Топырақ биологиясы ілімінің пайда болуы



Тақырыбы: Топырақ биологиясы ілімінің пайда болуы

Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Алғашқы топырақ туралы білімнің жүйеге келтіріліп сипатталуы біздің дәуірге дейінгі VIII ғасырымен біздің дәуірдің III ғасыры аралығында Грек-Рим цивилизациясы кезінде басталды. Осы кезеңде топырақ туралы көптеген мағлұматтар жиналып гректің, Римнің ғұлама, ойшыл философтарының трактаттарында баяндалды. Әр жер ауданында дамыған топырақтардың ерекшеліктері туралы, оларды түрлі егіншілік жүйесінде пайдалану жөнінде ой толғап, топырақты топтарға жіктеудің алғашқы талпынысы жасалды. Әсірісе Рим ойшылдары Катонның, Варронның, Вергилийдің және Колумелланың еңбектері - (трактаттары) кең қауымға белгілі болды.
М. П. Катон
М. Т. Варрон
П. М. Вергилий

Солардың ішінде Колумелланың жазған дүние жүзіндегі бірінші ауыл шаруашылық энциклопедиясы - «Ауыл шаруашылығы туралы трактат» атты еңбегінде ол топырақтың құнарлылығы жөнінде, оны топтарға жіктеу, топырақты өңдеп-баптау, тыңайту мәселелері хақында мол мағлұмат берді.

Жаңа дәуірдің XVI-XVII ғасырлары аралығында феодалдық заманның салық жинау жүйесін үйлестіру үшін топыраққа баға беру жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілді. Осы кезеңнің аяғына таман топырақ туралы жаңа түсініктер қалыптаса бастады. Өсімдіктердің сумен қоректенуі (Френсис Бекон), топырақтан өсімдіктердің тұздарды сіңіруі (Бернар Палисси), табиғаттағы заттар айналымы (Леонардо да Винчи) туралы тұжырымдар айтылды.
Френсис Бекон
Бернар Палисси
Леонардо да Винчи

Топырақтарды зерттеу және ғылыми ағымдар Батыс Еуропамен Ресейде әр түрлі болды. Батыста Ван-Гельмонттың (1629ж) ХVIII ғ. аяғына дейін өсімдіктердің сумен қоректендіру теориясы таралып, XVII ғ. аяғына дейін қолданыста болды. Одан кейін ХІХ ғ. басында А. Тэер ұсынған қарашіріндімен қоректендіру теориясын ауыстырған, Ю. Либихтың (1840) минералды қоректену теориясы болды.
Ю. Либих топырақтың жоғарғы қабатын минералды элементтердің қоймасы немесе өзгермейтін механикалық дене ретінде қарастырады.
Ю. Либих
Ван-Гельмонт
А. Тэер

Ресейде топырақтарды бірінші зерттеген М. В. Ломоносов(1763), ал шірінділердің түзілуінде негізгі рөлді өсімдіктер мен хайуанттар атқратынын анықтаған. Мәскеу университетінде «ауыл үй шаруашылығын жүргізу» профессоры М. И. Афонин (1739-1810) топырақтарға ерекше көңіл бөлген, ал профессор М. Г. Павлов (1792-1840) топырақтардың құнарлығының үзіліссіз жоғарылату туралы көзқарасты дамытты.
М. В. Ломоносов
М. И. Афонин
М. Г. Павлов

Топырақтанудың XVIII ғасырда дамуына неміс ғалымы Н. А. Кюльбельдің «Топырақтың құнарлылығы туралы кітабы» (1740ж. )
Француз оқымыстысы А. Тюргоның топырақтың құнарлығының кемуі туралы ілімі (1766ж. )
Швед ғалымы Н. Валериустың топырақтың қарашіріндісін зерттеп, өсімдіктердің қарашіріндімен қоректену ілімін (1761ж. ) жазуы
Германияда Ф. Ахардттың шымтезектен сілтілермен шайуы арқылы қарашірінді ерітіндісін алып, оны күкірт қышқылымен тұндырып алуы (1786ж. ) еңбектері үлкен үлес қосты.

Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В. В. Докучаевтың ашқан ғылыми жаңалығының басты өзегі -топырақтың жеке ерекше табиғи, тарихи дене екенін көрсетіп дәлелдеуі. Уақыт ағымының қатысуымен тау жыныстарынан ылғалдықтың, ауаның, ағзалардың өзара қарым-қатынасы әсерінен топырақтың пайда болатынын көрсетіп, оның басқа да табиғи денелер сияқты құрылысы, ерекше қасиеттері, жасы, жер бетінде таралу заңдылықтары, топырақтың өз «тіршілігі» бар дене екенін айқындап берді.

Алғаш рет Қазақстан топырақары туралы Араб оқымыстылары Ибн-Хардадбах, Ибн-Хахуаль, Ибн-Русте және басқалардың еңбектерінде Хғ. Айтыла бастады. Петр І және Екатерина ІІ заманындағы экспедицияға қатысушылардан, П. И. Рычковтан және басқалардан өте кеңейтілген және нақты ғылыми мәліметтер түскен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz