Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері, жазадан босату және кәмелетке толмағандар мен есі дұрыс еместігі бар тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі


Slide 1

Қылмыстық жаза

Slide 2

Жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша мемлекет атынан тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сонымен қатар, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасалынуынан сақтандыру мақсатында қолданылады.

Slide 3

Қылмыстық жазаның жүйесi жəне оның түрлерi

Олар:

1) Айыппұл салу,

2) Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

3) Қоғамдық жұмыстарға тарту;

4) Түзеу жұмыстары;

5) Əскери қызмет бойынша шектеу;

6) Бас бостандығын шектеу;

7) Қамау;

8) Тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау;

9) Бас бостандығынан айыру;

10) Арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру;

11) Мүлкiн тəркiлеу;

12) Өлiм жазасы.

Slide 4

Жүйеге кiретiн жазаның барлық түрлерi үш топқа бөлiнедi: негiзгi, қосымша жəне балама, яғни негiзгi де қосымша да болып табылатын жазалар.

Негiзгi жазаларға: қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; əскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы.

Қосымша жазалар - негiзгi жазаға қатысты көмекшi сипатқа ие жаза түрлерi. Оларға: арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру; мүлкiн тəркiлеу. Жазаның балама түрiне айыппұл салу жəне белiгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалары жатады.

Slide 5

Қылмыстық жазаның өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

- қылмыстық жаза тек мемлекет тарапынан қолданылатын мәжбүрлеу шарасы;

- жаза тек қылмысты жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады;

- жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты болады;

- жаза тек сот үкімімен, мемлекет атынан тағайындалады;

- сот үкімі бойынша тағайындалған жаза кінәліге сотталғандық атағын белгілейді.

Slide 6

Ал, жазадан босату:

ауруына байланысты; жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазамен ауыстыру;

жас балалар мен жүкті әйелдер жазасын өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату;

рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.

Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі, өтеуден босатудың бір - бірінен айымашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады.

Slide 7

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Қылмыстық кодекс бойынша кәмелетке жасы толмағандарға:

А) айыппұл;

Ә) белгілі бір қызметпен айналысуы құқығынан айыру;

В) түзеу жұмыстары;

Г) қамау;

Д) бас бостандағынан айыру;

тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға жеңілдететін мән-жайлар ретінде жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтықта ескеріледі. .

Әділ жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.

Slide 8

Кодексте көзделген қоғамға қауiптi əрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес″.

Есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашу кезiнде қылмыстық құқық ғылымы екi критерийлердi пайдаланады: заңдық немесе психологиялық жəне медициналық немесе биологиялық.

Адамды есi дұрыс емес деп тану үшiн медициналық жəне заңдық критерийлердiң жиынтығы қажет. Тек олардың бiреуiнiң болуы адамды есi дұрыс емес деп тануға негiз бола алмайды.

Есi дұрыс еместiктiң медициналық критерийi,

Олар: 1) созылмалы психикалық ауру; 2) психиканың уақытша бұзылуы; 3) кемақылдылық; 4) психиканың өзге де дертке шалдығуы; Созылмалы психикалық ауру


Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату: ұғымы, түрлері және ерекшеліктері
Қылмыстық құқық: қылмыс құрамының элементтері, жазалануы және жазадан босату негіздері
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік: кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен жазалау түрлері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және тәрбиелік ықпалды мәжбүрлеу шаралары: Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу: түсінігі, белгілері, қатысушылардың түрлері мен қылмыстық жауапкершілігі
Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкылығы мен жазалары: заңнамалық негіздері мен қолдану ерекшеліктері
Қылмыстық құқықтың ұғымы, міндеттері, жүйесі және қағидаттары
Қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы мен түрлері
Отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (132-144 баптар): құқықтық сипаттамасы
Қылмыстық құқықтың пәні мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz