Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды


Slide 1

“Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды ”

(Н. Ә. Назарбаев)

Slide 2

Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл

Slide 3 Slide 4

Қазақ хандығының құрылуының себептері

Керей мен Жәнібек сұлтандардың

Қазақ хандығын құруға ұмтылуы

Біріншіден:

Slide 5

Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі

Екіншіден:

Үшіншіден:

Алым-салықтың көбеюі

Төртіншіден:

Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19

Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір кинорежиссерге «байлық бақыт болып санала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Өзімде және өзгелерде бар бүкіл байлықты халқымның бір күндік тәуелсіздігіне берер едім», деп жауап қатыпты.

Ұлтты әлсіретудің, ел бірлігіне сызат түсірудің сан түрлі айласы бар. Біздің тарихта болған талай зобалаң шапқыншылық та, азап та, аштық та соның бір ғана жұрнағы. Мұндайда танымы терең ұлт қана ұтылмайды.

Әр қазақ іштей түюі керек бір ақиқат тәуелсіздік тасадағы талай сөзге теңгерілмейтін ұлт үшін ұлық ұғым екені. Елді қасіреттен қорғайтын таған сол ғана. Тәуелсіздікті қастерлей алмасақ, бастан бақтың тайғаны.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Slide 20 Slide 21

Қазақстанның тәуелсіздігі деген өте қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады.

Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.

Ел үшін ерек енді бір таған - әз Астана. Анығында, Астана тек көрікті шаһар ғана емес. Қала кейіпіндегі елдің интеллектуалдық қалқаны. Астана орталық қаланың жүгін ғана арқалап отырған жоқ. Бүтін ел экономикасының локомотиві.

Шаһар небір жаңалықтар дүниеге келетін, халықаралық бастамалар жүзеге асатын, үлкен әңгімелер айтылатын алаңға айналды. Мұндай шаһардың аты өзінен бұрын жүреді. Даңқы арқылы халқы танылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Slide 22 Slide 23

Астана - елорда болғаннан кейін Елорда жағдайы мемлекеттің жағдайы. Астана тек жай шаһар емес, мағынасы, мәні ерекше. Осындай жүгі бар Астананың.

Ал, енді шаһарды да, халықты да танытудың бізге берер артықшылығы жөнінде. Елбасы мұхит асса да, кәрі құрлықтың төріне барса да, Астана салған халыққа сенім бар.

Біздің азаттықты аңсап жеткен ел екенімізді, ешкімнің несібесіне қол салмаған, еңбексүйгіш, талапшыл жастары бар жұрт екенімізді мойындай бастады алты құрлық.

Жуырда Еуропалық одақпен арада қол қойылған ұзақмерзімді келісімшарт көп елге іш тарта қоймайтын, қанатының астына мемлекеттерді іріктеп барып кіргізетін Еуропалық одақ секілді алып ұйымның бізге деген сенімін көрсетті.

Сөйтіп, дабыра қылмай-ақ, үлкен істі тындырдық. Көп ұзамай ДСҰ Қазақстанға есігін айқара ашады. Келіссөздер сәтті аяқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Slide 24 Slide 25

Астананы әсем, жайлы және қолайлы ете түсу үшін жұмысты жалғастыру керек. Қазіргі басты міндет - EXPO-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру, оны өткізу елорданы өзгертеді.

Мүлде жаңа мәдениет және ғылым орталығы пайда болады. Халықтың демалысына, сауда-саттыққа, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған жаңа алаңдар бой көтереді. Ауқымды құрылыс 2016 жылы аяқталуға тиіс.

Астанаға тартылатын тоқсан тармақты жол да, халықаралық көрме де, үлкен нарыққа кіруге жасалған қадам да, Еуропалық одақпен арадағы сүбелі келісімшарт та тұтастай алғанда биліктің халықтың қамы үшін қолға алған күрделі қадамдары.

Олардың барлығы тек тірлігі ұйыған, бірлігі бекем елде ғана жүзеге асады. Президенттің айтпағы, бір-бірімізге деген өкпе көпке апармайды, бақытты ел болу үшін бірлікті бағалай білейік, деген түйін.

Көршілер кектескен алмағайып заманда бірліктің қадірін ұғынған ел ғана алысқа шабады, азулыға алдырмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Slide 26 Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуының себептері
Орталық Қазақстандағы мұртты обалар
Қазақ хандығының құpылуы
Қазақ хандығының алғашқы территориясы
САҚ ҚОҒАМЫ
Көтерілістің басты Қазақ шаруалары
Қазақ сөзі
Конфликтілі мінез - құлық қалыптасуына қорқыныштың әсері
ҰЛЫТАУ ҰЛАҒАТЫ
Тәрбиенің психологиялық қызметтегі рухани- адамгершілік мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz