Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы



Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы.
Орындаған: Қадырбек Б.
Тобы: В-ЖМҚА-03-18
Қабылдаған:
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Шымкент-2018

Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім 1. Гистология, цитология, эмбриологияның дамуы. 2. Гистологияның препараттарды әзірлеу және бояу. 3. Қазақстанда гистология ғылымының дамуы. III Қорытынды IV Қолданылған әдебиеттер

Гистология (грекше histes - ұлпа, logos - ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым сласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғадымдардың еңбектерінде кездеседі. Микроскопиялық зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.

Гистологиялық көрініс

.
1
Материалдарды алу және бекіту.
2
3
4
5
Материалдарды тығыздау.
Кесінділерді дайындау.
Кесінділерді бояу немесе метал тұздарын сіңдіру
Кесінділерді бальзамға немесе басқа бұзылмайтын ортада сақтау

Гистологиялық бояғыштар (гистологические красители) - адам мен жануарлар мүшелері мен ұлпаларынан алынған гистологиялық препараттардағы жекеленген құрылымдарды анықтау үшін қолданьшатын бояғыш заттар.
Гистологиялық бояғыштар

Қышқылдық бояу - құрамында тұз түзуші қышқыл топтары (SO3H, COOH) бар, суда еритін органикалық бояғыш зат. Ол көбінесе антрахинон және азобояғыштар түрінде болады. Молекулаларының ерекшеліктеріне қарай қышқылдық бояудың целлюлоза (мақта, вискоза, т. б. ), ақуыз (жүн, жібек) және полиамид талшықтарын бояйтын түрлері бар Негіздік боялу (базофилия) ; (basophilia, грек, basis - негіз, рһіііа - сүйіспеншілік) - адам мен жануарлар дене мүшелерінен дайындалған препараттардағы жасуша құрамындағы базофильді гистологиялық құрылымдарды (ДНҚ, РНҚ, мукополисахаридтер, негіздік белоктар және т. б. ) анықтауға пайдаланылатын, рһ-көрсеткіші 7-ден жоғары бояулармен боялу. Негіздік бояуларға гематоксилин, сафронин, кармин, пиронин, тионин және тағы басқалар жатады. Бұлардың (ядролық бояулардың) құрамына сілтілік топтар кіреді . Гистологиялық препараттарды дайындауда кеңінен қолданылатын әмбебап бояу - гематоксилин, жасуша құрамындағы базофильді құрылымдарды (ядро құрамын) көк түске бояйды. [1] Арнайы бояулар - гистологиялық препараттардағы белгілі бір құрылымдарды анықтау үшін гистологиялық техникада қолданылатын бояулар. Мысалы, судан III және осмий қышқылынын көмегімен ұлпалардағы, жасушалардағы липидтерді (май және май тәрізді заттар) бояйды. Липидтер судан III пен қара түске, осмий қышқылымен қызғылт-сары түске боялады. Пикрофукциннің көмегімен эпителий, ет және дәнекер ұлпаларының құрылымдарын, ал азур-2 және эозинмен дәнекер ұлпалары мен қанның жасушаларын ажыратып анықтайды. [1]

Гистология
бөлімдері
Цитология
Жалпы гистология
Эмбриология
Жеке гистология
Жалпы цитология
Жеке цитология

Цитология - организмнің әр-түрлі жасушаларының дамуын, құрылысын және қызметтерін зерттейді. Цитология өзі екі бөлімнен тұрады: Жалпы және жеке цитологиядан.
Жалпы цитология - қалыпты жағдайдағы жасушалардың жалпы құрылыстары мен құрылымдарын зерттейді.
Жеке цитология - жоғары маманданған түрлі ұлпалар мен органдардағы жасушалардың құрылыстарының ерекшеліктерін зерттейді.
Эмбриология - ұрық жөніндегі ілім, ұрықтың даму барысындағы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Жалпы гистология - ұлпалардың қызметін, құрылысын және даму жолдарын зерттейді.
Жеке гистология -органдардың дамуын, құрылысын және қызметін зерттейді.

Цитология дегеніміз-(греч. kutoc- «жасуша», loyoc -«ғылым») - жасуша туралы ғылым.
Цитология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсерден 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәліметтер де бар.

Эмбриология (гректің embryon - ұрық, logos - ілім, ғылым) - ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым.
Адам және жануарлар ұрығының құрылысы жөніндегі мағлұматты көне Индия, Қытай және Мысыр ғалымдарының шығармаларынан кездестіреміз.
Көне Грецияның ғалымдары (Эппидокл, Анаксагор, Демокрит, Плутрах, Гиппократ т. б. ) пайда болу мен эмбриондық даму фактілерін түсіндіруге әрекет істеген. Бұл ғалымдардың көзқарастары анайы-материалистік болған. Эмбриондық дамуды жүйелі зерттеу XVII ғасырдан басталады. Италиялық ғалым Фабриций адамның және түрлі жануарлардың - қоянның, теңіз шошқасының, иттің, мысықтың, қойдың шошқаның, жылқының, сиырдың және тағы басқалардың ұрықтарын зерттеген. Жеке органдардың қалыптасу әдістері мен олардың пайда болу кезеңі жөніндегі өз пікірін баяндаған Декраттың «Жануардың қалыптасуы жөнінде» (1648) деген кішкене трактатын да атаған орынды.

Қазіргі эмбриологияның негізін қалаушы К. М. Бэрдің сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының дамуын егжей-тегжейлі зерттеудің нәтижесінде жазған “ жануарлар дамуының тарихы” деген еңбегі әлемге белгілі. Бэр “ Ұрықтық ұқсастық” жөніндегі ғылымды шығарған. Ол екі алғашқы жапырақшаларды - анимальдық және вегетативтік жапырақшаларды ажыратқан. Бэр бойынша, анимальдық жапырақша дамудың аяқ кезінде жабындыны, нерв жүйесін және сезім органдарын беретін тері қабаттарын және бұлшықет пен сүйектерді құраушы бұлшықеттік қабатқа бөледі. Вегетативтік жапырақша мезентерий мен тамырларды беретін кілегейлі қабатқа ажыратады. Осы қабаттардан тұрақты органдарға айналатын алғашқы органдар пайда болады. Бэр көптеген жаңалықтар ашты. Олардың бірі - адам мен тауық ұрықтарының хордасы, ұрықтық ұқсастық заңы. Бұл заң бойынша ұрықта алдымен типтің, сонан сон кластың, туыстың, түрдің ең ақырында организмнің өз белгілері пайда болады.
Карл Бэр
эмбриологияның негізін қалаушы

Қазақстандағы гистологияның даму тарихы.
Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех. -малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталалды. А. В. Кирилличеваның қатысуымен адам ұрпағының дамуының патологиясын зерттеу жүргізілді. 1971-1980жж қазақ гистологиясының негізгі бағыттары Д витамині жетіспеушілігін зерттеу болды. Қазақ гистологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар: Академиктер: Б. А. Домбровский, Т. Масенов, Ф. Мухаммедгалиев т. б Профессорлар: М. Х. Нурышев, Ф. Халилов, И. Чагиров және т. б Т. Масенов болды
Фазыл Халелұлы 1913 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылында дүниеге келген. 1938 жылы А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірді. Бір жылға жуық аталған оқу орнының ректор орынбасары болыпқызмет етті. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына борышын өтеуге Батыс Украинаға шақырылады. Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінде ассистент, содан кейін аға оқытушы және доцент болып жұмыс істеді (1946 ж. бастап) . 1953 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Ол биология ғылымында жаңа бағыт - биоморфологияның негізін қалаған ірі морфолог-эволюционист академик Б. А. Домбровскийдің шәкірті болды. Соңғы жылдары ол «Особенности морфогенеза гепатопанкреаса рыб» атты тақырыпта докторлық диссертация жазады, бірақ акт залында сөйлеу барысында 53 жасқа қараған шағында дүниеден озады. 1968 жылы ғалым дүниеден қайтқаннан кейін диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша монография шығады. 10 жыл бойы (1956-1966 ж. ) ҚазМУ биология факультетінің деканы болып қызмет атқарып, оның дамуына зор үлес қосты. 1965 жылы цитология және гистология кафедрасының негізін қалап, аталған кафедраның алғашқы меңгерушісі болды. 60 ғылыми еңбектің авторы.

Қазақстандағы гистологияның даму тарихы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz