Интерактивті тақта туралы




Презентация қосу
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім
беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды
қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен
мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне
жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы
интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын
білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс
жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын,
сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда
дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс
істегенде әдістемелік көмек беру.
Интерактивті тақтаның үш режимінде де
жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ
тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен
жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін
белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу
үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ
беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті
пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті,
мысалы географиядан, физика, биологиядан және
т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы.
Фон ретінде географиялық картаны,
физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады
және сабақ барысында қажет болса картаға белгі
салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті
дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға
ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік
редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары,
Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы ,
Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік
тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы
құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс
нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету
керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «
төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет
кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде
ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық
мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі –
құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан
түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс
жасаймыз.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті
режимдегі жұмысы

Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау
қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның
сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға
болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office
құралдары арқылы құрылған құжаттарға,
графиктік редакторлардың немесе программалау
ортасының көмегімен құрылған файлдарға,
интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға
мүмкіншілік береді.
Интерактивті құралдардың келесі
ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы
түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар
жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге
болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін
қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне
кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз
Интерактивті тақта
Білім берудегі интерактивті технология
Мультимедиа технологиясы туралы ақпарат
Ақпараттық коммуникация технологиясы және оның құралдары
Тақталар қандай болады
Флипчарт құралы
Флипчарттың құралдар тақтасы
Жаңа технологиялар
Интерактивті тақтаның құрылғылары
Пәндер