Оқыту формалары,әдістері,құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде



Оқыту формалары, әдістері, құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде
Орындаған:Саметова Ю
ЖХМ-611
Қабылдаған:Шынпейіс Г

Жоспар

Оқыту «әдістері» мен «тәсілдері» ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі.
Жалпы алғанда әдіс (метод) - «methodos» деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері - оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл - әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін.

Оқыту әдістері - күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Окыту әдістері арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту формалары бейнеленеді. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші кызметтерді атқарады. Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге асырылады, яғни бұл - үйретуші функцияның байқалуы, оқушылардың даму деңгейі мен қарқыны қамтамасыз етіледі - дамыту функциясы, сол сияқты тәрбие нәтижелерінің анықталуы - тәрбиелік функцияның жүзеге асырылуы болып табылады. Әдістер мүғалім үшін оқушыларды оқуға үмтылдырушы құрал ретінде қолданылады, ал кейде танымдық іс-әрекетті ынталандыру қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы релін атқаруы.

Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен практикасында колданылатын оқыту әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана білуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор. Сондыктан оқыту әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін қарастырайық. Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі. Ең алғашкы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді. Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды

Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады) ;
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады) ;
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден алады) .

Окыту әдістерінің тағы бір тобын дидактика мамандары М. А. Данилов пен Б. П. Есипов олардың атқаратын қызметіне қарай жіктейді:

ақпараттык-рецептивтік
зерттеу.

Дидактикалық мақсаттар бойынша Г. И. Щукин мен И. Т. Огородников оқыту әдістерін екі топқа бөледі:

Оқыту әдістерін таңдап алу. Оқыту әдістерін таңдап алуда мұғалім ең алдымен басты мақсат пен нақты міндеттерді анықтап алуы қажет. Әрі карай танымдық үдерісті дұрыс жүзеге асыру мүмкіндігін беретін тиімді жолдар қарастырылу керек. Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуда ескерілуі қажет жағдайлар:
заңдылықтар мен олардан шығатын оқыту принциптері қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
жалпы ғылымның, сол сияқты жекелеген пәннің, тақырыптардың мазмұны мен әдістерін ескеріп отыру;

оқыту мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып отыру;
оқушылардың оқу мүмкіндіктері, оның ішінде жас ерекшеліктерін, дайындық деңгейін, сынып үжымы ерекшеліктерін толық ескеріп отыру;
сыртқы жағдайлар, яғни географиялық, өндірістік орта ерекшеліктерін ескеріп отыруды қамтамасыз ету.
мүғалімнің мүмкіндіктерін, атап айтқанда тәжірибесін, дайындық деңгейін, оқыту үдерісіндегі типтік ситуацияларды білуіне де мән беру деп тұжырымдауға болады.

Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуға қатысты біркатар өлшемдер үсынылады. Мұндай өлшемдерге жататындар: 1) оқыту әдістерінің білім берудің дидактикалық принциптеріне сәйкестігі; 2) оқыту әдістерінің тәрбиелеу мен білім беру міндеттеріне сәйкестігі; 3) оқыту әдістерінің қолданылып отырған жағдайлардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестілігі; 4) оқыту әдістерінің таңдап алынған оқыту нысандарына сәйкестілігі. Бұл өлшемдердің барлығы да өзара тығыз байланысты, бір-бірімен ұштастырыла қанағаттандырып отыруды талап етеді.

Оқыту құралдары. Оқыту құралдары - мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдык немесе идеалдық объектілер. Материалдык күралдарға оқулықтар, оқу құралдары, кестелер, модельдер, макеттер, оку-техникалық қүралдары, оқу-лабораториялық жабдықтар, оқу орны, жиһаз, бұйымдар т. б. жатады. Мектепте кең қолданылатын ТОҚ түрлері: ақпараттық, білімді бақылау, бағдарламалық оқыту, тренажерлар. Ақпараттар беру үшін қолданылатын ТОҚ түрлері: кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графопроекторлар, видеомагнитофон, теледидар т. б. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын техникалық оқыту кұралдарына компьютерлер жатады.

Оқыту құралдары жүйесін қолдану мынадай принциптерді қанағаттандыруы қажет: 1. Жабдықтар оқу үдерісі элементтеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Мұндай талаптар: құбылыстағы маңызды нәрсені көрнекі түрде көрсету, көрнекіліктің бәріне бірдей көрінуі және қабылдануын қамтамасыз ету, эстетикалылығы т. с. с 2. Жалпы қызмет көрсететін жабдықтар бір-біріне және демонстрациялық құрылғыларға сәйкес келуі керек. 3. Оқыту құралдары саны мен типі оку бағдарламасының материалдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыруы қажет.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz