Приматтар отряды- Primates


Slide 1

Приматтар отряды- Primates

Slide 2

Отряд Америка, Африка және Азияның тропикалық және субтропикалық аймақтарында тараған екі отряд тармағының 11 тұқымдасына жататын 192 түрді біріктіреді. Отряд Америка, Африка және Азияның тропикалық және субтропикалық аймақтарында тараған екі отряд тармағының 11 тұқымдасына жататын 192 түрді біріктіреді.

Slide 3

Дене тұрқы 8. 05 - 12см-ден (ұзын өкшелілер, лимурлар, тупайялар) 180см-ге ( горилалар) жетеді. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ құйрығының ұзындығы әр түрлі немесе болмайды.

Slide 4

Приматтардың көпшілігі табан басып жүреді, аяқтары бес саусақты. Аяқтары ұстағыш: бірінші саусағы басқаларына қарама-қарсы орналасқан.

Slide 5

Бас сүйегінде ми сауыты үлкен. Көз шарасы жабық, алға қарай бағытталған. Көруі стереоскопиялы, жақсы жетілген. Иіс сезуі нашар.

Slide 6

Тістері гетеродонтты, дифиодонтты. Ұрт тістері (жалған азу тістер) әдетте қос қырлы. Азу тістері үш- төрт және бес қырлы бунодонтты, брахиодонтты немесе туберкулосектоияльды типті.

Slide 7

Өт қапшығы бар. Соқыр ішегі дамыған. Қоректену сипаты жағынан қсімдік қоректілер немесе ет қоректілер, жиі қорек талғамайтындар. Тіршілігінің басым көпшілігі ағашта өтеді. Аса үлкен емес, сирек үлкен топ құрады. Күндіз, тек кейбіреулері түнде белсенді. Кейбір түрлері құрғақшылық маусымда ұйқыға кетеді

Slide 8

Тұқым безі ұмада не тері астында орналасады. Жатыры қосмүйізді немесе қарапайым. Плацентасы эпителиохориальды не гемохориальды. Әдетте бір ұрпақ туады. Төменгі сатыдағы приматтарда маусымдық көбею болса, жоғары сатыдағыларда- болмайды

Slide 9

Төменгі сатыдағы приматтар, немесе шала маймылдар (Prosimii) -6 тұқымдасқа жататын 53 түрді біріктіреді. Құйрығының ұзындығы әртүрлі, ұстағыш емес, түкпен қалың жабылған

Suborder Prosimii

Slide 10

Саусақтарында тұяқтары, сирек тырнақтары болады. Екінші аяғындағы екінші саусақ аса үлкен емес, есесіне төртінші саусақ ұзын. Үлкен жарты шарлардың беті тегіс не аздаған қыртыстар мен сайшалар болады.

Slide 11

Тупайялар тұқымдасы (Tupaiidae) Оңтүстік-шығыс Азияның ормандары мен Зонд архипелагының аралдарында тараған 18 түрді біріктіреді. Қарапайым приматтар, насекомқоректілермен ұқсастығы бар.

Slide 12

Дене тұрқы 10-22см. Тұмсығы ұзарған, үстіңгі ерні жалаңаш және қозғалмайды, 4 жұп вибристері бар. Құлақ қалқандары үлкен. Көзі үлкен, бүйіріне қараған. Танаулары мұрынның жалаңаш бөлігіне ашылады. Көру және есту мүшелері жақсы жетілген.

Slide 13

Аяқтары қысқа. Алақан-табандары ұстауға бейімделген. Саусақтары тырнақпен қаруланған. Үшінші саусақ ең ұзыны. Құйрығы ұзын және үлпілдек, тек қауырсынқұйрықты тупайяда (Ptilocercus lowi) ол жалаңаш және ұшында қылшығы (жалауы) болады.

Slide 14

Үстіңгі күрек тістері ұзын, шошақтәрізді. Азу тістері үштуберкулярлы, шайнау беті жалпақ. Қорегі насекомдар мен жемістер. Тұқым безі ұмада орналасады. Жатыры қосмүйізді, плацентасы дискоидальды, гемахориальды, үзілмелі. Балаларының саны 1-4.

Slide 15

Өкілдері; кәдімгі тупайя (Tupaia glis), жолақ тупайя (T. dorsalis) Үнді тупайясы(Anathana ellioti) және басқалары

Tupaia glis

Anathana ellioti

Slide 16

Лемурлар тұқымдасы(Lemuridae) - Мадагаскар мен Комор аралдарында тараған 16 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 12-46см. Ми сауыты үлкен, тұмсығында 4-5 шоқ вибристер бар. Үстіңгі ерні жалаңаш, қозғалмайды. Көптеген түрлерінде көздері үлкен, бұл түнде тіршілік етумен байланысты болу керек. Мидың иіс-сезу бөлігі күшті жетілген.

Slide 17

Үстіңгі күрек тістері алшақ орналасқан( диастема), астыңғы күрек тістері шошақ тістермен бірге алға бағытталған. Аяқтары ұстағыш. Саусақтарында тырнақтары бар, тек артқы аяғының екінші саусағында тұяқ болады. Алақан-табандары мен саусақтары-жалаңаш

Slide 18

Құйрығы ұзын. Қорек талғамайтындар. Тәуліктің барлық мезгілінде белсенді. Әдетте ағаш қуыстары баспана қызметін атқарады.

Slide 19

Ергежейлі (Cheirogaleus туысы) мен қаптесертәрізді (Mycrocebus туысы) лемурлар құрғақшылық маусымда ұйқыға кетеді. Жатыры қосмүйізді, плацентасы үзілмейді, эпителиохориальды, диффузды. Әдетте 2-3 бала туады.

Mycrocebus

Cheirogaleus

Slide 20

Өкілдері; катта (Lemur catta), вари (L. variegatus), егеуқұйрықты маки (Cheirogaleus major), майқұйрық лемур (C. trichotis) және басқалары

Lemur catta

Cheirogaleus major

L. variegatus

Slide 21

Индрилер тұқымдасы (Indridae) Мадагаскар аралдарында мекендейтін 4 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 30-106см. Тұмсығы түкпен жабылмаған. Вибристері көп емес. Үлкен тер бездері болады.

Slide 22

Аяқтары ұстағыш. Артқы аяқтары алдыңғыларынан 1/3 есе ұзын. Саусақтары сыртқы жағынан түкпен жабылған, аяқтарында олар екінші буынға дейін жүзу жарғағымен байланысқан, десе де үлкен саусағы бос және басқаларына қарама -қарсы орналасқан. Барлық саусақтарында тырнақ болады. Артқы аяғының екінші саусағында тұяқ бар.

Slide 23

Әртүрлі өсімдіктектес қоректермен қоректенеді. Ағашта тіршілік етеді, десе де жиі жерге түседі. Жерде жай секіріп (шоқаңдап) қозғалады. Күндіз белсенді, тек жүндес индри (Lichanotus laniger) ғана түнде белсенді. Бір жұп емшегі бар. Бір бала туады.

Slide 24

Өкілдері; кекілді индри (Propithescus verreauxi), ақмаңдай индри (P. diadema), кәдімгі индри (Indri indri) .

Indri indri

P. diadema

Propithescus verreauxi

Slide 25

Қолаяқтылар тұқымдасына (Daubentoniidae) Мадагаскар ормандарында мекендейтін, қолаяқ немесе ай-ай (Daubentonia madagascariensis) деп аталатын бір түр ғана жатады. Ден тұрқы 44см-дей, құйрығы 60см. Тері жамылғысы қылшықты әрі сирек. Үлкен көздері алға бағытталған. Құлақ қалқаны үлкен, тықыр. Аяқтары ұстағыш, артқысы алдыңғысынан үлкен. Саусақтары, әсіресе алдыңғы аяқтардың, өте күшті ұзарған. Барлық саусақтарында тырнақ бар, тек артқы аяқтың үлкен саусағында жалпақ тұяқ болады.

Slide 26

Тіс формуласы кеміргіштерге жақын: шошақ тістері жоқ, күрек тістерінің артында үлкен диастема, үлкен күрек тістері тек алдынан эмальмен қапталған, тұрақты түрде өседі.

Slide 27

Насекомдар және олардың личинкаларымен қоректенеді, жемістер мен жидектерді ұнатады. Ағашта тіршілік етеді. Түнде белсенді. жеке немесе жұп құрып жүреді. Жатыры қосмүйізді. Бір бала туады. ХТҚО-Ң Қызыл кітабына тіркелген.

Slide 28

Лорилар тұқымдасы (Lorisidae) Оңт-шығыс Азия мен Африканың тропикалық ормандарында тараған 11 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 11-30см. Тері жамылғысы қысқа әрі қалың. Тұмсығында вибристер бар. Көздері үлкен. Құлақтары әртүрлі: өте кішкентайдан ұзын әрі қозғалмалы.

Slide 29

Аяқтары ұстағыш. Екінші саусағы қысқа немесе рудиментті. Аяғындағы екінші саусақ- тұяқты, қалғандары- тырнақты. Үстіңгі жақтың күрек тістерінің арасында диастема бар. Көптеген түрлерінде астыңғы күрек тістер алға бағытталған. Азу тістер шаршытуберкулярлы.

Slide 30

Иіс-сезу бөлігі нашар дамыған. Негізінен ағашта тіршілік етеді. Қоректену сипаты бойынша насекомқоректілер немесе жыртқыштар, жемістер мен жапырақтарды сүйсіне жейді. Түнде белсенді. Жеке немесе жұбымен жүреді. Жатыры қосмүйізді, плацентасы үзілмейді, эпителиохориальды, диффузды. 2-3 бала туады жаңа туғандардың денесін түк басқан, көздері ашық.

Slide 31

Өкілдері: Азияда жіңішке лори(Loris tardigradus), жуан лори (Nycticebus concang), Африкада- потто (Perodicticus potto), галого (Galogo alleni) және т. б

(Loris tardigradus

Nycticebus concang

Perodicticus potto

Slide 32

Ұзынөкшелілер тұқымдасы (Tarsiidae) Оңт шығыс Азияның аралдарында тараған 3 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 8, 5-16cм, құйрығының ұзындығы 13-27см. Жүні қалың, әрі жұмсақ. Бетті қимыл қозғалысқа (мимика) келтіретін бұлшық ет жақсы жетілген. Аузы үлкен.

Slide 33

Бақырайған көздері алға қараған. Дөңгелек танаулары қозғалмалы үстіңгі ерінде орналасқан. Құлақтары үлкен, тықыр, қозғалмалы. Алдыңғы аяқтары артқыларынан қысқа. Табанында өкше бөлімі ұзарған (аталуы осыған байланысты) . Аяқтары ұстағыш. Алақаны мен табаны ұзын жіңішке саусақты, ұшында майлы төмпешіктер бар, олар ағаш бойымен қозғалғанда сорғыш қызметін атқарады. Барлық саусақтары тырнақпен жабдықталған, мбірақ артқы аяқтың екінші және үшінші саусақтарында тұяқ бар.

Slide 34

Үстіңгі азу тістері үштуберкулярлы, астыңғысы туберкулосекториальды. Негізінен насекомдармен қоректенеді. Ағашта тіршілік етеді. Түнде белсенді. Жеке, жұп, сирек топтанып жүреді. Жатыры қосмүйізді, плацентасы дискоидальды, гемохориальды, үзілмелі. Бір бала туады. Жаңа туған ұрпағының денесін жүн басқан және көзі ашық.

Slide 35

Өкілдері: ұзынөкше-елес(Tarsius spectrum), Филиппин ұзынөкшесі (T. syrichta) және батыс ұзынөшесі (T. bancanus)

Tarsius spectrum

T. syrichta

T. bancanus

Slide 36

Жоғары сатыдағы приматтар, немесе маймылдар отрядтармағы (Anthroporidea) 5 тұқымдас және 139 түрді біріктіреді. Бұл сүтқоректілердің ішіндегі жоғары ұйымдасқан топ, бұған адам да жатады. Дене тұрқы 15см-ден 180смге жетеді. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ. Құйрығының ұзындығы әртүрлі не жоқ.

Slide 37

Миы үлкен: алдыңғы мидың жарты шарлары кейде тегіс (ойынпаздар), десе де көптеген қыртыстары мен сайшалары болады. Көзшарасы алға қараған, самай шұңқырларынан сүйекті пердемен бөлінген. Жақсы көреді, иіс сезуі нашарлау. Бетінде тек 3 жұп вибристер сақталған.

Slide 38

Алақаны мен табанында сезгіш тері қырлары прогрессивті дамыған. Аяқтары ұстағыш: бірінші саусақтары басқаларына қарама қарсы орналасқан. Адамда бұл белгі екінші қайтара жойылған, ь ол табанын толық басып жүруімен байланысты. Саусақтары тырнақпен аяқталады. Өсімдіктектес азықпен қоректенеді. Бір жұп емшегі бар, жатыры қарапайым. Әдетте бір ғана бала туады.

Slide 39

Тұтқырқұйрықты маймылдар немесе капуциндертұқымдасы (Cеbidae) Орталық және Оңт Америкада тараған 35 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 24-91см. Тері жамылғысы қалың. Бетті қимыл қозғалысқа келтіретін бұлшық ет жақсы жетілген, ол түрлі көңіл күйді білдіре алады. Мұрынаралық перде жалпақ, осыған орай танаулары жанына қараған.

Cebus albifrons

Capuchin Costa Rica

Cebidae big

Slide 40

Көздері үлкен, қабақтары қозғалмалы. Ұзын құйрығын түк басқан, тек уакари ғана қысқа құйрықты. Коаталар, өкіргіштер және өрмекшітәрізді маймылдардың құйрығы тұтқыр, оның астыңғы жағының терминальды ұшын түк баспаған және сезгіш клеткалар болады.

Slide 41

Саусақтарындағы тырнақтары жалпақ. Артқы аяқтары ғана ұстағыш. Азу тістері шаршытуберкулярлы. Әртүрлі шөптесін өсімдіктермен қоректенеді, насекомдар мен майда жануарларды жей береді. Күндіз белсенді, тек мирикин (Aotes) түнде белсенді. Семьялық топ құрайды. Көпшілігі ащы дыбыс шығаруға бейімді.

Slide 42

Өкілдері: қасқа уакари (Cacajao calvus), сакимонах (Pithecia monachus), жирен өкіргіш (Alouatta seniculus), капуцин(Cebus capucinus), тиінтектес саймири (Saimiri sciureus), қара коата (Ateles poniscus), өрмекшітәрізді маймыл (Brachyteles arachnoides) және басқалары

Cacajao calvus

Pithecia monachus

Alouatta seniculus

Slide 43

Cebus capucinus

Saimiri sciureus

Brachyteles arachnoides

Slide 44

Ойынпаздар тұқымдасы (Callithricidae) Оңт Американың ормандарында мекендейтін 35 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 15-50см. Тері жамылғысы қалың. Басында бөрік сияқты ұзын жүндері, кейде басында және иығында жалы болады. Басының бет бөлімі жалаңаш немесе сирек түк басқан.

Slide 45

Көздері үлкен емес, мұрынаралық пердесі жалпақ, танаулары бүйіріне қараған(кеңтанаулылар), құлағы үлкен. Көңіл күйін ерні, құлағы және басындағы жүндері арқылы көретуге қабілетті. Барлық саусақтары тырнақты, тек артқы аяқтың үлкен саусағында жалпақ тұяқ болады. Алдыңғы аяқтары ұстағыш емес. Құйрығы ұзын, ұстағыш емес.

Slide 46

Мидың үлкен ми сыңары тегістеу. Ұрт тістері екі және үшқырлы. Шошақ тістері жақсы жетілген. Насекомдармен қоректенеді, десе де құстарды, жемістер мен тұқымдарды да жей береді. Күндіз белсенді. Семьялық топ болып жүреді. Тұқым безі ұмада орналасқан. 1-3 бала туады.

Slide 47

Өкілдері: мармозетка (Callimico goeldii), ойынпаз(Callithrix jacchus), тамарин(Saguinus tamarin) және т. б

Callimico goeldii

Callithrix jacchus

Saguinus tamarin

Slide 48

Төменгі сатыдағы тартанаулы маймылдар немесе мартышкалар тұқымдасына (Cercopithecidae) Африка мен Оңт Азияда мекендейтін 60-қа жуық түр жатады. Дене тұрқы 32см-ден 110см-ге жетеді. Құйрығы жоқ немесе оның ұзындығы 2см-ден 106см-ге жетеді. Тері жамылғысы ұзын. Ұзындау жүндері басында бөрік, кішірек жал не мұрт түзейді. Бетінде, шонданайында, табаны мен төсінде түктері болмайды.

Slide 49

Бассүйектің бет бөлімі ұзарған. Бет бұлшық еті жақсы жетілген. Танаулары алға және төмен бағытталған. Иіс сезуі нашар. Кейбір түрлерінде (макака, павиан, мартышка) ұрт қапшыықтары жетілген.

Slide 50

Аяқтары ұстағыш, тырнақтары жалпақ. Шоңданай сүйелдері болады, ол дегеніміз терісі қалың әрі жалаңаш майлы жастықша тәрізді қабат. Миы жақсы дамыған, қыртысты, сайшалы. Тістері лофодонтты, азу тістері төртқырлы. Өсімдікқоректілер немесе қорек талғамайтындар.


Ұқсас жұмыстар
Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы
Адам эволюциясы
Кап патшалығы
Омыртқалылар тип тармағы
Саналы адам, қазіргі адамдар
Адамның шығу тегі
Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
Қаздар тұқымдасы
Бунақденелілердің классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz