Минералды тыңайтқыш - Азот




Презентация қосу
Минералды
тыңайтқыш - Азот
Минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет
элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды
тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл
шаpуашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін
қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану
дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын
жақсартады, топырақты қоректік элементтермен байытып,
микробиологиялық процестерге әсер етеді. Минералдық
тыңайтқыштардағы негізгі қоректік элементтер – азот, фосфор,
калий элементтері.
Азот тыңайытқышы
Азотты тыңайтқыштар —
құрамында өсімдікке қорек болатын
азоты бар органикалық (көң,
шымтезек тағы басқалар) және
минералдық заттар. Азоттың табиғи
қосылысы — натрий селитрасы
(NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі.
Азотты тыңайтқыштардың көп
тараған түрі: аммиак селитрасы,
аммоний сульфаты, мочевина
(карбамид), азотты сұйық
тыңайтқыштар. Азот тыңайтқышы
Атырау мен Теміртауда өндіріледі.
Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты
тыңайтқыштар

нитратты
аммонийлі және аммиакты
аммонийлі-нитратты
амидті болып бөлінеді
• Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі
өкілдері натрий және кальций селитралары. Натрий селитрасында 16%
азот бар. Ұсақ кристалды ақ түсті тұз суда жақсы ериді, бойына ылғал
сіңіргіш. Бұл тыңайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондайақ,
топырақ ылғалы жоғары болса оңай шайылады / әсіресе жеңіл
топырақтарда/. Кальций селитрасында 17,5% азот бар. Кристалды, суда тез
еритін тұз. Физиологиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың
қышқылдығын төмендетеді.
• Аммоний сульфатында 20% азот бар. Ұсақ
кристалды, суда жақсы еритін ақ немесе
сұрғылт түсті тұз, өсімдіктер жеңіл сіңіреді.
Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфарит
ұнын қосып қолдануға болады.
• Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Ұсақ
кристалды ақ немесе сарғылт қышқыл ұнтақ.
Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы
картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкөніс
дақылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы
біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген
кезде енгізуді ұсынады.
• Сұйық аммиакта 82% азот болады.
Түссіз, жылжымалы, қайнау
температурасы +34°С тең сұйық. Оны
жоғары қысымға шыдайтын болат
балондарда сақтайды және
тасымалдайды. Аммиак суының
бірінші сортында 20,5, екіншісінде
18% азот болады. Түссіз немесе
сарғылттау аммиак иісті сұйық.

• Аммиакты селитрада 34% азот болады.
Кристалды ақ түсті зат — әр түрлі
дақылдарға қолдануға жарайтын
әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар
бойы бір жерге қолданса, топырақты
қышқылдандырады. Бұл
тыңайтқыштың қолайлы қасиеті —
өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы
және тез әсер ететін нитратты және
шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың
болуы.
• Мочевинада /несеп нәрі/ 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда
жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен
аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл — көмірқышқыл
аммоний тұзын бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері
топырақтың уақытша аздап сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ
өсімдіктер азотты сіңіреді және бірте-бірте нитрификацияланады. Осының
салдарынан топырақтың сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ
өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың алғашқы /мочевинаны
қолданғанға дейінгі/ реакциясы қалпына келеді.
Зиянды жағы
Ауыл шаруашылық өсімдіктері сіңірген
нитраттардың белгілі мөлшері өнім түзілуге
жұмсалатыны белгілі. Бірақ, кейбір
экологиялық факторлар әсері күшті
жағдайларда (жарық жеткіліксіз, су режимі
бұзылған, т.б.) өсімдіктер топырақтан алған
азоттың барлығын сіңірмей, оның артық
мөлшері адам мен жануарлар үшін зиянды
әсерін тигізеді. Жануарлар жемі
рационындағы нитраттың артық мөлшері
сүттің азаюына себеп болады. Жалпы алғанда,
нитраттар барлық тамақ өнімдері мен мал
жемі үшін ең қажетті қосылыстар, бірақ оның
артық мөлшері адам мен жануарлар
организмін улайды, организмдегі зат алмасу
процестерін бұзып, оның иммунологиялық Азот жетіспеген
қасиеттерін төмендетеді, т.б. жүгері
Қорытынды
Құрамында қоректік элемент — азот бар
тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот —
тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген
жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл
болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы
еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда
болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе,
есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі
жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік
аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде
сіңіреді.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
АЗОТТЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ
Органикалық тыңайтқыштар
Азотты тыңайтқыштар
Питомник
Калий тыңайтқышы
Тыңайтқыш тар
Азот тыңайтқыштары
Питомник. Питомниктің тыңайтқыштары
Табиғи калий тұздары
Қауынды егістікте күту және тыңайтқышты қолдану
Пәндер