Росс Гренвилл Гаррисонның еңбек жолы




Презентация қосу
Росс Гренвилл Гаррисонның
еңбек жолы
Росс Гренвилл
Гаррисон(1870—1959жж)-
америкалық биолог, дәрігер,
эмбриолог. Ол медицина
тарихында өте маңызды жаңалық
ашты. Ең алғаш болып тірі
жасушаларды лаборатория
жағдайында өсірді. Оның бұл
әдісі оба қатерлі ісікпен ЖИТС
ауруларын зерттеуге түрткі
болды.
Гаррисон отбасындағы 5
баланың екіншісі. Пенсильвания
штатының Джермантаун қаласында
дүниеге келген. Анасы қатерлі ісік
ауруымен ауырып, ерте қайтыс
болады. Ал әкесі Ресей елінде ұзақ
уақыт инженер болып жұмыс
атқарады. Гаррисонның
тәрбиесімен әпкесі айналысқан.
16 жасында Джон Хопкинс атындағы колледжге оқуға түседі. Ол
биология, математика, химия пәндерін, сонымен қатар латын, грек
тілдерін меңгерген.
1889 жылы Хопкинс Университетіне биология мен математика
саласынан білімін жетілдіру үшін оқуға түседі.
1890 жылы эмбрилогия саласын зерттеу үшін ассистент болып
жұмыс жасады.
1892-1899 жылдар аралығында Бонне қаласында медицина
саласында білімін жетілдірді.
1899 жылы Гаррисон Бонне қаласында дәрігер мамандығының
дипломын алды.
Еңбек жолы
Джон Хопкинс атындағы Университетнің әкімшілігі
Гарррисонды медицина факультетіне жұмысқа шақырады.
1895 жылы мұғалімдік қызмет атқарып,
1899 жылы доцент атағына ие болды.
Университет қабырғасында 10 жылдың ішінде 20-ға жуық
эмбриология саласында маңызды мақалаларын жариялады.
Эксперименттік зоология журналының негізін қалады.
Тіндердің өсіру әдісін дамыту
Гаррисонға дейін эмбриология
саласында жүйке талшықтарының
дамуына қандай процестердің
жауапты екенін білмеді. Ғалымдар
дамыған жүйке жүйесінің барлық
талшықтары жүйке жасушаларынан
басталатынын не бітетінін білген.
Бірақ ешкім бүкіл органдар мен
жасушалардағы ұзын жүйке
талшықтарының қайдан дамитынын
білмеген.
Гаррисон микорскопиялық
зерттеулердегі боялған
жасушалардан олардың қай
жерде қалыптасқанын көре
алмаймыз деді. Ол тек қана
жүйке жасушаларынан тұратын
жасушалар жиынтығын алып
бақылау жүргізу керектігін
түсінді.
Бақаның медуллярлық тамырынан кішкене бөлік кесіп алып,
бақаның лимфа тамшысына салып, бетін шынымен жауып,
парафиндеп қояды. Біраз уақыт өткен соң, ол ұзын
талшықтардың жүйке жасушаларынан өсетінін байқады.
Талшықтардың өсіп жатқан ұштарын бақылай отырып, амоебой
қозғалыстың арқасында өскенін анықтады. Сонымен қатар, ол
жасушалардың қолайлы жағдайда 1 аптадан 1 айға дейін өмір
сүретінін анықтады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР
Кері байланыс күнделігі
Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі
Қазақ сөзі
Деректер түрлері
Құрылымдық ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері
СҮЛЕЙМЕНОВА НАЗГҮЛ МЕЙРАМХАНА МЕЙМАНХАНА
Рухани креоционизм консепциялары
Атырау облысындағы мұнай айдау стансасын қайта жаңғырту
Еңбек келісімі
Пәндер