Қазақстан Моңғол шапқыншылығы дәуірінде



Қазақстан Моңғол шапқыншылығы
дәуірінде

1. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.
2. Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда.
3. Моңғол шапқыншылығының зардаптары.
Жоспары:

1. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы

Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.
1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ - кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.

Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа - Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа - Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен - жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т. б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстікқазақстандық Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.

1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп,
1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады.
1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп,
1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.

Сонымен, 1219 - 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді.

2. Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда.

Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан - ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді.

Жошы ұлысы
Шағатай ұлысы
Үгедей ұлысы
Кіші баласы Төлеге
Оңтүстік Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, яғни Жетісу мен Орта Азия өңірі, Шығыс Түркістан және де Мауараннахр.
Батыс Моңғолия, Тарбағатай, Алтай Жоғары Ертіс және Солтүстік-Шығыс аймағы берілді.
Моңғолия жері берілді.
Ертістекн Еуропаға дейінгі ұлан байтақ өлке, Солтүстік-Шығыс Хорезм, бұкіл Дешті Қыпшақ өңірі.

1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды.

Алтын Орда(Жошы ұлысы)

Шыңғыс ханың үпкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет жасауға ұмтылды, тек кенет оның өлімі әкесімен арасындағы слғыстың басталуына кедергі жасады. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Батыйдың Орыс мемлекеті мен басқа жерлерге жасаған жорықтары мен басқа жерлерге жасаған жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейін созылған үлкен мемлекетке айналдырды. Міне осы мемлекет тарихта Алтын Орда деген атаққа ие болды.
Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.

Бату хан ортағасырлық қытай суреті
Алтын Орда мемлекетінің құрамына Еділден Амударияға дейін созылып жатқан далалық аудандары, Хорезм мен Батыс Сібір аумақтары, батыстағы жаңа жаулап алған жерлер кірді. Астанасы-Сарай Бату кейіннен Сарай Берке қаласы болды. негізгі әскери күші - қыпшақтар.
Алтын Орда өзін билеген -
Бату хан 1241-1256;

Алтын Орда өзін билеген хандары - Бату хан 1241-1256; Берке − 1257-1266; Мөңке-Темір - 1266-1280; Төде-Мөңке - 1280-1287; Төле-Бұқа − 1287-1291 жж, Тоқа - 1291-1312 жж; Өзбек хан - 1312-1342; Жәнібек хан - 1343-1357 жж. күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату хан Монголиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Анадолымен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада - оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.

Хан
Әскери билік
Мыңбасы, түменбасы
беклербек
басқақтар
даруғалар
мәліктер
уәзірлер
Азаматтық билік
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі

Алтын Орданың 1389 жылы шамасындағы иеліктері. Қоңыр түсті сызықтар қазіргі саяси шекараларды білдіреді. Тәуелді мемлекет - Мәскеу княздығы ақшыл-сарғыш түске боялған.

1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15ғ 1 жартысында онан бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары монголдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Аштархан (Ноғай), Қазақ, Сібір хандықтары құрылды.

Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте-бірте ыдырап, ақырында құлады.

3. Моңғол шапқыншылығының зардаптары.

Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды
Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.

Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы.
Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz