Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар




Презентация қосу
Өсімдіктің өсуіне байланысты
қимыл-қозғалыстар
Өсімдіктің өсуіне байланысты кимыл-
қозғалыстар

Жер бетінде өсетін өсімдіктердер өздерінің өте
күрделі тереңдеп, жайылып өсетін тамыр
жүйесімен топыраққа мықты бекініп, терең
орналасады. Сондықтан, сырттай қарағанда
тұтас өсімдік организмінің жылжу қабілеті жоқ
деуге болады. Дегенмен, өсімдіктерде өсуіне
байланысты толып жатқан қимыл-қозғалыстар
өте көп кездеседі.
Солардың ішінде тропизмдер (грек,
tropos-бүрылу) деп аталатын түрі көбірек
орын алады. Тропикалық реакциялар
(қимылдар-бұрылулар) өсіп тұрған
мүшелердің тітіркендіргіштердің
(жарық, жердің магниттік тартыс күші,
т.б.) бір жақты әсерінен өсуін өзгертуіне
байланысты.
Фототропизм Травмотропизм

Гемотропизм Электротропизм
Өсімдіктің
өсуіне
байланысты

Хкмотропизм Термотропизм

Тигмотропизм
Фототропизм. Жарықтың бір жақты
әсерінен өскіндер. сабақтар, бұтақтар жарық
түскен бағытқа қарап иіліп өседі. Бұл
құбылыс фототропизм деп аталады.
Мысалы, бөлмелерде терезе алдында
өсірілген өсімдіктердің жарық түсетін жаққа,
терезеге бағытталып иіліп өсуі, оң
фототропизмге жатады.
Дорзовентралды құрылымды (лат. dorsum-
арқасы, ventrum-іші), яғни іш жағы және сырт
жағы деп бөлуге болатын мүшелерге
диафототропизм тән. Бұл жағдайда жапырақ
алақандары күн сәулесіне қөлбеу
(перпиндикуляр) орналаса-мүшелерде оң
немесе теріс фототропизм байқалады.
Көптеген өсімдік тамырларының өсуін теріс
фототропизмге жатқызады.
Геотропизм. Өсімдік тіршілігінің жердің тарту күшіне
байланысты бағытталып өсуін геотропизм деп атайды.
Олардың негізгі тамыры тік төмен қарай (оң геотроизм)
өседі де, негізгі сабақ (дің) жоғары қарай (теріс
геотропизм) өседі. .Бүйір тамыр мен бұтақтар (біршші
реттегі) негізгі тамыр мен сабаққа белгілі бұрьпп жасап
орналасады, жапырақтар горизонталды жайғасады.
Олардың орналасуы негізінен сәулелер бағытымен
реттеледі.

Бүршақ тамырының геотропикалық
иілуі С.И Лебедев, 1988): 1 I алғашқы; 2-7
сагаттан соң; 3-24 сагатган соң.
Геотропикалық иілу де өсуге байланысты. Сабақтың
төменгі жағы (жерге жақын) қарқындылау өседі.
Кейде күшті нөсер жаңбырдың немесе желдің
әсерінен дәнді дақылдар құлап қалады да, біраздан
кейін көтеріледі. Егер өсімдіктер масақтанып,
гүлденген болса сабақтың тек үш жағы (өсуге
қабілетгі) көтеріледі. Тұқым ұрығының жаңа ғана
қалыптасқан негізгі тамырын көлбеу (горизонталь)
жайғастырьш қойса, оның ұшы төмен қарай тік өседі.
Демек тамырдың үстіңгі жағы қарқындылау өседі

6.5-сурет.Дәнді дақыл
сабағының геотропикалық
иілуі
Хемотропизм.
Өсімдік мүшелерінің химиялық қосындылардың әсерінен өсу
бағыттарын өзгертуі хемотропизм деп аталады. Ол тамырда,
тозаң – түтіктерінде, шықшылдақтың без түтікшелерінде, т.б.
байқалады. Бұндай тітіркендіргіштерге қышқылдар және
сілтілер (Н+ және ОН– иондары), минералдық тұздар және
органикалық қосындылар (трофикалық), гормондар т.б. заттар
жатады. Өсімдік мүшелері, бөліктері(ұлпа клетка)
тітіркендіргіш жаққа бағытталып (оң хемотропизм), немесе
(теріс хемотропизм) өсуі мүмкін.Хемотропикалық қимыл
газдарға да байланысты болуы мүмкін.
Хемотропикалық қимыл газдарға да байланысты болуы мүмкін.

Кейде тамырдың ұштарды оттегі мен көмірқышқыл газы
көбірек жаққа бағытталып өсетіндегі байқалады. Өсімдік
мүшелерінің топырақтың ылғалы, суы мол бөліктеріне
бағытталып өсуі гидротропизм деп аталады.
Хемотропизм
Тигмотропизм. Өсімдік мүшесінің басқа бір
денемен жанасуына байланысты өзгеруі
тигмотропизм деп аталады. Бұған өрмелеп
өсетін өсімдіктер мұртшаларының, ауа
тамырлар ұштарының, жапырақ,
сабақтардың түрліше жанасу нәтижесінде
бағытын өзгертулерін келтіруге болады.
Термотропизм. Жылылықтың бір жақты
әсерінен өсімдіктерде термотропизм
құбылысы байқалады. Асбұршақ тамырының
өсу аймағының температурасы 260С–тан 410С-
ға дейін көтерілгенде тамырдың өсуіне 5 есе
артатындығы (кері термотропизм) байқалады.
Терморопизмнің қайталанатын
температуралық шектері де анықталады.
Тигмотропизм Термотропизм
Электротропизм . Өсімдік мүшесін
электр алаңына орнатқанда, немесе
өсімдік арқылы электр тоғын
өткізгенде электротропизм байқалады.
Колеоптиль ұшынан көлденең ток (20
мк А ) 2мин өткенде оның иілгенін
көруге болады. Өскіндерді электрлік
алаңға (конденсатор қалақшыларының
арасына) орнықтырып бақылау
жүргізсе, өркендер оң, ал тамырлар
теріс зарядты табақшаға қарай иіледі.
Бірақ ол үшін өте күшті ток қолдану
қажет болады
Травмотропизм. Өз кезінде Ч.Дарвин тамырдың
бір жағына уытты затпен әсер еткенде
(AgNО3)оның қисайып өсетіндігін байқаған
болатын.
Әдетте тамырлар зақымданған жағынан қарама-
қарсы бағытқа иіліп өсседі. Мысалы, кейбір
өсімдіктердің (қыша , күнбағыс,бөрібұршақ)
өскіндерінен тұқым жарнақтарын толық жұлып
тастап олардың қисайып өсетіндігін байқауға
болады.
Жапырақ алақанының бір шетін жұлып
тастағанда сағақ пен орталық жүйе жараланған
бағытқа қисаяды. Жапырақтарды түгел алып
тастап сабақтың гүлшелерді бір жақты бөліп
тастап , өркеннің жараланған жаққа бағытталып
өсетіндігін байқауға болады. Көпшілік жағдайда
травмотропикалық иілу өсімдіктің (оң
травмотропизм) жараланған жағына
Настиялық қимыл-қозғалыстар. Өсімдіктерде жан-
жакты (диффу- зиялы)әсерлейтін жағдайларға
байланысты настиялық деп аталатын кимыл-қозғалыстар
да көптеп кезедеседі. Ондай жағдайларға, өсімдікті
қоршаған ортада біркелкі таралатын температура,
ылғалдылық, жарық деңгейі жатады. Жылан қияқ,
қызғалдақ сияқты өсімдіктер салқьш жерден (10°С) жылы
жайға (20-25°С) ауыстырылса гүлдері тез ашыла
бастайды. Бұл термонастия деп аталады. Термонастиядан
басқа фотонастия, сейсмонастия, гидронастия,
хемонастия, т.б. түрлері кездеседі.
Настиялық қимыл-қозғалыстар осімдіктердің
дорсивентральды құрылысты органдарына тән құбылыс.
Кейбір өсімдіктерде настиялар клеткалардың созылып
өсуінің біркелкісіздігінен пайда болады. Жоғарғы жағы
қарқындылау өскенде орган (жапырақ, күлте жапы-
рақша) төмен қарай (эпинастия), керісінше өскенде,
жоғары (гипнас- тия) иіледі.
Настиялық қимыл-
қозғалыстар

Фотонастия Пигмонастия

Термонастия
Фотонастия. Кимылдың бұл түрі жапырақтарға және
гүлдерге тән. Күндізгі гүлдердің көпшілігі жарық
қарқынының төмеңдеуінен жабылады, түні гүлдер керісінше,
бұндай жағдайда ашылады. Кейбір жағдайларда гүлдердің
фотонастиялық қимылдары жоғары және төменгі
жақтарының өсу жылдамдығының айырмашылығына
байланысты болады. Жас жапырақ алақандары күндіз көлбеу
(горизон тальны) орналасады да, кешке сағақтарының немесе
алақанының иілуіне байланысты орналасуын өзгертеді. Қына-
гүлді түсте қараңғылап қойса, сағағының үстіңгі жағының
өсуі жеделденіп, жапырақ алақаны төменге иіледі.
Термонастия. Қызғалдақ, жылан қияқ күлте
жапырақшалары- ның температурасы көтерілгенде ішкі
жағының өсуі жылдамдап, гүлдері ашылады. Температура
төмендегенде сырт жағының өсуі жылдамдап , гүлдері
жабылады.Осы қимыл жылдамдығы температураның
өзгеруімен анықталады.
фотонастия
Пигмонастия. Өсімдіктегі қимылдың бұл түрін ең бірінші
Ч.Дарвин өрмелеп өсетін өсімдіктердің мұртшаларын
зерттеу арқылы байқаған болатын. Осындай өсімдіктердің
мұртшалары дорсивентральды басқа денелерге жанасқанда
оралып қалады. Мұртшалардың екі сезімтал ұштары тегіс,
беті жылтыр нәрселерге жанасқанда өсу бағыты өзгермейді
де, тек беті тегіс емес, түкті, кедір-бұдырлы, яғни, үйкеліс
туғызатын заттармен жанасқанда ғана ширатылып орала
бастайды. Бұл құбылыс ас бұршақта өте анық байқалады.
Оның мұртшасының төменгі жағын (бет) шыны
таяқшаларымен сипаса 22 минуттен соң оралуы басталып
48 сағатқа дейін созылады. Алдымен астыңғы клеткалары
жиырылып, жоғарғылары созылады да, содан соң екі
жактағылары да созылады.
Айналма қозғалыс — нутация.
Нутация (лат. nutatio-тербелу, шайкалу) — айналма
немесе тербелмелі қимыл, шырмалын өсетін
өсімдіктерде жөне тамырда байқалады. Өсіп түрған
өркен өздігінен шайқалып, көлденең биіктен ауыткиды.
Нутациялық қимыл созылып өсу аймағындағы
клеткалардың қарқынды өсуінің нәтижесінде
байқалады. Сабақтар мен тамырдың айналма нутациясы
гравитациялык алаңда геотропикалык өзгеріске және
автотропизмге байланысты.
Шырмауык өсімдіктер. Айналма нутация шырмалып өсетін
өсімдіктерде (лиана) өте анық байқалады. Бұндай өсімдіктердегі бір
айналымнып ұзақтығы 2-ден 12 сағатқа дейін созылады. Лианалардың
көпшілігі солға қарай, яғни өркен ұшы сағат тіліне қарсы оралады.
құлманың сабағы оңға қарай бұралып өседі. Шырмауықтардың жас өркені
басында тік өседі де, диадиотропика- лық реакцияға байланысты ұшы
иіліп, көлбеу орналасады. Осыдан кейін, бүйірлеп өсудің нәтижесінде
айналымды нутация басталады да, өркен тіреуге ширатылып өседі.
Шырмалып өсетін өсімдіктерде гиббереллиндер мен флавоноидтар кобірек
болады. Олардың шырмалып өсуі осы гормоңдарға байланысты болуы
мүмкін.
Бунакденелілерді жегіш
өсімдіктер. Бұндай өсімдіктер
батпақты аймақтарда көп
кездеседі. Оңда топырақтарда
азоттың мөлшері өте аз
болатындықтан, өсімдіктер
насекомдарды жапырақтары
арқылы ұстап алып, қорытып,
азотын пайдаланады.
Саңырауқұлақтар және жабық
тұқымдылардың алты туыстасы
арасынан табылған насеком жегіш
өсімдіктер, оларды жабысқақ
заттар, немесе ұстағыш арқылы
ұстайтын көрінеді.
Жабысқақ заттар өсімдік мүшеіндегі
(жапырағыңдағы) ойыстар және саңырауларда
болады. Олар, негізінен көмірсулар - без
клеткаларында синтезделіп, жапырақ бегіне
диктиосома көпірішіктері арқылы бөлініп
шығады. Кейбір жәндік жегіштер, мысалы
шықшылдық оларды екі құралымен де ұстай
алады. Жабысқақ заттарға тұтылған жөндіктер
өздерінің қимылымен сезімтал клеткаларды
тітіркендіреді. Олардан күшті қышқылдар
жөне гидролиздік ферменттер бөлінеді.
Шыбын ұстағыш (Dionaea) жәңдіктерді тек
«қақпанымен»ғана ұстайды. Ол екі қақпашалы түкшелі
жапыраққа ұқсас болады. Түкшелердің механикалық
тітіркенуінен ұстағыш клеткалары қозып қимылдап,
жабылып қалады. Осындай қимыл өте тез (0,1 сек) уақыт
аралығында жүреді. Ұсталған жәндік толық қор
тылғанша ұстағыштар ашылмайды. Егер, ұстағыштар
баска әсерлегіштерге байланысты жабылса, оңда көп
ұзамай қайтадан ашылады.
ӨСІМДІК ГОРМОНДАРЫ МЕН ТАБИҒИ
БАСЫТҚЫЛАР
Өсімдік гормондары (фитогормондар) — ө с у
процестерін реттейтін қосындылар туралы
ілім XX ғасырдьщ отызыншы жылдарында
қалыптасты. Олар өсімдік мүшелерінің
біреуінде (жапырақ, бүршік, тамыр мен оркен
үштары) синтезделіп, қалыптасып және өсіп
жатқан басқа бөліктерге тасымалданады.
Қазіргі кезде олардың:
Ауксиндер;

Гиббереллиндер;

Цитокиниңдер; топтары белгілі болды.
Ауксиндер. Индолилсірке
қышқылы(ИСҚ) және оньң туындылары
ауксиндер деп аталады. Олар сабақтың
және тамырдың ұштарында (апекс)
синтезделіп, клеткалардың созылып өсу
аймақтарына ауысып сабақ, жапырақ және
тамырдың өсуін жеделдетеді. Қазіргі
кездегі зерттеулер нәтижесінде ИСҚ клетка
қабығының ұзарып өсуін, ондагы белоктар
мен нуклеин қышқылдарының
синтезделуін, тыныс алу реакцияларын
жеделдететіндігі анықталды.
Сонымен қатар, ИСҚ есерінің үзақ мерзімді,
жасырын кезеңі болады деген мәліметгер
кездеседі. Байланысқан күйдегі ИСҚ белок
синтезін жеделдетіп, өсуін тежеп, клеткалар
мен ұлпалардың полярлануына жэне клетка
қабығының жіпшумақ құрамына әсер
ететіндігі дәлелденді. Бұл процестер тек
оның бос күйдегісі болғанда ғана жүзеге
асады.
Гиббернеллиндер. Жапония ғалымы Е.Куросава
1926 жылы Gibberella fujikuroiг
саңырауқұлағында пайда болатын, күріштің жас
өскіндерін індеттеитін қосындыларды ашты. Сол
елдің екінші ғалымы Т.Ябута осы
саңырауқұлақтан химиялық таза зат —
гиббереллинді бөліп алды. Химиялық тегі
жағынан дитерпеноидтарға жататын осы
қосындылардың бастамасы ацетат (ацетил
радикалы СҚСО-) және мевалон қьппқылы
екендіп анықталды:
НОН2С-СН2-СОН-СН2-СООН
Осы қышқылдан біртіндеп аралық қосындылар
пайда болып, ең соңында гиббереллин синтезделеді:
Ацетат --- Мевалон қьшіқылы
--Геранилгеранилпирофосфат ---Каурен ---
Гиббереллиндер.
Соңғы кездегі мәліметтер бойьшша сәйкес,
гиббереллиндерге 60- тан аса қосындылар жатады.
Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас,
көміртектік қаңқалары да бірдей жэне А1, А2, А3.
жэне т.б. (А ағылшынша acid -қышқыл) деп
белгіленеді. Олардьщ ішіндегі, барлык өсімдіктерде
көп мөлшерде болатыны - гиббереллин А. (гиббе-
релл қышқылы.
Оның өте аз мөлшерімен өңделген өсімдіктің
сабағы өте ұзарып, жапырақтары
майдаланып кетеді. Әсіресе, гүл сағағы
шамадан тыс ұзарып өседі (6.6-сурет). Кейбір
төжірибелерде гиббереллиндердің, әсіресе
гетероауксиндерге қарағанда, жүздеген есе
күшті болатыңдығы байқалды.

Гиббереллиннің темекінің
өсуіне әсері: 1 —
гиббереллинмен өнделген; 2
— бақылау.
Цитокининдер. Клеткалардың бөлінуін қоздыруға қажетті
цитокиниңдер деп аталатын заттардың ең бірінші ашылуы
Ф.Скуг, К.Миллер -т-б. галымдардың зерттеулеріне
байланысты. Ең алғашқы кезде ДНҚ-ның кез- келген
үлгісін, тіпті аденозиннің өзін ғана тиісті жағдайларда
өңдегеңде, клетканын бөлінуін ырықтандыратын затқа
айналатындығы белгілі болды. Соңдай, ерекше жағдайларда
пайда болатын зат 6-фурфуриладенин екеңдігі анықталды.
Кейінірек осы заттардын басқа да түрлері ашылды:
Аденин.

Кинетин.

Бензиладенин.

Зеатин.

Зеатинрибозид.

Изопентениладенозин.
Фузикокцин. Гиббереллиндер сияқты дитерпендерге
жататын гормон С36Н56012. Ол 60-жылдардың бас
кезінде Fusicoccum atnygdali саңырауқұлағында
италия ғалымдары ашты. Кейбір өсімдік
ұлпаларында клеткалардың ұзаруына әсер етеді,
устъицалардьщ ашылып- жабылуын реттейді,
бидайдын тыныштық күйдегі тұқымдарының өнуін
жеделдетеді. Фузикокциннің өсерінен мембранадағы
протондық насостар ырықтанып, мембраналардың
еткізгіштігі күшейеді. Қант қызылшаның
жапырағына енгізілген фузикокциннің әсерінен
ассимилятгардың тамырға жылжуы күшейеді.
Брассиностероидтар (С28Н48О6 )деп
аталатын, Cercospora arachidicola
саңырауқұлағында болатын, стероид тектес
өсуді реттеушілер, өсімдіктердің өсуін
жеделдетіп, этиленнің пайда болуына ықпал
етеді. Бұл заттар, ең әуелі ранс тозаңында
(Brassica napus) табылып, брассиндер немесе
брассинстероидтар деп аталды. Әдетте
фитогормондар өсімдіктердің тозаңдарында
көп мөлшерде кездеседі, бірақ олар өсімдікіің
өсетін мүшелері мен гүлдерінде байқалады.
Сонымен қатар, фитогормондардың төртеуі -
гиббереллиңдер, абсциз қышқылы,
фузикоксиндер жөне брассиностероидтар
каротиноидгар сияқты терпеноидтарға жатады.
Осы затгардың барлығының бастамасы
мевалон кышқылы болып есептеледі.
Сонымен, ауксиндер, цитокининдер жэне
этилен өсімдіктердегі өсу процестеріне клетка
деңгеиінде ықпал жасаса, терпеноидты
гормондар органдар жэне организм деңгейінде
әсер етеді
Өсімдіктің өсуін тежегіштер. Өсімдіктердің өсуін
жылдамдатушы қосындылармен қатар, тежеушілер де
кездеседі. Олардың табиғи түрлеріне гормон тектес
абсциз қышқылы (АБК,) және соған ұқсас этилен,
сондай-ақ, күрделі полифенолдар және олардың
туындылары флавоноңдтар, т.б. жатады. Көптеген
зерттеулердің нәтижесінде фитогормондардың
синтезделуі, жалпы бастама қосыңдылар арқылы
табиғи тежегіштердің синтезделуіне байланысты
екендігі анықталды. Мысалы, шиким қышқылы
иңцолды ауксиндер мен фенолды басытқылардың, ал
мевалон қышқылы гиббереллиндер мен абсциз
қышқылының бастамасы болатындығы дәлелденді.
Мевалон қышқылы --------► изопентенилпирофосфат __
► транс---- фарнезилпирофосфат----АБҚ С40 өнімдер
(каротиноидтар)______________
Физиологиялық ырғақ (активті) заттардың жасанды
түрлері.
Соңғы кездерде фитогормондарға, табиғи басытқылар
мен гербицидтерге ұқсас жасаңды қосындылар әр түрлі
тәжірибелерде кеңінен қолдану тапты. Өсімдіктерді
қалемшелермен көбейткенде өсуді жеделдететін қосын-
дылар пайдаланылады. Әдетге оңдай заттармен ағаш
тектес өсімдіктердің өздігінен қиын тамырланатын
қалемшелері өңделеді. Өсу процестерін жеделдетушілер
ретіңде көбінесе гетероауксин (С10Н9О гриңцолилсірке
қышқылы) жэне индолил май қышқылы қолданылады.
Қалемшелердің тамырлануын жеделдету
мақсатында оларды жерге төменгі ұшын
гетероауксиннің 0,005-0,002%-тік ерітіңдісіне
12-24 сағатқа малып қойылады. Жасанды өсу
жеделдеткіштер көкөніс және бау өсіруде,
түйіндер мен жемістердің төгілуін азайту
мақсатыңда қолданылады. Сондай-ақ
биологиялық ырғақты заттар арам шөптерді
құрту үшін де пайдаланылады.
Осы мақсатпен өсімдік организміне әсері физиологиялық
құбылыстардың қалыпты жүзеге асуын бұзуға
негізделетін, тандамалы әсер етеін қосындылар
гербицидтер қолданылады. Химиялық қасиеттер
жағынан бұл қосындылар цитоплазма бөлікшелеріне,
немесе өсімдіктегі зат алмасудың маңызды өнімдеріне
жақын — органикалық қосындылар. Гербицңдтер
молекулалары бейтарапты болғандықтан өсімдік
ұлпалары мен клеткаларына зарядты қосындыларға
қарағанда кедергісіз және жылдамдау сіңеді. Олар май
тектес қосындыларда — липидтерде ериді. Цитоплазмаға
енгеннен кейін, онымен өрекетесіп, физиологиялык
құбылыстардың қалыпты жүруін бұзып, нәтижесінде
өсімдік апатқа ұшырайды.
Дефолианттар мен десиканттар. Егістік
дақылдардын пісіп жетілуін тездету және түсімді
жинау жұмыстарын механикаландыру
мақсатында дефолиантгар және десиканттар
деп аталатьш химиялық препараттар
қолданылады. Түсімді жинауды жеңілдететін
машиналарды пайдалану үшін мақтаны
жапырақтан, картопты пәлектен тазарттыру,
бұршақ түқымдастардың жапырақтары мен
сабақтарын кептіру қажет болады. Осы мақсатта
әртүрлі препараттар пайдаланылады.
Жапырақсыздандыру мерзімі өсімдіктердің
физиологиялық күйіне, ауа райы жағдайларына
байланысты (температура, шық, т.б.) анықталды.
Мысалы, мақта егістігінің бір гектарын 10-12
кг магнии хлоратының 100-200 л ерітіндісімен
бүріккенде өсімдіктердің жапырақтары тез
түсіп, қауашақтары ашылады. Дефолиантгар
әсерінің анатомиялық, химиялық белгілері,
жапырақтарының табиғи түсуін- дегідей,
сағағының түп жағына бөлгіш клеткалар
қабатының пайда болуымен бейнелейді.
Нәтижесінде сағақ және түтік шоқтардың
жамылғы ұлпалары жарылып, жапырақтардың
түсуін оңайлатады.
Картопты, тұқымдық қант қызылша
тамырын, бөрі бұршақ, беде, жоңышқа
және басқа да бұршақ дақылдарды
комбайнмен жинау үшін жапырақтар мен
сабақтарды кептіру (десикация) қажет
болады, Картопты десикациялау үшін
магний хлориды қолданылады. Өсімдікті
бүркіп өндеу түйнектері толық
қалыптасып, қабықтары ескіре бастаган
кезде жүргізіледі.
Ауылшаруашылық дақылдарының пісіп
жетілуін тездету үшін де физиологиялық
ырықты химиялық қосындылар кеңінен
қолданылады. Осындай әдіспен егістікті жинау
алдында өңдеу — синикация бидайдың пісуін
5-7 күнге қысқартып, түсімін 1 гектарға
есептегенше 1,5-2,5 центнерге арттырады,
белок мөлшері — 3- 4, крахмалдыгы — 2-4,
өңгіштігі 5-10%-ке өсетіндігі байқалды.
Назарларыңызға
рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы
Өсімдіктің өсімді мүшелері
Ерік ұғымы туралы
Күш және жылдамдық сапаларының биомеханик асы
Ерік сапалары
Жамбас белдеулерінің сүйектері
Өсімдіктерде болатын маусымдық өзгерістер
Жеке тұлғаның ерік жүйесі
Жаңғыру жәнаңғыру және Әлеуметтік өзгерістердің Қоғамдық қозғалыстардың урбаңизацияе урбаңизация бастаулары
Саяси билік инстуттары
Пәндер