Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байланыстары


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байланыстары.

Орындаған: Шайловбек Ф.

Тобы: ЖМҚА 03-18 «Б»

Қабылдаған: Адильбекова А. Д.

Шымкент 2018ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе;

Негізгі бөлім;

Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы

Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар

Сүйектердің байланысуы

Қорытынды;

Қолданылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Сүйек тіні-дәнекер тінінің ішіндегі жоғары маманданған, аралық заты минерализацияланған, құрамында 70% ана-органикалық зат болса, оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып табылады.

Slide 4

Басқа сүйектің құрамында 30-шақты микроэлементтер болатыны белгілі, оларға: мыс, цинк, барий, магний, т. б. тағы басқалар жатады. Сүйекте аздаған су, хондроэтин күкірт қышқылы және көп лимон қышқылы болады. Лимон қышқылы кальций мен байланысып мықты сүйектің органикалық матриксін түзеді.

Slide 5

Негізгі бөлім

Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы

Сүйек тінінің физиологиялық регенерациясы - периосттың, эндосттың және остеон каналындағы остеогенді жасушалардың есебіне жүретін өте баяу процесс.

Slide 6

Сүйек тінінің жарақаттанудан кейінгі регенерациясы сынған сүйектің ұштары бір-біріне қатысты ығыспаған жағдайда жақсы жүреді. Сүйектің түзілуі тура емес остеогенез бойынша жүреді. Остеобласттар сүйекті құрастырғанға дейін, остеокласттар сүйек ұштары арасында кішкентай саңылау түзеді.

Slide 7

Осы биологиялық заңдылыққа байланысты травматологтар сүйек регенерациясы барысында біртіндеп сүйек ұзартатын аппараттар қолданады.

Slide 8

Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар

Сүйек тінінде өмір бойы сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі факторларына байланысты бір-бірімен тығыз байланысты бұзылу мен жаңару процестері жүріп отырады. Остеондардың қайта құрылуы біріншілік остеондардың бұзылуы салдарынан жүреді.

Slide 9

Остеокласттар әсерінен остеонның пластинкалары бұзылып, оның орнында қуыс пайда болады. Бұл процесс резорбция деп аталады.

Slide 10

Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлардың ішінде ерекше орынды пьезоэлектрлік эффект алады. Сүйек пластинкасының иілген жерлерінде дөңес және ойыс жақтары арасында белгілі бір потенциалдар айырымы пайда болады.

Slide 11

Дөңес жағы - оң, ойыс жағы - тері зарядталады. Теріс зарядталған бетінде үнемі остеобласттардың активтеліп, аппозициональды сүйек түзілу процесі өтеді. Оң зарядталған бетінде остеокласттар қатысатын резорбция құбылысы байқалады.

Slide 12

Сүйек тінінің құрылысына витаминдер (С, А, Д), қалқанша, қалқанша маңы және тағы да басқа эндокринді бездердің гормондары әсер етеді.

Slide 13

Балаларда А витамині жетіспеушілігі кезінде сүйектердің өсуі тоқтайды. Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің, бассүйектің және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады.

Slide 14

Ересектерде авитаминоз кариес пен остеомаляцияға (сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі) байқалады.

Slide 15

Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі. Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады.

Slide 16

Қалқанша безінің гормоны - кальцитонин - сүйекте оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін бұзатын остеокласттар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін остеобласттар қызметін белсендіреді.

Slide 17

Сүйек құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Қалқанша маңы безі гормоны - паратгормон - сүйекте саұталған кальцийді қанңа шығарады. Соған сәйкес сүйектен кері сіңудің басқа өнімдері босатылады. Паратгормонның аталған әсері негізінен остеобласттарды бұзатын ферменттері бар, оның байланыстарынан кальцийді жұмылдыратын жасушаларды белсендіру қабілетіне байланысты.

Slide 18

Паратгормон остеобласттардың құрылыс үрдістерін тежейді. Паратгормонның бұл әсерлері бірігіп, кальций мен фосфордың сүйектен шығуына, тіпті ондағы белокты құрамыстың қалыпты жағдайдан бұзылуына алып келеді. Гормон мөлшерден артық болса, сүйекте бос кеңістік пайда болады, яғни остеопороз дамиды.

Slide 19

Сүйектердің байланысуы

Сүйек байланыстары туралы ілім синдесмология (латынша син-байланыс, десмо-байлам, логос -ғылым деген сөздер) деп аталады.

Slide 20

Сүйектердің байланысу түрлерін 3 топқа бөлуге болады:

қозғалыссыз немесе синартрозды байланыстар

қозғалмалы, буын немесе диартрозды байланыстар

жартылай буынды немесе симфиз

Slide 21

Сүйектерді жалғастырушы ұлпалардың өзгеру жағдайына қарай синартрозды байланыстар үшке бөлінеді:

талшықты немесе синдесмозды байланыстар

шеміршекті немесе синхондрозды байланыстар

сүйекті немесе синостозды байланыстар

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Физиологиялық және жарақаттан кейінгі регенерациясы
Сүйек құрлысы
Өсу факторлары
Сүйектердің құрамы, құрылысы
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Сүйек тканінің құрылымдық ұйымдасуы
Дендритті жасушалар
Тістің органикалық заттары
Сүйек ұлпасы
Балалық шақта бұлшықет тінінің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz