Мурасиге-Скуг қоректік ортасы




Презентация қосу
Мурасиге-Скуг қоректік ортасы
Тошио Мурасиге - Риверсайд
қаласындағы Калифорния
университетінің профессоры,
ботаника профессоры. Ол 1930 жылы
АҚШ елінің Капохо қаласында
дүниеге келген.
Фолк Карл Скуг(15 шілде 1908-15
ақпан 2001) –америкалық физиолог. Ол
Швеция елінің тумасы, бірақ 1925 жылы
АҚШ-қа қоныс аударады.
Т.Мурасиге және Ф.Скуг 1962 жылы өздерінің «Мурасиге-
Скуг» қоректік ортасын жасап шығарды.

Қоректік орта дегеніміз- күрделі және жай құрамдардың
әртүрлі қосылыстары болып келетін орталар. Оны
лабораториялық жағдайда бактериялар мен басқа
микроорганизмдерді көбейтіп, өсімдіктерді өсіру үшін
қолданылады.
«Мурасиге-Скуг» қоректік ортасының пайда болу тарихы
Америкалық ғалым Ф.Скуг қызметкерлерімен бірге құрамында
минералды тұздары, көмірсулары және витаминдері бар қоректік
ортаға отырғызылған темекі сабағының телімінде бүршіктердің
өсуін зерттеді. Каллустың түзілуі, кейде бүршіктердің қалыптасуы
байқалған. Қоректік ортаға ауксиннің қосылуы бүршіктердің өсуі
мен қалыптасуын тежеді. Ал ортаға аденин керісінше
бүршіктердің қалыптасуына әсер етті және ол ауксиннің
тежеушілік әсеріне бөгет жасады. Бұл зерттеушілерді кокос
сүтінің өсу факторында қандай да бір пуриндік заттар бар деген
ойға әкелді. Сондықтан олар алдымен нуклеин қышқылдарын
зерттеуді бастайды.
Содан кейін сельд спермасының ДНҚ-сы темекі жасушаларының
бөлінуіне әкелетіні анықталады. Осы нәтижені ұзақ уақыт бойы
сақталған ДНҚ-ның ескі препаратын тапты – соған қарағанда өсу
факторы ДНҚ бұзылуының өнімі болғанға ұқсайды. Ф.Скуг пен оның
қызметтестері темекі сабағының паренхима клеткаларының
бөлінуіне және ауксиннің қатысуымен бүршіктердің дамуына әсер
ететін затты ашытқыдан бөліп алды. Бұл өсуді реттейтін затты олар
кинетин деп атап, ал кинетин жататын өсуді қамтамасыз етуші
класты цитокининдер (жасушаның бөлінуін қамтамасыз ететін
заттар) деп атады.
Осы жаңалықтың арқасында Т.Мурасиге мен Ф.Скуг 1962 жылы
темекі каллусының өсуіне қажет атақты қоректік ортаның құрамын
жасады. Бұл қоректік орта көптеген өсімдік түрлерінің әртүрлі
ұлпалары мен мүшелерін қолдан өсіруге бірден бір лайық орта болып
саналды және қазіргі уақытта осы орта кеңінен қолданылады. Олар
темекі шырынымен күлінде минералды заттардың көп екендігін
анықтағын. Тәжірибе жасай отырып, темекі шырынымен күлінің
құрамындағы азот өсімдіктің өсу жылдамдығын арттыратынын
дәлелдеді.
Мурасиге-Скуга қоректік ортасы
лабораторияларда өсімдік
жасушаларымен бүтін өсімдікті
өсіруге қолданылады. МS деген
әріптер сахарозаның концентрациясын
білдіреді. Мысалы, МSO құрамында
сахароза жоқ дегенді білдірсе, МS20
сахарозаның концентрациясы 20 г/л
екендігін білдіреді.
Mammillaria sp. сұйық МS қоректік ортасында
Мурасиге-Скуг қоректік ортасының құрамы:

Негізгі тұздар
Аммоний нитраты (NH4NO3) 1650 мг / л
Кальций хлориді (CaCl2 · 2H2O) 440 мг / л
Магний сульфаты (MgSO4 · 7H2O) 370 мг / л
Калий гидрофосфаты (KH2PO4) 170 мг / л
Калий нитраты (KNO3) 1900 мг / л
Кішігірім тұздар (микроэлементтер)

Бор қышқылы (H3BO3) 6,2 мг / л
Кобальт хлориді (CoCl2 · 6H2O) 0,025 мг / л
Мыс сульфаты (II) (CuSO4 · 5H2O) 0,025 мг / л
Темір сульфаты (II) (FeSO4 · 7H2O) 27,8 мг / л
Марганец сульфаты (II) (MnSO4 · 4H2O) 22,3 мг / л
Калий йод (KI) 0,83 мг / л
Натрий молибдат (Na2MoO4 · 2H2O) 0,25 мг / л
Мырыш сульфаты (ZnSO4 · 7H2O) 8,6 мг / л
Темір натрий тұзы этилендиаминтетрауксус қышқылы (NaFe-
ЭДТА)
Витаминдер мен органикалық қосылыстар

Мио-Инозитол 100 мг/л
Никотин қышқылы0,5 мг/л
Пиридоксин · HCL 0,5 мг/л
Тиамин · HCL 0,1 мг/л
Глицин 2 мг/л
Гидролизат лактальбумина (опционально) 1 г/л
Гетероауксин 1-30 мг/л
Кинетин (цитокин) 0,04-10 мг/л
Азот: NH4NO3, KNO2
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өңірінде жабайы түрінде кездесетін таңқурай мен қара қарақаттың in vitro жағдайындағы өсу ерекшеліктері
Латона сорты Романо сорты
Қоректік орта
Қан агары ортасы
Микроорганизмдерді дақылдандыру
Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар
Өсімдік клеткаларын өсіру
Микроорганизмдердің өсуі және дақылдау
Тығыз қоректік орта
Экологиялық фактор терминінің түсінігі
Пәндер