Өзін-өзі тану жобасы дегеніміз не




Презентация қосу
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білімі – балаларға, жеткіншектерге және
жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық
рухани құндылықтарды меңгертіп,
адамгершілік қасиеттерге үйретуге
бағытталған мемлекеттік білім беру
бағдарламасы.
Елімізде соңғы ширек ғасыр шамасында болған
өзгерістер қоғамдық сананың барлық түрінің мазмұнына,
мұраттарына, рухани-адамгершілік бағдарларына
өзгерістер енгізді. Бүгінде рухани қатер төндіретін түрлі
факторлар мен құбылыстар: қарқынды жаңашыл
үдерістер, және экономикалық және саяси өзгерістердің
ырықсыз ендірілуі, сырттан алып сын көтермейтін
дүниелерді пайдалану, ұлттық рухани мұралардың
көмескіленуі, дәстүрлі емес діни ағымдардың етек алып
еркінсуі; қатыгездіктің табиғи көріністері; өзге елдің
салт-дәстүрлеріне еліктеушілікке жол берілуі және т.б.
«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәні адамның
ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалуға, өз
мүмкіндіктерін, табиғи дарынын дамыта білуге; міндетті
түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білуге; өзінің
ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен
қарауға; өзімен, өз отбасымен және қоршаған ортамен
жарасымды өмір сүруге; адамдарға әрқашан қолынан
келгенше көмектесуге; ар-ұжданымен өмір сүруге; қоғам
игілігі үшін еңбек етуге, үнемі кемелденіп отыруға үйрету.
Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік
ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып
табылады.
«Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық, – дейді Сара
Алпысқызы. – өйткені адам әуелі өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін,
өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы
ойыншыққа айналады. Егер де «біз кімбіз», «қайдан пайда
болдық», «бұл өмірге не үшін келдік» және «қайда барамыз»
деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ
– ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді»
имандылық жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы
қадамымыз болғаны...
Өмірде еш нәрсе де кездейсоқтық емес, барлығының да бір-
бірімен байланысы бар – ол белгілі бір заңдылық. «Өзін-өзі
тану» жобасы да кездейсоқ туындаған жоқ. Біз сіздермен біріге
отырып, адам жаны үшін өте маңызды мәселені шешеміз –
адамның өзін-өзі танып білуіне, ар-ұжданымен өмір сүруге, адам
деген атқа лайық болуға үйретеміз.
Өзіңді өзің танымасаң, өз өмірінің қандай екенін
түсінбейсің;
Өзіңді өзің танымасаң, айналаңдағы адамдардың өзіңе
деген қарым-қатынасын біле алмайсың;
Өзіңді өзің танымасаң, өз қабілеттерің мен
мүмкіндіктеріңді білмейсің;
Өзіңді өзің танымасаң, өзіңді-өзің мақсатты түрде
тәрбиелей алмайсың;
Өзіңді өзің танымасаң, өзіңе зиянды әсерлерден аулақ
бола алмайсың;
Өзіңді өзің танымасаң, өз өміріңді жоспарлай
алмайсың.
Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам
ешқашанда сол қалпында қала аламайды,» - дейді
Томас Манн. Ендеше өзін-өзі, өз мүмкіндіктерін,
өзінің өмірдегі орнын түсінген адам, өзін-өзі
қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз
орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.
Ең бастысы – адам өз-өзімен және қоршаған
ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік
иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-
әрекеттерімен жарастықта өмір сүруге үйренеді.
Тек қана махаббат, өзара келісім, өзара сыйластық,
шыдамдылық, қанағаттылық, рақымдылық, бір-бірін
қолдау арқылы ғана. Бұл – адамзаттың адамгершілік
тәжірибесіне, ата-бабамыздың, халқымыздың, тіпті жер
бетіндегі барлық адамзаттың мәдени, рухани мұрасына
қол жеткізу жолы.
Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну
жағынан қарастыратын ілім, жалпыадамзаттық және
ұлттық идеяға, сол сияқты өз бойындағы бірегейлікке
сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін
қалыптастыруына жағдай жасайды.

Ұқсас жұмыстар
Өзін өзі - тану
«Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі»
Өзін –өзі танупәнінің маңызы
Өзін өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Метатану аспектілерін санаттау білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі
Ар-намыс керек адамға
Ар-намыс ,ұят беттің пердесі
Оқушылармен кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі
Сана туралы анықтамасына тоқталып, сонымен қатар жалпы түсінік беріп және өзіндік сана туралы мұғлұматтар жинау
Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи философиялық негіздері
Пәндер