Өсімдіктердің мүшелері аркылы (вегетативтік) көбеюі
Презентация қосу
Өсімдіктердің мүшелері аркылы (вегетативтік) көбеюі
• Организмнің жарақаттанған немесе жойылған
бөлігінің қайтадан қалыптасып, орнына келуі
регенерация д. а. Өсімдіктерді зақымдану мен
жарақаттанудан сақтайды. Сонымен қатар ол
өсімдіктердің мүшелері немесе жеке бөліктері
арқылы (вегетативтік) көбеюінің негізі болып
саналады.
• Қайта қалыптасу физиологиялық және
зақымды болып бөлінеді. Өсімдік бөліктерінің
табиғи тозудан кейінгі бұрынғы қалпына қайтып
келуі физиологиялық регенерация д. а.
• Оның мысалы ретінде тамыр қынының түлеген
клеткаларының орнына жаңа клеткалардың
қалыптасуын, ксилеманың ескірген бөліктерінің
жаңғыруын, ағаштар діңінде қабықтың
алмасуын, т.б. келтіруге болады.
Өз ретінде зақымды регенерация екі топқа
бөлінеді:
1. Клеткалардың қайталап жіктелуіне байланысты
қалпына келуі. Оны жараның бітуі (жазылуы),
каллустан мүшелердің қалыптасуы (органогенез),
денелік эмбриогенез деген түрлерге бөледі.
2. Меристема деңгейіндегі регенерация:
а) ұштық (төбелік) меристеманың қайта қалыптасуы;
б) алғашқы ұрықтардан мүшелердің дамуы
(органогенез);
в) жаңадан пайда болған басқа ұрықтардан мүшелердің
дамуы.
• Өсімдіктер оргоногенезі.
Енді көрсетілген регенерация түрлерінің қысқаша
анықтамасына назар аударайық.
Жаранын жазылуы. Жарақаттанған бөліктің (мүшенің)
үстіңгі ұлпалары қайтадан жіктеліп (ыдырап) олардың
клеткалары бөліне бастайды. Одан феллоген (тоз камбий)
қалыптасып, тозға айналады. Жараның беті каллус ұлпасы
арқылы да бітуі мүмкін.
Каллустан мүшелердін қалыптасуы. Клеткалардың
қайталап жіктелуі алғашқы кезде жараның бітуіне ұқсас болады.
Бірақ, клеткалардың бағытсыз бөлінуіне байланысты өзара
ретсіз орналасқан паренхималық клеткалардан құралған каллус
ұлпасы п. б. Белгілі жағдайларда жеке клеткалар, н/е топтары
кірме (адвентивті) мүшелерге — тамырға, өркенге, жапыраққа
бастама бола алады. Табиғи жағдайда сабақтың н/е тамырдың
кесілген (жараланган) жерінде каллус камбий клеткаларынан
қалыптасады.
Каллустан мүшелердін қалыптасуы.
Денелік (соматикалық) ұрыктың пайда болуы
(эмбриогенез). Бұнда да жараланған бөлікте каллус
қалыптасады. Оның жеке клеткаларының қалыпты
бөлінуінен денелік ұрықтар (эмбриодтар) қалыптасады.
Белгілі қолайлы жағдайларда олардан тұтас организм
дамиды.
Жараланған бөліктердің каллусқа байланыссыз-ақ
қайта қалыптасуы. Регенерацияның бұл түріне
эпидерманың бірлі-жарым клеткаларынан жараланған
жерден қашықтау кірме өркендердің қалыптасуын жатқызуға
болады. Қабықтың негізгі ұлпа (паренхима) клеткаларының
ксилема клеткаларына айналуы да осының мысалына
жатады. Өткізгіш ұлпа элементгерінің қайтадан қалыптасу
бағыты, ең алдымен, ксилеманың қалыптасуына қажет
генетикалық бағдарламаны қоздырушы ауксиннің біржақты
(полярлы) төмен қарай тасымалдануымен анықталады.
Өсімдік бөліктерінің қайтадан қалыптасуының басқа
түрлері ұштық, немесе бүйір меристемалардың әрекетіне
байланысты.
Ұштық меристеманын калыптасуы. Өсу төбешігін
бойынан қақ жарса, әр жартысынан жеке төбешік (апекс) қайта
қалыптасады. Өркеннің, тамырдың өсу төбешігі меристеманың
кішкентай аралық бөліктерінен де қайтадан қалыптасады.
Мүшелердің бұрынғы бастамалардан қалыптасуы.
Әдетте өсімдіктің жер үстілік мүшелері тыныштық күйдегі
қынап бүршіктерінің өсуінен қалыптасады. Тамыр жүйесінің ұш
жағын жарақаттап тастаса бүйір тамырлар жедел қалыптаса
бастайды.
Мүшелердің жаңадан пайда болған кірме
бастамалардан дамуы. Көптеген ағаш тектес, шөптесін
өсімдіктерден дайындалған қалемшелер қолайлы жағдайда
өздігінен тамырланып жаңа өсімдіктің қалыптасуына
бастама болады. Бұл камбий, немесе перициклдегі
жасырын меристема клеткаларының жедел бөлінуіне
байланысты. Клеткалардың бөлінуі ИСҚ ықпалынан
жеделденеді. Ауксин жоғарыдан төменге қарай жылжып,
қалемшенің түп жағына жиналады.
Осы сипатталған регенерацияның түрлері
өсімдіктерді мүшелері арқылы (вегетативтік) көбейту
әдістерінің негізі болып есептеледі.
Өсімдіктерді мүшелері арқылы көбейтудің
әдістері. Аналық өсімдіктерден түйнек, пиязшық,
тамыр, сабақ құрамындағы денелік клеткалар ұлпалар,
сондай-ақ қалемшелер, мүше бөліктері және жекелеген
ұлпалар арқылы ұрпақ алу вегетативтік көбейту д а.
Оның әдістері үш топқа бөлінеді:
1. Сабақ және тамыр, бүршіктер, жапырақтар арқылы
көбейту – қалемшелеу.
2. Ерекше мүшелер – тамыр сабақ, түйнектер,
пиязшық, мұртшалар арқылы көбейту.
3. Ұластыру (прививка, телу) арқылы көбейту.
Вегетативті көбею түрлері.
Калемшелеу. Тамырланғаннан кейін дербес өсімдік
болып дамуға қабілетті сабақтың қалемшелерінен сабақ
кесіндісі дайындалып тамырландырылады.
Тамырлану сипатына қарап, сабақ қалемшелері екі
топқа бөлінеді .Ағаштардың бір тобынан (үйеңкі, терек, т.б.)
көбейтуге арналған қалемшелер қысқы сабақтардан
дайындалады. Олардың тамыры сабақ қабығының «тамыр
бастамалары» деп аталатын ерекше құрылымдардан дамиды.
Өсімдіктердің екінші тобы (қайың, самшит бересклет,
шөптесін) жапырағы бар жасыл, немесе жазғы қалемшелер
арқылы көбейтіледі. Жазғы қалемшелер тамырланғанда
алдымен каллус пайда болады да, олардан тамырлар дамиды.
Қысқы қалемшелер бір жылдық сүректенген
(ағаштанған) өркендерден алынады. Себебі, қартая бастаған
өркендерден дайындалған қалемшелер өте нашар тамырланады.
Қысқы қалемшелерді күзде ағаш жапырақтары түскеннен кейін
дайындап, қыста қарда немесе суық үй астында (подвал)
сақтайды. Олардың ұзындығы 20-30 см кейде одан да ұзындау
етіп кеседі. Ұзындау және жуандау қалемше жақсы тамырланады.
Осылайша дайындалған қалемшелер көктемде 45° бұрышпен,
топырақ бетінде 2-3 бүршігін, қуаңшылық аудандарда бір ғана
бүршігін қалдырып отырғызылады.
