Юстус фон Либихтің агрохимия ғылымына қосқан үлесі


Slide 1

Юстус фон Либихтің агрохимия ғылымына қосқан үлесі

Slide 2

Юстус фон Либих (нем. Justus von Liebig; 1803 жыл 12 мамыр, Дармштадт - 1873 жыл 18 сәуір, Мюнхен) - неміс химигі, агрохимияның негізін салушылардың бірі.

Slide 3

1824 жылдан Гисен;

1852 жылдан Мюнхен университеттерінде профессор.

1830 жылы Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі.

1860 жылдан Бавария ғылым академиясының президенті.

Slide 4

Гисенде 1825 жылы күркіреуік қышқыл күміс құрамы жөнінде циан қышқылы күміске ұқсас екендігін тапты. Сондай-ақ сүт, гиппур т. б. карбон қышқылдарын ашты.

Күміс

Циан қышқылы

СН3СН(ОН) СООН-сүт қышқылы

C9H9NO3-гиппур қышқылы

Slide 5

Ол альдегидтерді, органикалық қышқылдарды зерттеп, алғаш хлороформды ашты (1831) және сірке альдегидін (1835) алды;

CHCl3-хлороформ

Slide 6

Органикалық қосылыстардағы көміртек пен сутекті анықтау әдісін (1931-1833) жетілдірді. 1839 жылы физиологиялық процестердің химиясын зерттеп, ашу және шірудің химиялық теориясын ұсынды.

Slide 7

Юстус Либих 1840ж Минимум заңын ашты.

Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы: өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді, ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді.

Либихтын минимум заны

M I N I M U M

Slide 8

Ю. Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да, өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған. Бұл Либихтың «Минумум заңы» деп аталады.

Slide 9

Ю. Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты. Одан шығатын қорытынды, экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп, басты фактор болып саналады.

1913ж В. Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай «Максимум» заңын, яғни төзімділік шек заңын ашты. Оны Шелфордтың толеранттылық заңы деп атайды.

В. Шелфорд

Slide 10

1840 жылы Ю. Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 Н2О және т. б. ) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.

Slide 11

Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады:

«Экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді. Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады. »

Slide 12

Осы күнге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан егіншілік заңының бірі- қайтарым заңы. Оны неміс ғалымы Ю. Либих ашқан болатын. Бұл заңда былай делінген:

«Өніммен бірге алынған немесе жолғалып кеткен зат пен энергия топыраққа артығымен қайтарылуы керек».

Slide 13

Шынында, алынған қоректік заттар топыраққа қайтарылмаса, оның құнарлығы азаяды, яғни, ауыл-шаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді. Сондықтан алынған қоректік заттарды орнына қайтару үшін топыраққа органикалық, минералдық, жасыл тыңайтқыштарды беру керек. Осы қарастырылған заңдылықтарды егіншілікте дұрыс пайдаланса, жердің құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылық дақылдарының әр гектарынан алынатын өнімін жоғарылатуға зор мүмкіндігі бар екендігі іс жүзінде дәлелденді.

Slide 14

Оған мысал ретінде Ақтөбе обылысының Ойыл ауданындағы «Құрман» ұжым шаруашылығында атақты тарышы Шығанақ Берсиев 1943 жылы 5 гектар жердің әр гектарынан тарыдан 201 центнер өнім алған.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
АГРОХИМИЯ ТАРИХЫ АГРОХИМИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Фотосинтез туралы ілімнің даму тарихына қысқаша шолу
Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
Мұхтар Әуезов
ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДА НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ ЛАУРЕАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
Өсімдік физиология - сының даму
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
Нобель сыйлығының лауреаттары 1969 -1980 жылдар аралығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz