Мейрамхана қызметін дамыту стратегиясы
Презентация қосу
Мейрамхана
қызметін дамыту
стратегиясы
ЖОСПАР
1 – Мейрамхана қызметі
2 – Мейрамхана табысы
3 - Мейрамханалар қызметін жетілдіру
Мейрамхана қызметі
Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы
өзекті мәселеге айналды. Себебі
мемлекетімізде қызмет көрсету саласы,
оның ішінде қоғамдық тамақтандыру саласы
өте жоғары қарқынмен дамып келеді.Ал бұл
өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына
сұраныстың барлығын дәлелдейді.
Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол
халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы,
халықаралық интеграцияның дамуына
байланысты елімізге шетел азаматтарының
сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы
сыртында дем алуға деген қажеттіліктің
Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен
әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған
қызмет көрсетунарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен
инвестицияларды қамтамасыз етеді. Мейрамханалар қоғамда маңызды роль
атқарады. Мейрамханаларға «бару» маңызды әлеуметтік функция болып
табылады. Адамдар тек тойынуға ғана емес, сонымен қатар бір бірімен қарым-
қатынас орнатуға мұқтаж.
Мейрамханалық бизнес – арнайы орны бөлінген және негізгі
гигиеналық, заң шығарушылық талаптарға жауап беретін,
клиентті тамақ пен сусынмен қамтамасыз ететін қызмет
көрсету түрінің ұйымдастырылуы. Мейрамхана клиентураға
олардың гастрономиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында тағамды өндіреді және ұсынады. Бұл қызмет түрінің
экономикалық мақсаты – пайда алу.
Мейрамхананың сәтті жұмыс істеуі көптеген
факторларға байланысты. Кез келген басқа күрделі
жүйе тәрізді мейрамхана да оны ұйымдастырушының
ниетінен басталып, оның қызмет етуіне бақылау
жасаумен аяқталады. Ниет пен бақылау – жүйенің
сәтті қызмет етуіне ықпал болатын жалғыз факторлар
емес. Мейрамхананың тиімді функционалдауын
қамтамасыз ету үшін келесідей факторларға назар
аудару қажет: кредо, мақсаттар мен міндеттер; нарық;
тұжырымдама мен профиль; орналасу орны; ас мәзірі;
атмосфера; аренда соммасы; басқа шығындар.
Мейрамхана тұжырымдамасы мейрамхана орналасқан
орынға және орналасу орны оның тұжырымдамасына
сәйкес келуі қажет. Мейрамхананың орналасу орны оған
келушілерге, яғни ұйғарымды нарыққа ұнауы керек. Әрине
басқа факторлар да (тағам сапасы, ас мәзірі, қызмет
көрсету, баға, атмосфера, менеджмент) өте маңызды
Мейрамхана орнын таңдағанда ескерілетін басты критерийлер:
*демография – қанша адам ықшам ауданда тұрады;
*сол адамдардың орташа табыс деңгейі;
*сол ықшам ауданы даму кезеңінде ме, әлде құлдырау үстінде ме;
мейрамхана қандай шеңберде орналасқан; канализация; дренаж,
дәретхана жағдайлары қандай;
*ыңғайлылық – адамдарға мейрамханаға жету қиын ба;
*көзге түсуі – жолаушылардың көзіне мейрамхана бірден түсе ма;
*автокөліктерге арналған тұрақ – меншікті тұрақтың болуы қажетті ма.
Егер қажетті болса, қанша орынға және ол қанша тұрады;
*көріктілік – мейрамхана қасынан жүріп өткен автомобильшілерге
мейрамхана қаншалықты қонақжай болып көрінеді;
*орналасу орны – көрші үйлер қаншалықты тартымды болып көрінеді.
Мейрамхана табысы
Мейрамханалық бизнесте табыстың ең маңызды ингредиенті, ол сірә, ас
мәзірі. Ол мейрамхананың жалпы тұжырымдамасымен үйлестірілуі
қажет. Ал тұжырымдама қонақтардың талап-тілектеріне негізделсе, ас
мәзірі де олардың күткен үмітін қанағаттандырып қана қоймай, одан
асып түсуі қажет. Ас мәзірі – бұл сату құралы, аспаздық идеялардың
каталогы немесе қонақтарға тағам мен сусындарды ұсыну тәсілі. Ас
мәзірін жоспарлау – мейрамханаға қандай қонақтар келетінін болжау,
ассортимент пен бағаларды анықтау. Ас мәзірінде мейрамхана жайлы
барлық негізгі мәліметтер болуы қажет: аты және логотип, мекен-жайы,
телефон номері, жұмыс істеу уақыты, демалыс күні, қабылданатын
кредиттік карточкаларының түрі, банкеттерді өткізу бойынша арнайы
қызмет көрсету туралы ұсыныстар
Қазіргі таңда адамдар мейрамханаларда тапсырыс
жасағанда, көбіне жақсы қызмет көрсетуді қалайды.
Күнделікті дамып келе жатқан бәсекеге байланысты нашар
қызмет көрсету өткен шақта қалуда. Мейрамханалар
сервиске көп көңіл аударатыны жаңа қызметкерлерді
мейрамханалық этикет негіздерін үйретуге бөлінетін
уақытты көбейткенімен айқындалады. Мысалы Splendido
(Сан-Франциско) мейрамханасында бұл уақыт 40 сағаттан
100 сағатқа дейін көбейген.
Мейрамханалар қызметін жетілдіру
Мейрамханалық бизнес өз қызметінде
толығымен клиенттің сенімі мен жылы
қатынасын жаулап алуға бағытталған.
Тұтынушылардың талғамы үнемі өзгеріп,
жоғарылап отырады. Бұл өз кезегінде
мейрамхана басшылығына өндірістік және
мәдени-әлеуметтік сервисті жетілдіруге негіз
болады. Мейрамханалық бизнестің дамып,
осылайша жетілуі тұтынушылардың талап-
тілектерінің өсуімен байланысты
Тұтынушылардың талғамының өсуімен қатар,
мейрамханалық бизнесті прогресске алып келген –
бәсеке. Әрбір мейрамхана тұтынушы талабын
қанағаттандыру, тұтынушылар санын көбейту
жолында қызмет етіп келеді. Себебі әрбір кәсіпорын
мақсаты – пайда максимизациясы, ал мейрамхана
пайданы максималдау үшін өзінің тұтынушы көлемін
неғұрлым максимум деңгейге жеткізуі қажет.
Сондықтан қатаң бәсеке жағдайында
мейрамханалар өз қызметін жетілдіріп отырмаса,
сату көлемін ұлғайту мақсатында маркетинг
шараларын өткізбесе бәсекелестерінен әлдеқайда
артта қалады.
Мейрамханалар қызметін жетілдіру, яғни
пайданы максималдау жолында бірнеше
бағыттарды қолдана алады:
*қалыптасқан концепцияны әрі қарай дамыту.
Кәсіпорын бұл жағдайда дәстүрлі нарықта
өткізу көлемін маркетингтік шаралар арқылы
ұлғайтуға тырысады;
*нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда
кәсіпорын қалыптасқан концепциясымен жаңа
нарықтарды игеруге бағыт алады;
*жаңа концепция құру стратегиясы.
Кәсіпорынның мақсаты өзінің шығып жүрген
нарығына жаңа өнімді, жаңа қызмет түрін
ұсыну болып табылады;
*диверсификация стратегиясы. Жаңа
нарықтарға жаңа өніммен шығу стратегиясы.
Қалыптасқан стратегияны әрі қарай дамыту. Яғни ол дегеніміз ас
мәзірін толықтырып, жетілдіру; персоналдың біліктігін арттырып
отыру; мейрамхананың материалдық-техникалық базасын жақсарту;
өткізу көлемін арттыру мақсатында маркетингтік шараларды жүзеге
асыру.
Мейрамхана қолданып жүрген маркетингтік шаралардан басқа, яғни
ол жарнама шаралары, өтімді ынталандыру мақсатында тұрақты
қонақтарға жеңілдіктер ұсынудан басқа мейрамханаға
мерчандайзингті қолдануға болады. Мерчандайзинг сөзі ағылшын
тілінен аударғанда тауарлар мен қызметті өткізу өнері дегенді
білдіреді. Бұл осы заманғы рестораторлардың өзекті мәселелерінің
бірі. Себебі қонақтың мейрамхана мен басқа ұқсас аспаздықты
таңдаудың үлкен мүмкіндіктері бар (мысалы, қызмет көрсетуі өте
жақсы ұйымдасқан дәмханалар, т.с.с). Одан басқа мейрамханада
өткізген уақыт аралығында алдын ала жұмсауға жоспарлап қойған
ақша соммасын қонақ толығымен мейрамханада қалдырмауы да
мүмкін. Қонақпен өзара тиімді қатынас орнату мақсатында
мерчандайзингтің маңызы зор. Мерчандайзингті ресторатор мен
клиенттің арасындағы «қажырлылық» үшін күреспен салыстыруға
болады. Соңғысы ақшасымен қимастықпен қоштасса, алғашқысы оны
бұл позициядан қозғау қажет. Бұл үшін көптеген тәсілдер
қолданылады: залдағы шараптардың сәнді көрмесі, десерттер мен
жемістер үстелі. Келесі кезекте тағамдар мен сусындарды әдемі
көркемдеу, қонақтардың тәбетін шақырып, тапсырыс беруге негіз
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz