Коммерциялық емес ұйымдар туралы




Презентация қосу
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
“Коммерциялық емес ұйымдар”

Минбаева Аяла 32Қ
1.1 Коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық
бiрлестiк, акционерлiк қоғам, тұтыну кооперативi,
қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық нысанындағы
заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң
актiлерiнде көзделген өзге де нысанда құрылуы
мүмкiн. Коммерциялық емес ұйымның атауында
заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль
нормаларына қайшы келетiн атауларды; егер
(қатысушылардың есiмiмен үйлесiмдi болмаса не
егер жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың
(олардың мұрагерлерiнiң) рұқсатын қатысушылар
алмаған болса, адамдардың өз аттарын
пайдалануға жол берiлмейдi.
Коммерциялық емес
ұйымның тұрақты қызмет
iстейтiн органы
орналасқан жер оның
орналасқан жерi деп
танылады.
Коммерциялық емес
ұйымның атауы мен
орналасқан жерi оның
құрылтай құжаттарында
көрсетiледi.
• Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени
немесе коммерциялық емес сипаттағы
өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн
жеке және мемлекеттiк емес заңды
тұлғалар құрған, мемлекеттiк
құрылымның бөлiгi болып
табылмайтын ұйым жеке меншiк
мекеме деп танылады. Жеке меншiк
мекеменiң мүлкi оған оралымды
басқару құқығымен бекiтiлiп берiледi.
Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтiн
ортақ мақсаттарға жету үшiн
азаматтардың ерiктi бiрiгуi
нәтижесiнде құрылған ұйым
қоғамдық бiрлестiк болып
табылады.
Азаматтар және заңды
тұлғалар ерiктi мүлiктiк
жарналар негiзiнде құрған,
әлеуметтiк, қайырымдылық,
мәдени, бiлiм беру және өзге
де қоғамдық пайдалы
мақсаттарды көздейтiн,
мүшелiгi жоқ коммерциялық
емес ұйым.
Рухани қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру үшiн өз
мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде
заң актiлерiнде белгiленген
тәртiппен бiрiккен азаматтардың
ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп
танылады. Дiни бiрлестiк
қатысушыларының (мүшелерiнiң)
осы ұйымға өздерi берген мүлiкке,
соның iшiнде мүшелiк жарналарға
құқықтары сақталмайды. Олар дiни
бiрлестiктiң мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi, ал дiни
бiрлестiк өз мүшелерiнiң
мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейдi. Дiни бiрлестiктiң
құқықтық жағдайының
ерекшелiктерi заңмен реттеледi
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту
мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана
осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға
коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады.
Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың
артықшылықты акциялар, туынды және
айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге
асыруға құқығы жоқ.
Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның
құрылтай шарты осы шартқа әрбiр құрылтайшының
немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы
жасалады. Коммерциялық емес ұйым ретiнде
құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта
құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым
ретiнде құрылған қоғам да коммерциялық емес ұйым
болып қайта құрыла алмайды.
1.2 Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі
Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық
мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана кәсiпкерлiк
қызметпен айналыса алады. Жекелеген
ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық
емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
шектеулер қойылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
Қазақстан Республиқасының Заңына
сәйкес коммерциялық емес ұйымдар
әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру,
қайырымдылық, басқару мақсаттарына
қол жеткiзу; азаматтардың және
ұйымдардың құкықтарын, заңды
мүдделерiн қорғау, даулар мен
жанжалдарды шешу, азаматтардың
рухани және өзге қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру; азаматтардың
денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны
қорғау, дене шынықтыру мен спортты
дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн,
сондай-ақ коғамдық игiлiктердi және өз
мүшелерiнiң (қатысушыларының)
игiлiктерiмен қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да мақсаттарда
құрылуы мүмкiн.
2.1 Азаматтық қоғам институттарын дамытуда
коммерциялық емес ұйымдардың алатын орны

Азаматтық қоғамның өзіне тән әлеуметтік,
экономикалық, саяси және рухани құндылықтар жүйесі
қалыптасқан.
Азаматтық қоғамның негізгі субъектілері өзінің осы
қоғамға сәйкес келетін құндылықтар жүйесі қалыптасқан
мүддесі бар адам мен азамат. Азаматтық қоғамның
мемлекеттік органдардан айырмашылығы адамның
құқықтары жүйесіне негізделген жеке тұлғаның
қажеттіліктерін қанағаттандыру және мүдделерін іске
асыру.
Азаматтық қоғамның маңызды
институттарының бірі коммерциялық
емесе ұйымдар. Коммерциялық емес
ұйым болып табылатын заңды тұлға
мекеме, қоғамдық бірлестік,
акционерлік қоғамдар тұтыну
кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестік нысанында және заң
құжаттарында көзделген өзге де
нысанда құрылуы мүмкін. 2001 жылы
16 қаңтарда «Коммерциялық емес
ұйымдар туралы» Казақстан
Республикасының Заңы қабылданды.
Заң коммерциялық емес ұйымдардың
құрылуына, қызметіне, қайта
ұйымдастырылуына және
таратылуына байланысты туындайтын
қатынастарды реттейді.
.

3340 қоғамдық қор,
471 ұлттық-мәдени
бірлестік, 40-тан
астам конфессиялар
мен
деноминацияларды
білдіретін 3349 діни
бірлестік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Комерциялық емес ұйымдар пайданы көздемейтін
ұйым болып табылады. Коммерциялық емес
ұйымдарға мекеме, мемлекеттік мекеме, жеке меншік
мекеме, қоғамдық бірлестік, қор және оның жеке,
корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар сияқты
түрлері, тұтыну кооперативі, діни бірлестік,
коммерциялық емес акционерлік қоғам,
коммерциялық емес ұйымның өзге
де
ұйымдық-құқықтық пішініндегі заңды тұлғалардың
қауымдастық пішініндегі бірлестігі т.б. жатады.

Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдар
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлік қызметі
Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік - құқықтық мәртебесі
Коммерциялық ұйымдар
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
КƏСІПКЕР
Комерциялық және өзгеде ұйымдарға қызмет мүдделеріне қарсы құқық бұзушылар
Діни бірлестік
Комерциялық заңды тұлға
Пәндер