Вирустар, бактериялар және мтДНҚ геномы. ДНҚ-лы және РНҚ-лы вирустар
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан
Медицина Академиясы
Биология және биохимия кафедрасы
Тақырыбы: Вирустар, бактериялар және мтДНҚ геномы.
ДНҚ-лы және РНҚ-лы вирустар.
Орындаған: Ақжол Б.
Тобы: В-ЖМҚБ-03-18
Қабылдаған: Бурабаев А.А
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Вирустар (ДНҚ-лы және РНҚ-лы вирустар)
Бактериялар
Геном эволюциясы. мтДНҚ геномдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Вирустар
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің
ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі.
Олар рибонуклеин қышқылынан немесе
дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған
нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті
нәруызбен қапталған қабықшадан –
кабсидтерден тұрады.
Вирус ұғымын 1899 жылы ғылымға алғаш рет
голландиялық ғалым Мартин Бейеринк
енгізді.
Таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс
цилиндр пішінді болып келеді.
Олар тек тірі жасушаларда ғана өніп-өсіп
тіршілік етеді.
Қазіргі кезде жылы қанды омыртқалыларды
уландыратын 500-дей және өсімдіктерді
уландыратын 300-ден астам вирустар белгілі.
Вирустардың құрылысы
Вирустар - клеткасыз организмдер. Олар негізін құрайтын ДНҚ немесе
РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар
бактериялардан миллион есе кіші және оны 4000 есе үлкейтетін
электрондық микроскоп арқылы көруге болады.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды
бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт
сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды.
Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді
түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды,
ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал
«құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз
молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Вирустардың жіктелуі
ДНҚ-лы вирустар РНҚ-лы вирустар
ДНҚ-лы вирустар:
Аденовирустар (грек. adēn — без және лат. vіrus — у) — құрамында
дезоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) бар вирустар тұқымдастығы. Оны алғаш 1953
жылы А.У. Роу тамағы ісініп науқастанған баланың аденоиды мен бадамша безінен
тапқан. Табиғи жағдайда аденовирустар сүтқоректілер мен (құстар) денесінде болады.
Аденовирустар кеміргіштер денесінде қатерлі ісік туғыза алады. Аденовирустар
негізінен: тыныс жолдары мен көзге жұғады. Балалардың жоғарғы тыныс жолдарының
қабынуының 20%-і аденовирустар үлесіне тиеді.
Иридовирустар — құрамында ДНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Иридовирустар
икосаэдрлі каспиді, сыртқы липопротеид қабығы бар. Вирионның диаметрі 125—300 нм,
құрамында 20-дан астам құрылымдық белок және м. с. 130 000 00 – 140 000 000
қостізбекті ДНК-ның бір молекуласы бар. Насекомдар, балықтар, қосмекенділер,
сүтқоректілер торшаларының цитоплазмасында өсіп-өнеді. Адамға зиянсыз.
Иридовирустар түқымдастығы 5 туыстыққа бөлінеді.
Паповавирустар — құрамында ДНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Сыртында
липопротеид қабығы жоқ, пішіні шар тәріздес. Папилломавирустар екі туыстан:
папиломавирус және полиомавирустан тұрады. Диаметрі 45— 55 нм икосаэдрлі
капсидтің құрамында м. с. 3 000 000 — 5 000 000 болатын қос тізбекті, сақиналы ДНҚ
бар.
РНҚ-лы вирустар:
Аренавирустар құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы.13 мүшесі бар.
Аренавирустар белгілі бір ерекшелігі — ішінде электронды-тығыз ұсақ түйіршіктері бар.
Шар тәріздес вириондар диаметрі 60—300 нм, липопротеид қабығына оралған. Үзінді
түрінде кездесетін РНҚ м. с. 3 500 000. Вирион құрамында 5 белок бар. Цитоплазмада
өсіп-өнеді, тасымалдаушылардың көмегінсіз таралады. Аренавирустар адам және
кеміргіштерді зақымдайды.
Калицивирустар — құрамында РНҚ бар, негізгі қасиеттерімен пикорнавирустарға
ұқсас вирустар тұқымдастығы. Адамда, шошқада, бұзауда ішек-қарын қабынуын
туғызады.
Коронавирустар — құрамында РНҚ-лы бар вирустар тұқымдастығы. 4 антигендік
топтан тұрады. Адам, құстар мен үй малдарында ауру туғызады. Тыныс және асқазан
жолдары торшаларының цитоплазмасында өсіп-өнеді. Вириондарының көлденеңі 80—
120 нм, бір тізбекті, инфекциялы РНҚ-лы, шиыршықты нуклеокапсид липопротеид
қабықпен оралған
Ортомиксовирустар — кұрамында РНҚ бар вирустар- тұқымдастығы. Оған А және В
және С грипінің туыстықтары енеді. Ортомиксовирустар әртүрлі серотиптерге,
түраралық айқас серологиялық реакция бермейтін рибонуклеопротеид антигені бойынша
жіктеледі.
Парамиксовирустар — құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Диаметрі 100— 300
нм. РНҚ-ы сыңар тізбекті„ сызықты, м. с. 7 000 000, өз бетімен ауру туғыза алмайды,
нуклеокапсид құрамына кіреді. Парамиксовирустар тұқымдастығына 3 туыстық:
парамиксовирустар, морбиливирустар, пневмовирустар кіреді.
Рабдовирустар — құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұқымдастығы.
Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид
қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына
кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустарға екі туыстық жатады:
везикуловирустар (омыртқалылар мен омыртқасыздарды зақымдайды) және лиссавирустар
(құтыру ауруының қоздырғыштары) рабдовирустарға бұлардан басқа бір топ өсімдік
вирустары жатады.
Реовирустар — құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Пішіні шар тәріздес,
вириондарының диаметрі 75— 80 нм, бір немесе екі икосаэдр капсиді бар. Липопротеид
кабығы жоқ. 10—12 үзіндіге бөлінген, қос тізбекті.. Цитоплазмада өсіп-көбейеді, асқазан мен
тыныс жолдарының шырышты қабықтарынын эпителий торшаларын зақымдайды.
Реовирустар 6 туыстыққа бөлінеді: нағыз реовирустар, орбивирустар және ротавирустар адам
мен жануар-ротавирусы ауру туғызады, ал фитореовирустар, фидживирустар және
циповирустар тек өсімдіктер мен насекомдарды зақымдайды.
Ретровирустар — құрамында РНҚ бар зардапты ісік туғызатын вирустар тұқымдастығы.
Геномдары бір-біріне ұқсас екі сыңар тізбекті позитивті РНҚ молекулаларынан және
осылармен байланысқан кері транскриптазадан тұрады. Вирус бөлшектерінің диаметрі 70 —
120 нм липопротеид қабығы бар. Үш тұқымдастық тармаққа: онковирустарға,
лентивирустарға және спумавирустарға бөлінеді.
Бактериялар
Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ
жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды
қызметті атқарады.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия
негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез
құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды;
ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы
организмдер.
Геном эволюциясы
Геном - жасушаның, ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық
генетикалық ақпарат жазылған ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып
табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ - сының барлық
гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы
Митохондрия ДНҚ-сының (мтДНҚ) геномы 16569 н.ж. тұратын қос
тізбекті сақиналы молекула болып табылады. Әрбір митохондрияда 10-шақты
ДНҚ молекуласы кездеседі. мтДНҚ-сында интрондар болмайды, оның
құрамында 2р РНҚ, 22-т РНҚ және 13 фосфорлау полипептидтерінің гендері
кездеседі. Митохондрий геномы 1981 ж. толық анықталған.
Қорытынды
Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-
қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің
организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі
болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан
бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады.
Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да,
тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы
аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды. Инфекция
бактерия, вирустар және басқа да жұқпалы организмдер арқылы
жұғады. Вирустар мен бактерияларды зерттейтін ғыым молекулярлы
биология мен медициналық генетикамен тығыз байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1) О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша
терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
2) Ж.К. Төлемісова, Г.Т. Қасенова, Б. Мұзапбаров, З.Ә. Қожахметова «Тағамдық
микробиология» Алматы 2013ж Айтұмар баспасы 27-бет
3) М.Х. Шығаева, Ә.Т. Канаев. Микробиология және вирусология. -Алматы,
2008. – 376 б.
4) Емцев В.Т., Мишустин Е.Н. Микробиология. М.: ДРОФА. – 2006. – 445 с
5) Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для
студентов
6) Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология.- Алма- ты,.2008.
7) Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-
қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 2013 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz