Халықаралық саудаға мемлекеттің әсер етуі
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрірлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Экономика және құқық факультеті
Халықаралық саудаға мемлекеттің әсер етуі
Орындаған: Исаева Динара УА-402 топ
Тексерген: Омарова А.
Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең
қолданылатын құрал болып кеден тарифтері
табылады.
Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы
жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік
баж ставкаларнының жүйелендірілген
жиынтығы. Кедендік тариф түсінігі көп
жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес келеді.
Кедендік баж мыналарға жіктеледі:
Импорттық, экспорттық, транзиттік,
маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық,
автономдық, конвенциондық, преференциялық,
спецификалық,адвалорлық, құрама.
Кеден тарифтерінің жіктелуі.
Салық салу объектісі бойынша:
Сипаты бойынша
Алу тәсілі бойынша үш түрлі тарифтер болады:
- спецификалық;
- адвалорлық;
- құрамдық.
Спецификалық – салмақ, көлеммен есептелуі. Мысалы, бидайдың
әрбір центнеріне бір доллар көлемінде баж салығын салу. Ал
адвалорлық – тауар бағасына қатысты пайызбен есептеледі.
Құрамдық – кеден салығының екі аталған түрлерін қамтиды.
Мысалы, кеден құнынан 20% бірақ 1 тоннаға 10 доллардан жоғары
емес.
Кедендік тариф құрамына қарай қарапайым және күрделі болып
бөлінеді. Қарапайым кедендік тариф әр тауарға қолданылатын
біртұтас қойылым негізінде құрылған. Күрделі кедендік тариф
бірнеше салым қойылымына байланысты белгілі мемлекеттің
тауарына қолданылатын максималды, аралық преференциалды.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер көп бағалық тарифке ие.
Бұндай күрделі тарифте көбінесе генералды және автономды баж
басым. Ол сауда келісім шарты немесе бітімі жоқ мемлекеттерден
импортталатын тауарларға салынады.
Теорияның барлығы шектеулерсіз саудаға бет бұрады. Кеден салымы жоқ
жағдайда елдер өзара саудадан пайданы көп табады. Мемлекеттің сыртқы сауда
саясаты, еркін сауданы шектейді, осы әрекетпен адамдардың тұрмыстық
деңгейіне әсер етеді, адамдардың тұтыну деңгейін төмендетеді.
Кеден тарифін енгізуден бірінше ретте импорттық тауарлардың тұтынушылары
зардап шегеді, өйткені олар қосымша шығынды жұмсауға тиісті немесе
тауарды аз мөлшерде сатып алуға мәжбүр болады.
Сәйкесінше, кедендік тариф тұтынушылық мүмкіндіктердің нашарлауына
әкеледі.
Импортпен бәсекелестікке түсетін өнімдер шығаратын отандық өндірушілер
импорттың нақты шектелу жағдайында ғана тарифті енгізгеннен ұтысқа ие
болады. Тұтынушларға шетел тауары неғұрлым қымбатқа түссе, олар
соғұрлым отандық тауарларды сатып алуға тырысады, өйткені олар жоғарғы
баға мен жоғары өтімділікке ие болады, осының бәрі қолданған тарифтің
көмегімен жүзеге асады.
Отандық өндірушілердің тариф енгізу арқасында алған ұтымы,
тұтынушалардың шығынын жаба алмайды.
Кедендік тариф мемлекет бюджетінің ең басты көзі болып есептеледі. Осы
табыстың көлемі өндірілген тарифтің, импорт көлеміне теңеседі. Кедендік
тариф мемлекетке бір ғана жағдайда табыс әкеле алады: егер ол тым жоғары
болмаса, импорттық тауарды толықтай жауып тастауға мүмкіндік туғызбаса.
Мөлшерлік шектеулерді қолданудың ерекше
жағдайы — бұл тарифтік квоталар. Олар елге
енгізуге рұқсат алған тауарлардың көлемін қатаң
түрде шектейді.
Тарифтік квоталар — белгілі уақыт кезеңінде,
тарифтік бағаның ерекше, неғұрлым төмен
ставкасымен елге енгізуге немесе шығаруға
рұқсат алған тауарлардың мөлшерін бекіту.
Квоталау процесінің құрама бөлігі —
лицензиялау. Лицензиялау — белгілі уақыт
аралығында бекітілген мөлшермен тауарды елге
енгізу немесе шығарудың мемлекетпен
реттелетін рұқсат ету тәртібі.
Лицензияның бірнеше түрі бар:
Экспорттың «еркін» шектеулерінің мәні -
қандай да бір тауарды, қандай да бір елге
экспорттауды шектеу бойынша міндеттерді
сауда әріптестерінің өз қарамағына алуына
күштеу. Іс жүзінде мұндай экспорттық
шектеулер еркін емес, керісінше міндетті
болып табылады. Олар импорттаушы елдің
саяси қысымы нәтижесінде, немесе
неғұрлым қатаң протекционистик
шараларды қолдану қаупінің әсерінен
енгізіледі.
Халықаралық сауданы тарифтік емес әдіспен реттеуге
экспорттық операцияларды мемлекетпен қаржыландыру
да жатады.
Қаржыландыру — сауда саясатының әдісі ретінде шетел
компанияларына қарсы, ұлттық өндірушілер мен
экспорттаушылар пайдасына дискриминацияны
қарастырады. Сауда саясатының қаржылық әдістеріне
субсидиялар, несиелендіру және демпинг жатады.
Субсидия — ұлттық өндірушілерге көмек көрсету үшін
және импорттың жанама дискриминациясына
бағытталған ақшалай төлем.
Субсидиялар тікелей, жанама қиылысатын, экспорттық
және ішкі болып бөлінеді.
Бәсекелестерді басу мақсатындағы экспортты
интенсивті субсидиялау демпинг формасына айналуы
мүмкін.
Демпинг — бұл экспорттаушының тауарды
шетел нарығында ішкі нарықтық бағадан
төменірек бағаға өткізуі.
Демпинг келесі формаларда болады:
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі
типте жүргізіледі.
Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең
қолданылатын құрал болып кеден тарифтері
табылады.
Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы
жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік
баж ставкаларнының жүйелендірілген
жиынтығы. Кедендік тариф түсінігі көп
жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес
келеді.
Кедендік баж мыналарға жіктеледі:
Импорттық, экспорттық, транзиттік,
маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық,
автономдық, конвенциондық, преференциялық,
спецификалық,адвалорлық, құрама.
Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның
негіздері түрлері.
«Мөлшерлік шектеулер» — сауда айналымын тарифтік
емес реттеу формасы, ол белгілі бір уақыт аралығында
экспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың саны мен
номенклатурасын анықтайды.
Мөлшерлік шектеулер келесі формаларда болады: квоталау
(контингенттеу), лицензиялау және экспортты «еркін» шектеу.
Квота немесе контингент — тауардың экспортын немесе
импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында
шектеудің мөлшерлік өлшемі.
Квоталар келесідей бөлінеді:
экспорттық
импорттық
глобальді
жекеше
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz