарауын болдырмауға бағытталған оңашалау - шектеу және емдеу, профилактикалық шаралар жүйесі.

Slide 9

Обсервацияны жүзеге асырғанда ауру аймағына кіруге және одан шығуға шектеулер қоюға берілгенімен, режим шараларының жүргізу қатаңдығы, карантин кезіндегіден сәл кем болады. Карантин мен обсервацияның мерзімі инкубация кезеңінің ұзақтығына байланысты және соңғы ауруды оқшаулау кезінен бастап саналады.

Slide 10

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай

Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдайлар.

Slide 11

Табиғи сипаттағы ТЖ кезіндегі халықтың іс - әрекеті

Халыққа сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сел қаупі кезінде қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдар шығарылады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін - өзі ұстауы, мен іс - әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды(ескерту) ұйымдастыруға үлкен әсер етеді.

Slide 12

Қар көшкініне тап болған кездегі өзін - өзі құтқару әдістері:

Қар жиі жауған кезде қар көшкінінің қауіпті ахуалы 3-4сағаттан кейін тууы мүмкін, сондықтан бұл уақытты қауіпті аймақтан шығу үшін пайдалану керек;

Егер жылы күні жауын - шашын түсе бастаса қауіпсіз аймаққа тез шығу қажет;

Егер аз жауған қар жаяу бұрқасынға ұласса, онда 4-6 сағаттан соң дауылды көшкін болуы мүмкін, сол себепті уақытты ұттырмай қауіпті аймақтан тезірек шығуға тырысу керек;

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулар туралы
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫҢ АЛУ ШАРАЛАРЫ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ
Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
Жәндіктермен күрес шаралары
Қарапайым қарулар
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫ
Дезинфекция жұмыстарын жүргізу
Дератизацияның әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz