Қазақстан қор биржасы


Slide 1

Қ. Р Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Сорбонна - Қазақстан институты

Тақырыбы: Қазақстан қор биржасы

Орындаған: Әблен Әліби

Қабылдаған: Абиева С. Н

2курс финанс

Пәні: Ақша. Несие. Банк

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе бөлім

а) Құрылу тарихы

б) KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері

ІІ. Негізгі бөлім

а) KASE бүгінгі таңда

б) KASE қызмет көрсететін нарықтары

в) KASE сауда саттық жүйесі

г) KASE елшілес ұйымдары

ІІІ. Қорытынды бөлім

Slide 3

Қазақстан қор биржасы

Орналасқан жері: Қазақстан, Алматы

Құрылған жылы: Желтоқсанның 17, 1993

Бұрынғы атауы :Қазақстандық банк аралық валюта-қор биржасы

Иесі :Акционерлер

Басты адамдары:

Қабашев Мақсат Рахымжанұлы(президент) Сәбитов Идель Марсильұлы(бірінші вице-президент) Цалюк Андрей Юрьевич (вице-президент) Хорошевская Наталья Юрьевна(вице-президент)

Валютасы: Қазақстан теңгесі

Акция нарығын капиталандыру:

25, 2 млрд USD (01 маусым 2014 жылдағы көрсеткіш) Акциялар

Листингтен өткен компаниялар саны: 78

Сайты :www. kase. kz

Slide 4

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта - теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні - 1993 жылдың 17 қарашасында - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған.

Құрылу тарихы

Slide 5

Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.

1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді.

1995 жылдың 12 шілдесінде биржа өз акционерлерінің биржаның бағалы қағаздар нарығында қызметін дамытуды бастау туралы шешіміне қабылдауына байланысты, "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" атауымен қайта тіркелді

Қолданыстағы заңнама қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа 1996 жылдың 12 сәуірінде "Қазақстан қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1996 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.

Slide 6

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасын біріктіруге мүмкіндік берді.

Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады,

ал 1999 жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.

2006 жылдың 15 желтоқсанында KASE Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңы ретінде белгіленді. 2007 жылдың 23 тамызында болып өткен KASE акционерлерінің жалпы жиналысы биржаның коммерциялануы туралы шешім қабылдады. KASE коммерциализациясы шегінде дауыс

берудің бұрынғы "бір акционер - бір дауыс" принципінен бас тартып, жалпы акционерлік қоғамдардың барлығына

ортақ болып қабылданған принципі, яғни, бір акцияға бір дауыс принципіне ауысу жүзеге асырылды.

Slide 7

KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері

Slide 8

2001 жылы

Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының алғашқы алғашқы сауда-аттықтары Автоматты репо нарығын іске қосу

2002 жылы

Вексельдердің алғашқы сауда-саттығы

2003 жылы

Шет мемлекеттердің бағалы қағаздарының алғашқы сауда-саттығы

2006 жылы

Шетелдік корпоративтік облигациялардың алғашқы сауда-саттығы KASE есеп айырысу жүйесін қолданумен "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ IPО жүргізу

2007 жылы

KASE негізінде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңын құру KASE коммерциялануы

2008 жылы

KASE корпоративтік басқару кодексін бекіту Валюталық своп операцияларының нарығынын іске қосу

Slide 9

2009 жылы

KASE негізгі сауда-саттық алаңын және АӨҚО АСА біріктіру арқылы нарықтың бірлігін қалпына келтіру

2010 жылы

Тәуекел-менеджментінің жаңа жүйесін қолданумен, деривативтердің жаңартылған нарығын іске қосу

2011 жылы

DowJones FEAS Индекстері қатысушылары тізіміне KASE енгізілуі Толық алдын ала қамтуымен T+0 (гросс) сызбасы бойынша бағалы қағаздар сауда-саттық жүйесінің іске қосылуы Еуроазиялық қор биржаларының федерациясы (FEAS) 17-ші Бас ассамблеясын өткізу Корея, Стамбұл және Тегеран қор биржаларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою "STrade" -интернет-трейдингтің көпфункциясы жаңа жүйесінің құру

Slide 10

2012 жылы

Биржаның қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыруға және банктік операциялардың кейбір түрлерін (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жабу) жүзеге асыруға лицензия алуы

KASE құрылымында Клирингілік палатасын құру

2013 жылы

Вена қор биржасы мен (WBAG) есептелетін, акциялардың жаңа индексін - Kazakhstan Traded Index Local (KTX Local) іске қосу


Ұқсас жұмыстар
Әлемдік нарықтағы қор биржасы
Қаржы рыногы және қор биржасы
Репо операциялары
Қор биржасының инфрақұрылымы
Қаржы нарығы
Түрі Еншілес компания
Қазақстандағы қор биржасы
Үндістан Ұлттық Қор биржасы
Гонконг қор биржасы
ЖАПОНИЯ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz