Г. Сельенің күйзеліс туралы ілімі. Эмоциялық стресс


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: Шайловбек Ф.

Тобы: ЖМҚА 03-18 B

Қабылдаған: Оразбекова Ж. Р.

Шымкент 2018ж.

Қалыпты жане паталогиялық физиология кафедрасы

Тақырыбы: Г. Сельенің күйзеліс туралы ілімі. Эмоциялық стресс.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА

АКАДЕМИЯСЫ

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Г. Сельенің күйзеліс туралы ілімі

Эмоциялық стресс

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Осылайша адамзат жаңа заман өміріне, ғылыми техниканың информациялық жасанды табиғатқа бейімделу үстінде. Ал, адам өмірге бейімді болғысы келсе, ол өзінің дене құрылымын, сана-сезімін, ақыл ойын соған жаттықтыра, шынықтыра түсуі қажет. Бұлардың бәрі адамның сезім дүниесімен, санасымен, ақыл-ойымен атқарылады.

Slide 4

Осы аты аталған адам адам психикасының, яғни адам жанының әр түрлі қасиеттері, ауыртпашылықтар мен қиыншылықтар үстінде сан қилы қозғалыстарға түседі. Оны жан дүниесіндегі қозғалыстыңсыр-сипаты мен мәнін, олардың әр адамның жеке басына түсетін ауыртпашылықтарды жеңу үстіндегі күрес кезіндегі жағдайларын және осы күрес үстінде ауыртпашылықтарды пәрменді жеңу үшін жан дүниесін қалай шынықтырудың тәсілдерін баяндау осы жұмыстың негізгі мазмұны болмақшы.

Slide 5

Г. Сельенің күйзеліс туралы ілімі

Күйзеліс және жарақаттанғаннан кейінгі күйзеліс арасын теориялық қосуға қарамастан, бұл екі түсініктің ортақтығы аз. 1936 ж. Ганс Селье стресс концепциясын ұсынды, оның ойынша стресс ағзаның өзін-өзі сақтайтын және стрессорға реакция үшін ресурстарды мобилизациялайтын гомеостатикалық модель болып табылады. Ағзаға әсер ететін барлық агенттерді екіге бөлді, ол спецификалық (тұмау вирусы тұмауды тудырады) және жалпы адаптациялық синдром түрінде көрінетін спецификалық емес стереотиптік эффектілер.

Slide 6

Синдром дамуы үш сатыдан өтеді:

мазасыздану реакциясы

ресистанция сатысы

қажу сатысы

Slide 7

Селье ағзаның гомеостатикалық механизмдерінің адаптациялық құрылуы негізінде мобилизацияланатын адаптациялық энергия түсінігін енгізді. Қажу Селье бойынша ол қайтарылмайтын және ағзаның қартаюына, жойылуына алып келеді. Жалпы адаптациялық синдромның психикалық көрінуіне эмоционалды стресс деген атау берілген - яғни стрессті бастан өткізетін аффективті бастан кешу және адам ағзасын қолайсыз өзгерістерге алып келеді. Экстремалды және бұзушы факторлардың әсерінен стресстік реакциялық эмоционалды аппарат бірінші қосылады, ал бұл кез келген мақсатқабағытталған мінез-құлықтық актімен байланысты.

Slide 8 Slide 9

Осынын салдарынан мінез-құлықтық реакцияны реттейтін вегетативті функционалды жүйелер және олардың спецификалық эндокриндік қамтамасыз етілу белсендендіріледі. Стресстік ситуацияны жеңе алмаған жағдайда шиеленістік күй пайда болады да ағзаның алғашқы гормоналдық өзгерісне алып келеді, бұл ағзадағы гомеосазды бұзады. Кейбір жағдайларда қиындықты жеңуге ағзаның мобилизациялануының орнына, стресс қауіпті бұзылыстардың себебі болуы мүмкін.

Slide 10

Бірнеше рет қайталануынан немесе өмірлік қиындықтармен байланысты аффективті реакциялардың жалғасуынан эмоционалды қозу тұрып қалған станционарлы форманы қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда ситуация қалыпқа келсе де тұрып қалған эмоционалды қозу әлсіремейді. Ол вегеративті жүйке жүйсін белсендендіріп, сол арқылы ішкі органдарды және жүйенің жұмысының бұзылуына алып келеді.

Slide 11

Егер ағзада әлсіз буындар болса, олар аурудың қалыптасуының негізі бола алады. Эмоционалды стресстен пайда болған мидың нейрофизиологиялық реттелуінің түрлы құрылымындағы алғашқы бұзылыстар, жүрек тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жұмысының қалыпты жұмыс істеуін өзгертеді, қан жұйесінің өзгеруіне, иммундық жүйенің бұзылуына әкеледі.

Slide 12

Эмоционалды стресстер өзінің пайдаболуына әлеуметтік болып табылады, және оған деген қарсы тұра алу адамдар да әр түрлі болып келеді. Қазіргі көз қарастар бойынша, стрессордың нәтижесінен физикалық бұзылыспен бірге психикалық сферада бұзыысқа ұшыраса стресс травмалық болып табылады. Мұндай жағдайда концепциялар бойынша, өзіндік (самость) құрылымы, әлемнің когнитивтік модельі, аффективті сфера, неврологиялық механизмдер, ес жүйесі, үйренудің эмоционалды жолы бұзылады. Мұндай жағдайларда травмалық оқиғаға жататындар - күшті негативті салдарға ие экстремалды дағдарыстық ситуациялар, өзіне және жақындарына өмірлік қауіп төндіретін жағдайлар болып табылады.

Slide 13

Ганс Селье стрестің келесі сатыларын анықтады

әсерге тікелей реакция (мазасыздану сатысы)

максимальды эффективті адаптация (ресистенттілік сатысы)

Адаптациялық процестің бұзылуы (қажу сатысы)

Slide 14

Бұл сатылар кез келген адаптациялық процеске тән. Стрессті тудыратын факторлардың бірі эмоционалды шиеленістік, ол адамның эндокриндік жүйесінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, клиникадағы науқастарды экстремалды зерттеуде, үнемі жүйкелік шиеленісте жүретін адамдар вирустық инфекцияны ауыр өткеретінің анықтаған. Мұндай жағдайларда білікті психологтың көмегі қажет.

Slide 15

Психикалық стрестің негізгі белгілері:

Стресс - ағзаның күйі, оның пайда болуы ағза мен орта арасындағы өзара әрекетті көрсетеді

Стресс - неғұрлым шиеленіскен күй, әдетегі мотивациялық күйге қарағанда, ол өзінің пайда болуында қаупті қабылдауын талап етеді

Стресс - қалыпты адаптациялық реакция жеткіліксіз болған жағдайда орын алады

Slide 16

Үрейлену

Төзімділік

Әлсіреу

Г. Селье адамның жеке ерекшелігіне, жоғары жүйке әрекетінің типтеріне орай стресcті:

Slide 17

Үрейлену

Үрейлену-жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы сатысы. Шок кезінде орталық жүйке жүйесінде тоқтау пайда болып, гипотония, жабырқау, мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасу нашарлайды. Абыржу-талықсу(шок) және оған қарсы кездерден тұрады. Таңырқау секілді сезім пайда болады.

Slide 18 Slide 19

Төзімділік

Жағымсыз тітіркендіргіштің әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамдайды, тыныс алу жиілене түседі, бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді.

Slide 20

Арнамалы төзімділік

Қоршаған ортаның тек белгілі түрткілерінде ғана байқалады. Кейбір жұқпалы аурудан, не жасанды иммунитеттен кейін пайда болады. (Биік таулы жерде, суықтыққа, т. б) бейімделіс кезінде туады.

Бейарнамалы төзімділік

Табиғаттағы әр алуан түрткілердің төтенше әсеріне организмнің тұрақтылығы. Бұл ғарышкер, ұшқыштардың жүктемесі кезінде байқалады.

Slide 21

Әлсіреу

Бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, эндокриндік жүйелердің қызметі төмендейді. Мұны психикалық дезадаптация деп атайды. Дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) кезінде жабығу, тұнжырау, жан ауруларының асқынуы байқалады.

Slide 22 Slide 23

Эмоциялық стресс

Эмоциялық стресс - қауіп туғанда не оқыс қорыққанда, не көңілі қалғанда байқалады. Жүйке жүйесінде тежелу байқалады. Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Мазасыздық реакциясының кезеңі
Стресс түсінігі
Стресстің адам денсаулығына әсерін бағалау критерийлері
Ганс Сельенің стресс жайындағы ілімі. Эмоциялық стресс
Стресстің түрлері
Стресстен арылу жолдары
Стресстің кезеңдері
Күйзеліс және оның шығу себептері
Эмоционалды күю синдромы
Эмоционалды күйіну синдромының профилактикасын жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz