Конституция туралы түсінік. Конституция құрылымы



Конституция туралы түсінік. Конституция құрылымы (бөлімдері)
Орындаған: МО-83К тобы

.
«Конституция» термині «constitutio» - «орнатамын, тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Олбіздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының
Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.
Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
2

Тарихы.
3
Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл;
Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл;
Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл;
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл;
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;

.
Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
4

.
Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т. б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап) .
1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
5

.
. Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында
1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден,
10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда
ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
6

.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
7

.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
8

1995 ж. білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады: 1-бөлім. «Жалпы ережелер»мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған. 2-бөлім. «Адамжәнеазамат»жеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының . 3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
9

.
+7 (123) 987-65-54
www. proseware. com
5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. «КонституциялықКеңес» құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. «Соттаржәнеәділсот»сот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару» 85-бапқа органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан -өзі басқару мойындалады, оның міндеті -жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.

How to Customize this Slide
Қазақстанда өткізілген және өткізілетін барлық реформалар мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Қабылданып жатқан заңдар адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау кепілдіктерін нығайту тұрғысында мемлекеттік тетікті және азаматтық қоғам институттарын жетілдіруге қолғабыс етеді.
Сонымен, Конституция сапалық жағынан жаңа кеңістік құрды және елді орнықты саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамыту базасына айналды. Қазір еліміз әлемнің алдыңғы қатарлы Конституциясына - адам мен азаматтың кең құқықтары мен бостандықтарының, дамушы азаматтық қоғамның, демократиялық, егемен мемлекеттің Конституциясына ие болып отыр.
11

Соңғы жылдар ішінде қол жеткізген экономикадағы табыстар, тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, саяси институттарды дамыту уақыт өте келе қолданыстағы Конституцияның бірқатар қағидаларын жаңғыртудың мүмкіндігі туралы мәселені қойды. Бұл жаңғырту Президенттің өзекті ұстанымын сақтай отырып заң шығарушы биліктің рөлін күшейтетін конституциялық түзетулерді енгізу жолымен 2007 жылы табысты жүзеге асырылды.
2007 жылғы жаңадан қабылданған өзгертулер мен толықтырулар Ата заңның мемлекеттік билік құрылымын анықтаушы және Президент, Парламент пен Үкіметтің конституциялық мәртебесіне арналған тарауларында көрініс тапты. Аталған конституциялық өзгертулер шеңберінде саяси жүйенің демократиялануы бойынша бірқатар стратегиялық міндеттемелер шешілді. Атап өтсек:
12

Біріншіден, билік тармақтарының қызметі өзара тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделіп, тиімді әрі тең балансты қалпында ұстау жүйесі құрылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz