Радиация зардаптары


Slide 1

Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Психология және педагогика кафедрасы

(Экология және тұрақты даму)

Тақырыбы: Радиация зардаптары

Тапсырма: Чернобыль апатынан кейінгі сол өңірдегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзгерісіне сипаттама

Орындаған: ПФИЯ 106 группа Ғани Адина

Тексерген: Кенжебаева Ш. К.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Чернобыль апаты

2. Чернобыль апатының зардаптары

3. Чернобыль апатының сол өңірдегі қоршаған ортаға әсері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

1986 жылы 25 сәуiрден 26-сына қараған түнi адамдардың өздерiне деген сенiмдiлiгiнiң, немқұрайдылығының салдарынан бейбiт мақсатта жұмыс iстеп тұрған атом электр стансасы бақылаудан шығып, өзiнiң дүлей күшiн көрсеттi. Чернобыль АЭС-iнде болған апат мемлекет басына келген жаңа билiк үшiн қатаң сынақ болды. Орталық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары апатты жағдайды барынша құпия ұстады. Оқиға орын алған екi күннен кейiн орталық «Правда» газетi Чернобыль апатын қатардағы жағдай ретiнде көрсетiп, екi адамның қаза тапқанын жазды. Әлемнiң көптеген елдерiнiң қысымымен Кремль билiгi қалыптасқан жағдайды там-тұмдап жариялап, апатты аймақтан тұрғындарды көшiрудi 2 мамырдан бастап қолға алды. Киев қаласында қызмет iстейтiн шетелдiк мамандар мен студенттер қаланы тастап кетiп жатты. Сол күндерi әртүрлi ақпараттар бойынша қаладан 500 мың адамнан 1 миллионға жуық тұрғындар жансауғалап, көшiп кетуге мәжбүр болған. Көз көргендердiң айтуы бойынша, қалаға келетiн пойыздар бос келiп, толып, қайта кететiн болған. Темiр жол басшылығы сол күндерi қалаға келу үшiн қосымша 30 пойыз шығарса да жетiспеушiлiктер орын алған.

Slide 4

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.

Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.

«Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды.

Slide 5 Slide 6

Чернобыль апатының куәсi ретiнде станса маңында күнi бүгiнге дейiн 500 тонна залалды ет тиелген 40 вагон-рефрижератор тұрған көрiнедi. Апатты күндерi Киев су қоймасынан су пайдаланған 150 мың адамның түрлi сырқаттармен ауыратыны анықталған. Олардың 60 мыңдайы - жасөспiрiмдер.

Белоруссияның ауыл шаруашылығына жарамды 20 пайыз жерi апаттан кейiн пайдалануға жарамсыз болып, есептен алынған. Қазiргi уақытта 160 мың шаршы шақырым аумақтағы халықтың 45 пайызы түрлi аурулармен ауырады екен.

Slide 7 Slide 8

Жабайы хайуанаттар. ЧАЭС апатынан кейін сәулеленудің негізгі көзі радиоактивті йод-131 және басқа әртүрлі қысқа өмірлі радионуклидтардан жабайы жануарлар қалқанша безіне 15000-2 бэр алды. Бұл адамдар ауыратын ауруларды шақырды. Жарты жылдан соң радиоактивті йод-131 тарап кеткеннен кейін сәулелендірудің негізгі көзі цезий- 134 стали, цезий- 137 және стронций- 90 жануарлардың ішкі сәулеленуі жеке түрлерге тым жоғары болды. Бәрінен бұрын жабайы қабандар, қасырлар және балықтар.

Ішкі сәулелену сүтқоректілерде аурулар тудырды, мезгілсіз өлім, өмір жастарының қысқаруы, артынан тұқым қалдыру жойылды. Көп жағдайда үлкен қояндар, тікенсіз кірпілер және тағы сондай мутациялар байқалады.

Үй жануарларынан көбінесе ірі мүйізді мал зардап шекті. Радиация тек сүтті ғана емес сонымен қатар еттіде зақымдады. Радионуклиндердің 80% сиыр жемімен сиырдың сүтіне барады бұндай жағдайда цези сиыр бұлшық еттерінде аз бірақ өгіздер мен сауылмайтын сиырларда неғұрлым көп мөлшерде болады. Стронций-90 адамдардікіндей уй жануарларының суйектерінде жиналады. Цезий- 137 жұмыртқада және аз мөлшерде тауық етәнде кездеседі.

Slide 9 Slide 10

Белорусияда радиоактивті ластану орманның 26% 1, 73 млн. га және шалғындық

алқаптардың, өзен бойы жайылымдарының көп бөлігін зақымдады. Радиацияға өте сезімтал болып келетін ағаштар, сезімталдығы неғұрлым азырақ түптер, мүктер, темірткілер. Көптеген зерттеулер өсімдіктер жасушалық деңгейде зақымданғанын көрсетті. Сонымен қатар ластанудың белгілі деңгейінде кейбір өсімдіктердің өсу жылдамдығы, астық беруі, солу, өлу, өнімін молайтуға қабілетінің азайуы байқалған.

Жабайы өсімдіктерге қарағанда ауылшаруашылық өсімдіктер радионуклиндермен едәуір аз мөлшерде зақымданған. Өйткені лайықты өңдеу шараларымен зарарсыздандыру өте күшті қарқынмен жүруде.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Радиация және оның зардаптары Оңтүстік Қазақстан облысының радиациялық фонды
Ядролық жарылыстар
Невада Семей қозғалысы
Семей ядролық полигоны
ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК АПАТТАР, ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Заманауи жаппай қырып жою қаруларының жалпы сипаттамасы
ҚОРҒАСЫН ОЙЛАН, ТАП
Уыттану дәрежесі
Атмосфералық ауаның радиациямен ластануы
Күн радиациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz