Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі: элементтері мен функциялары


Slide 1

НАРЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ

Орындаған: Серікова Нәркес

ВМ 101

Slide 2

Нарық (рынок) дегеніміз тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы

Slide 3

Нарықтық жүйе - өнімдер мен ресурстардың экономиканы құрайтын барлық нарықтары және олардың арасындағы қолданылып жүрген байланыстар

Slide 4 Slide 5

Нарық экономикасының бірінші элементі

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді

Slide 6

Нарық экономикасының екінші элементі

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Slide 7

Нарық экономикасының үшінші элементі

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділік

Slide 8

Нарық экономикасының төртінші элементі

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады.

Slide 9

Нарық экономикасының бесінші элементі

Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. А. Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т. б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Slide 10

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтерінен көрініс алады және ең маңызды қызметтеріне жататындар:

Slide 11

Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі.

Ол тауарға сұраныс өскенде тауар өндірушілердің өндіріс көлемін ұлғайтқанынан және бағаны өсіргенінен көрінеді.

Slide 12

Ынталандыру қызметі -фирмалар үстеме пайда табу мақсатында жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбек процесін тиімді ұйымдастыру арқылы қосымша мүмкіндіктерді іздестіреді.

Slide 13

Реттеуші қызметі.

Нарықтың көмегімен экономикада микро және макро экономикалық тепе-теңдік қалыптасады, шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принципін жүзеге асыру арқылы экономикадағы зиянды, тиімсіз өндірістерді біртіндеп жояды және перспективалы өндіріс орындарына жол ашады.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйенің қызмет ету механизмі, құрылымы және тұрақтылығы
Нарықтың қызмет ету механизмі: сұраныс пен ұсыныстың заңдары мен факторлары
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат: саяси жүйенің ерекшеліктері, элементтері және функциялары
Нарықтық экономика: тұжырымдама, қағидалар мен негізгі элементтері
Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және атқару механизмі
Экономикалық жүйенің мәні, элементтері және даму ерекшеліктері
Нарықтық механизм: құрылымы, функциялары және әлеуметтік-экономикалық әсері
Интерферон: түрлері, әсер ету механизмі, препараттары және медицинадағы қолданылуы
Несие нарығының құрылымы, функциялары және ипотекалық несиелеу механизмі
Эксперттік жүйенің тұжырымдауы, шешілетін тапсырмалардың талаптары және құрылымдық элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz