Химия өнеркәсібіндегі биотехнология




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Химия өнеркәсібіндегі биотехнология
Ақ биотехнология химия өндірісін
қамтиды.
Ақ биотехнологияның міндеті –
ресурстарды сақтау талаптарын және
қоршаған ортаны қорғау талаптарын
ескере отырып, спирт, дәрумендер, амин
қышқылдары, антибиотиктер немесе
ферменттер субстанцияларын өндіру.
Биотехнологияны қолдану арқылы көп химиялық
заттарды өндіру, табиғи газ мен мұнайға тәуелділікті
төмендетіп, химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға
тигізетін әсерін төмендетуі мүмкін.
Сонымен қатар биотехнологияны химия саласында
қолданудың басқа түрлері бар, мысалы, биоотын
(биоэтанол және биодизель) өндірісі, биомассадан
алынатын синтез-газ(көміртек тотығы және сутегі)
сияқты негізгі шикізат өндірісі және Поли
(гидроксиалканоаттар) сияқты биологиялық ыдырайтын
полимерлер өндіріс үшін қолданылады.
Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта
өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған
отын. Биоотындар сұйық түрде (іштен жану
қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол,
метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек,
отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ
тәрізді отындар (биогаз, сутегі).
Биоэтанол – толығымен ылғалсыздандырылған таза этил
спиртi. Ол бензин құрамындағы октан санын көтередi, өз ретiнде
мұндай қоспасы бар отын қоршаған ортаға лас қалдықтарды 40-80
пайыз аз шығарады. Бензиндi үнемдi пайдалануға мүмкiндiк
беретiн қоспа мұнай химия өндiрiсiнде де кеңiнен қолданылуы
мүмкiн.
Жалпы автокөлiктер саны
жылдан жылға көбейiп келе
жатқан мегаполистер үшiн
бұл таптырмайтын қоспа.
Биоотынды рапс, бидай,
қант құрағынан, жүгерiден
алуға болады. Қазақстанда
осы өсiмдiктердiң денi
өсiрiледi десек, шикiзат көзi
жағынан еш тапшылық
болмайтыны анық.
Биоэтанол бидайдан және
жүгерiден алынады.
Экологиялық пайдасы
Жалпы биоэтанол - үлкен қалалар үшiн
таптырмайтын отын көзi. Әлемдiк
тәжiрибеге сүйенсек, 70-жылдары
Бразилияға мұнай эмбаргосы жарияланған
соң, бұл ел толығымен қант құрағынан
биоэтанол өндiрiп өз автокөлiктерiн осы
отынға толықтай көшiрдi. Қазiр әлемде
биоотынды ең көп өндiретiн осы Бразилия
мен АҚШ екен. Соңғысы мұнай өнiмдерiн
импорттауда жылына 1,5 миллиард доллар
үнемдейдi. Қазiр мұнай бағасының жылдан
жылға шарықтауы әлемнiң барлық елдерiн
жаңа отын көзiн iздеуге итермелеуде.
Статистикаға сүйенсек, биоотын қолдану
көлемi жыл сайын жер шарында 2-3 пайызға
артып отыр екен.
Биодизель – өсімдік, жануар, микроптытан
шыққан майлар және солардың
этерификацияланған өнімдері негіз ретіндегі
отын. Биодизельді отынды алу үшін оған
өсімдік немесе жануар майын қолданады.
Шикізат ретінде рапс, соя, пальма, кокос майы
немесе кез-келген басқа да шикі-майлар,
сондай-ақ тамақ өндірісіндегі қалдықтар
қолданылады. Биодизелді су өсімдіктерінен
өндіру технологиясы жобаланып жатыр.

Биодизель
Биогаз — қатты және сұйық күйдегі органикалық
қалдықтардың метандық ашуы кезінде түзілетін жанғыш газ.
Биогаз ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсіптерінің қалдықтары
ашығанда, ақаба суларда түзіледі. Оның құрамында 55 — 65%
метан және 35 — 45% көмір қышқыл газы болады. Биогазды тез
жетіліп, мол биомасса беретін балдырларды және басқа да
микроорганизмдерді арнайы өсіріп, ашыту арқылы да алуға болады.
Ол отын есебінде қолданылады.
Биогаз өндірісіне лайық, органикалық
шығындылардың тізімі: қи, құс тезегі, сыралы
бытыраның бір түйірі, фекальдық тұнба, балық
цехтарының шығындылары (қан, май, ішек-қарын),
шөп, тұрмыс қоқыстары, сүт зауыттарының
шығындылары – тұзды және тәтті сүт сарысуы,
биодизель өндірісінің шығындылары – биодизель
өндірісіндегі техникалық глицерин, шырын
өндірісіндегі шығындылар – жеміс-жидек, көкөніс,
жүзім сығындылары, балдырлар, крахмал
өндірісінің шығындылары, қартопты қайта
өңдеу,чипсылар өндірісінің шығындылары –
қабықтар, т.б. заттар.

Ұқсас жұмыстар
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӨНЕРКӘСІП МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІ
Экологиялық биотехнологияның міндеттері
Тағам өнеркәсібіндегі биотехнология
ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІПТЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МИКРООРГАНИЗМДЕР
Ауыл шаруашылығындағы биотехнология
ҚР-дағы экономикалық өсу себептері,факторлары
Тамақ өнеркәсіптерінде қолданылатын микроорганизмдер жайлы
Биотехнология мамандығы
Отындардың химмотологиясы және мұнай мен газды талдау
Өнеркәсіп қалдықтарын шикізат материалдар ретінде: фосфогипс, борогипс және т.б. қолдану. Гипсты байланыстырушы материалдардың қасиеттері. Өндірістің жаңа технологиясының негізі мен қолдану салалары
Пәндер