Қоректік заттары көп және тамыр бастамалары
болатындықтан қысқы қалемшелер тезірек тамырланады.
Жасыл қалемшелерді жапырақты оркендерден дайындайды.
Оларда тамыр бастамалары болмайды да, кесілген жерінен каллустан
тамыр дамиды. Қалемшелердің кесілген жерінен бөлінетін шырыннан
жұқа қабықша пайда болады. Бұндай қорғаныш қабықша өте баяу
пайда болған жағдайда қалемшелер микроорганизмдердің әсерінен
шіріп кетуі мүмкін.
Жүргізілген тәжірибелерде каллустан тамыр бастамаларының
қалыптасуына гетероауксиннің қажеттілігін көрсетті. Оның әсерінен
өткізгіш шоқтар жүйесі сұрыпталып, тамырлану жеделденеді.
Қалемшелерді қалыптағыдай тамырлану үшін оларда ең кем
дегенде бір бүршік болу қажет. Жасыл қалемшелердің одан басқа
жапырағының да болуы қажет.
Тамырлардың калыптасуы қалемшелердің төменгі жағында
барлык ауксиндер мөлшерінің көбеюіне тығыз байланысты болады.
Қалемшелердің тамырлануына басқа
жағдайлар да – жылу, ылғал, аэрация өте қажет. Ол
жағдайлар жас кезінде, салқын көшетқаналдарда
жасалады. Көшетқананың еденіне қалындығы 10-12
см құммен араластырылған шым топырақ төселіп,
оның үстіне қалыңдығы 4-6 см етіп жуылған құм
төселеді. Кейде құмның орнына ағаш күлін,
үгіндісін, т.б. қолдануға болады. Көшетқананың
қалыпты жылылығы 20-27°С ша-асында болуы
қажет.
Жасыл қалемшелердің қалыпты өсуіне шашыраңқы
жарық қолайлы болады. Сондықтан көшетқананың терезелерін
әктеп қойған жөн. Әдетте, жарық қалемшенің тамырлануын
баяулатады. Бірақ, қалемшенің төменгі (морфологиялық түбі)
жағын топыраққа көміп қойса, жарықтың әсерінен тамырлануы
жеделдейді. Көк сәуле, қызыл сәулеге қарағанда, қолайлырақ
келеді.
Қалемшелердің тамырлануын жеделдету мақсатында
олардың төменгі жағын ылғал мүкке батырып, полиэтиленмен
орап, жа- пырақтарын жаппай үлдірікте (стеллаж) сақтау әдісі де
қолданылады.
Қалемшелерді химиялық қосындылармен өңдеу арқылы
жеделдету. Солардың ішіндегі ең пайдалылары гетероауксин Ɓ-
индолил май қышқылы, а-нафтилсірке қышқылы және
гербицид 2,4-Д екендігі дәлелдеңці.
• Ұластыру – телу. Өсімдіктерді мүшелері арқылы
көбейтуде тағы бір көп қолданылатын әдіс .Бұл
әдіс негізінен жеміс ағаштары мен сәндік
өсімдіктерді көбейтуге қолданылады. Оның
бірнеше түрлері бар: жанастыра телу
(аблакатировка), қалемшелермен телу,
қыйыстыру (копулировка), тілікшелеу, сүрек
пен қабық арасына ендірмелеу, телінушіні
көзшелеу (окулировка), ағаш тамырына телу,
өнген тұқымдарды телу.
• Жанастыра телуде екі өсімдік сабақтары біріне-
бірі иіліп, жанастырылатын бөлігінен (5-6 см)
қабығы жолақтанып тілініп тасталады. Одан соң
осы жалаңаштаған жері өзара жымдастырып,
жіппен орала байланады. Телінуші сабақта (привой)
ең кем дегенде бір көзше, немесе бүршік болуы
қажет. Телінген сабақ қалыпты өсіп жетіскенсін
аналық өсімдіктен бөлінеді. Осыдан бастап ол
телуші (подвой) өсімдік тамыры арқылы су мен
қоректік затгарды қабылдап, өсіп дами береді.
Өсімдік сабақтарының осылайша жанасып өсуі табиғатта
жиы кездеседі. Өздігінен теліну шырша, жүзім, қайың, терек
өсімдіктерінде көп байқалады. Сондай-ақ, өсімдіктердің
тамырлары да бірігіп өсе береді. Кейде жемістер, гүлдер,
жапырақтардың да бірігіп өсетіндігін байқауға болады.
Калемшелерді қиыстырып телігенде телуші (подвой)
және телінуші (привой) өсімдіктердің сабақтары, немесе телінетін
басқа мүшелері қиғашталып кесіліп, кесілген жақтарын өзара
үйлестіріп байлап бекітеді. Сондай-ақ, телуші өсімдік мүшесін
(сабағын) онша тереңдетпей жарып, сол жарыққа телінуші
өсімдік қалемшесін сыналап орнықтырады. Қалемшелерді телуші
өсімдік қабығының астына ендіріп те телуге болады. Телуші және
телінуші өсімдік мүшелерін қиғаштап кесу олардың өзара жанасу
ауданын көбейтіп, ұласып өсуін оңайлатады.
Көзше, немесе бүршіктерді телігенде телуші өсімдік
қабығын Т-тәрізді тіліп, шеттерін сүректен ажыратып, сүрек бөлігімен
қоса кесіп, алынған көзшені немесе бүршікті сол тілікке орнатады.
Ұластырылған мүшелердің қалыпты өсіп-өнуі, олардың
кесіліп қиыстырылған жерінде каллустың пайда болуына байланысты.
Тегі жағынан алшақтау бұршақ, алқалар және асқабақ
түқымдастарына жататын өсімдіктерді өзара телу арқылы көбейту
ойдағыдай нәтиже береді. Шабдалы және өріктер өзара өте
қиындықпен телінеді де, қара өрік, бадамгүл сияқты өсімдіктермен
оңай телінеді.
Ұластырылған өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуы телуші
мен телінушінің физиологиялық күйіне, телу әдістеріне және оларды
күтуге байланысты болады.
Әдетте телу жұмыстары көктемде және жазда, яғни
өсімдік сөлінің тасымалданатын (жылжитын) кезеңде жүргізілсе
жақсы нәтиже шығады. Көзше (бүршік) арқылы телуді жаздың
екінші жартысында және күзде орындаған жөн. Қыс айларында телу
әдістері жылы жайларда, ал оңтүстік аймақтарда ашық далада
қолданылады.
Телуші өсімдіктерді тұқымнан, немесе қалемшелерді
сұламалау арқылы өсіріп алады. Әдетте телуші ретінде сол түрге,
туысқа немесе тұқымдасқа жататын жабайы өсімдіктер
пайдаланылады. Мысалы, мәдени алма орман, қытай, сібір
алмаларына телінеді. Алмүртты жабайы орман, уссурия алмүртына,
доланаға ұластыруға болады. Ұластыруға арналған қалемшелер
күзде дайындалып, көктемге дейін ашық жерде, немесе ұралар мен
үй астында кұмға көміліп сақталады.
Ерекше мүшелер — тамыр сабақ, түйнек,
пиязшық арқылы көбейту. Бұл әдіс мүшелердің,
бүршіктердің қолайлы жағдайларда қайтадан
жаңғырып, өсіп-дамуына негізделген.
Сұлама бұтақтар арқылы көбейткенде,
алдымен, сол өркенді тамырландырып алады. Толық
өсе бастаған кезде, аналық өсімдіктен бөліп (кесіп)
тастайды. Бұл әдіс үйреншікті қалемшелеу тиімсіз
нәтиже бермейтін жағдайларда қолданылады.
Мысалы, қызыл емен, талшьш, алшаны, т.б. осы әдіс
арқылы көбейтеді.
Назарларыңызға рахмет !!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz