МЕТАЛДАР БЕЙМЕТАЛДАР
Презентация қосу
МЕТАЛДАР
БЕЙМЕТАЛДАР
Элементтер сыртқы түрі мен қасиеттері
бойынша металдар мен бейметалдарға бөлінеді.
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Адамдар ерте кезден-ақ металдарға иілгіштік, созылғыштық, металдық
жылтыр, жылуөткізгіштік және т.б.белгілі бір қасиеттер тән екенін
байқаған. Бұл қасиеттер жалпы мәні және ажырату белгілері бойынша
металдардың барлық класын сипаттай бастады. Ақыры, қорыта келе,
металл түсінігі тұжырымдылды. Бұл түсінікке қарама-қарсы бейметалл
түсінігі пайда болды. Шынымен де өздерің көріп отырғандай,
бейметалдардың металдардан физикалық та, химиялық та көптеген
қасиеттері бойынша айырмашылығы болады. Сондай-ақ осы
элементтердің оттекпен, сутекпен қосылыстары және олардың
гидроксидтері де әртүрлі. Заттардың қасиеттері олардың құрылысына
байланысты болатыны белгілі.металдар мен бейметалдар атомдары
сыртқы электрон қабаттарының және валенттік электрондарының санымен
ерекшеленеді. Олардың атомдарынан түзілген кристалдарының да
айырмашылығы бар.
МЕТАЛДАР
Өздерінің электрондық құрылысы бойынша металдар s-, p-6 d- және f-
металдарға бөлінеді. I-II топтардың негізгі топшалары (s-элементтер
ұяластары) , сонымен қатар барлық қосымша топшалар (d-элементтер
қяластары) металдардан тұрады.
Барлық металдарға кристалдық тор тән : олар кубтық және
гексагональдық.Сондықтан металдардың қаттылығы, тығыздығы, иілгіштігі
әртүрлі болады.
Металдағы химиялық байланыс типі – металдық байланыс. Бұл валенттік
электрондардың атоммен әлсіз байланысқанын білдіреді, сондықтан
кристалдық торының түйіндерінде металдардың оң зарядталған иондары
(катиондары) болады, ал олардың арасында электрон газын түзе
электрондар еркін қозғалады.
Металдарға тән қасиет – олардың валенттік электрондарын жеңіл беруі.
Металдар химиялық реакцияларда өзін тотықсыздандырғыштар ретінде
БЕЙМЕТАЛДАР
Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек,
кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен,
теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер
тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау.
Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп
емес.
Периодтық жүйедегі бейметалдардың орнын анықтау үшін бор
элементінен астатка дейін көлденең сызық жүргізсе, кестенің
жоғарғы оң жақ бұрышын ала негізгі топшаларда бейметалдардың
орналасқаны байқалады. Периодта бейметалл элемент атомының
ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан
электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және
тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Ал бейметалл орналасқан
негізгі топшаларда (IV—VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол
ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғыштық
қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ,
ең күшті тотықтырғыш — фтор. Бейметалдардың тотықтырғыш
қабілеті электртерістіктің сан мәніне байланысты. Тотықтырғыш
қасиеттердің өзгеруіндегі осы заңдылық сол бейметалдар түзетін
жай заттарға да тән.
МЕАЛДАР МЕН
БЕЙМЕТАЛДАРДЫҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
,,,Егер металдар - жай заттар металдық байланыс бойыншы
түзілсе, онда бейметалдар – жай заттарға коваленттік полюссіз
химиялық байланыс тән. Бейметалдарға керісінше теріс ион түзе
электрондарды қосып алу тән, бірақ олар электрондарын біршама
белсенді тотықтырғыштарға бере алады.
,,,Атом құрылысы элементтер қасиеттерінің өзгеру
заңдылықтарын айқындайды: периодта солан оңға қарай металдық
қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет күшейеді; негізгі топшаларда
атомдық нөмер өскен сайын металдық қасиет күшейеді де,
бейметалдық қасиет әлсірейді.
,,,Металдарға тән қасиет – олардың атомдарының сыртқы
электрондарын оңай беріп, оң зарядты иондарға айналы болып
табылады. Бейметалдар керісінше электрондарды қосып алып, теріс
зарядты иондар түзу қабілетімен сипатталады, алайда олар
белсендірек тотықтырғыштарға электрондарын да бере алады.
Атомдардың электрондарды беру немесе қосып алу өабілеттерін
көптеген жағдайларға байланысты: Ядро зарядының шамасына, Атом
радиусына Атомдардың иондану энергиясына және электрон
тартқыштықтарына.
,,,, Металдар мен бейметалдардың бұл сипаттамаларында
айтарлықтай айырмашылықтар болады. Металл атомдарымен
салыстырғанда бейметалл атомдарына атом радиусының кіші
болатыны тән. Сондықтан химиялық реакцияларда металдар
тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Бейметалдар; тотықтырғыш
та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz