Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау жайлы



СӨЖ
Дайындаған: Жүргенбай Мирас
Тексерген: Болат Сайлан
Тақырыбы:Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау

ЖОСПАР
Кіріспе
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысындағы еңбектерді талдау
Ахмет Байтұрсынов
Әлихан Бөкейханов
Мұстафа Шоқай
Міржақов Дулатов
3. Қорытынды

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
КІРІСПЕ
Алаш қозғалысы - ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, С. Спандияров, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.

Осы тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т. б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, М. Тынышпаев, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рұсқұлов т. б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.

1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ хальққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.
1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы
БІЛІМ АЛҒАН ЖЕРЛЕРІ:Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген.

1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік обылыстарына жер аударылады. Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ
(5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын жетекшілерінің бірі.
Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады.

Санкт- Петербургтегі орман техникалық институтының экономика факультетін бітірген. Окуын аяқтаған соң Омбы орман шаруашылығы училищесінде педагогикалық және ғылыми кызметпен айналысты. 1904 жылы орыс шаруаларының Қазақстанға коныс аударуы жөніндегі материалдар дайындаған Ф. А. Щербиннің экспедициясының кұрамында жұмыс істеді. Конституциялык - демократиялық партияның мүшесі, бірінші шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты болды.
1917 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстан бойынша Уакытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы - «Алашорда» жарияланды. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкіметінің ұлттық автономияны сақтау жөніндегі декларациялық уәдесіне байланысты басқа алашордашылармен бірге белсенді саяси және мемлекеттік кызметтен уакытша бас тартуға мәжбүр болды. Ә. Бөкейхановтың басты максаты казақтардың дербес мемлекетін құру еді. Өмірінің соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткізді. 1937 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.

Аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет кайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ. XX ғасыр басындағы еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі. Бастауыш білімді отбасында алып, Ташкент гимназиясын орыс тілінде бітірді. Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірді.
1890-1941

1917 жылдың ақпанына дейін Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының Түркістан жөніндегі істері бойынша хатшысы болып істеді. Петербургтен Түркістанға кайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық қозғалыс басшыларының бірі болды.
27 жасында ол бүкіл Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бас-шыларының біріне айналды. Түркістан (Қокан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Қазан ре-волюциясына қарсы болды. Қоқан автономиясы қуып таратылған соң шетелге эмиграцияға кетті. Антикеңестік оппозицияның көрнекті өкілі болды. Шетелде журналдар шығарып тұрды. Өзінің көптеген мақалаларында, әсіресе «Кеңестердің билігіндегі Түркістан» атты кітабында большевиктер партиясы мен Кеңес өкіметінің Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы әлеуметтік-экономикалық және ұлт саясатын сынға алды.

Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияга, Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, «Еңи Түркістан» мен «Яш Түркістан» журналдарын басып шығарып түрды. 1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды. 1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайларда қайтыс болды. А. Шульгин ол жөнінде: «бұл түркістандық сонымен бірге жоғары білімді Еуропалық болды, «жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz