Томас Гоббс (1588-1679 жж. )



Елестерді жоюдың негізгі құралы ─тəжірибеге жүгіну жəне нақты деректерді ғылыми əдіспен талдау дейді. Мұндай бағыты - эмпиризм деп атайды. Ақиқат əдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық (əдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі, нақты бейнелер арқылы көрсету), əсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын əдіс-тəсілдермен шешеді. Оның пікірінше, танудың үш жолы бар: өрмекші, құмырсқа жəне ара жолдары.

Томас Гоббс (1588-1679 жж. ) 6 жасында латын жəне грек
тілдерінде сөйлеп, өте ерте Оксфорд университетіне түседі. Негізгі
еңбектері: «Азамат туралы философиялық ілімнің бастапқы
негіздемесі», «Левиафан». Ол теологиялық схоластиканы жоққа шығарды. Философияның мақсаты: адамның іс-əрекетінің практика жүзінде нəтижеге жетуіне жəне ғылыми-техникалық прогрестің дамуына мүмкіндік туғызу. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанцияны мойындау - денесіз дене бар, дегенге сай. Денелер
материяның туындысы. Танымның əдісі ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қолдануды ұсынады. Адамның дүниені тануы, сезімдік қабылдау
арқылы іске асады. Бұл сезім мүшелері (көз, құлақ. т. б. ) арқылы
қоршаған орта туралы алынатын шартты белгіні ары қарай өңдеу. Бұл белгілерді Гоббс «таңба» деп атайды.

Декарт Рене (1596-1650 жж. ) . Ол философияның, физиканың,
математиканың жəне физиологияның дамуына үлкен əсер етті. Декарт
- дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік
таным əдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы жəне дамуы), физика жəне физиологияда Декарт - материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол идеалист - «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»1 (Cogito, ergozum) - деген қағидаға сүйенеді.

Декарттың көзқарасы бойынша философияның «негізгі мəселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя немесе сана деген пікір таласының жөні жоқ. Олар əр уақытта бірге өмір сүреді жəне біртұтас болмыстың əртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Дуализм- дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын тепе-тең екі нəрседен - Рух пен материядан басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.

Бенедикт Барух, (1632-1677 жж. ) Спиноза ауқатты еврей
отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Əкесі қаланың бай
судагері еді. Ол баласын діни училищеге берді, онда ол зеректігін
көрсетті. Декарттың шəкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды.
Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, əсіресе екі
бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның
ерекшелігі ─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын
көрсетуі. Спиноза философиясының түп негізгі - субстанция, оны
Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут (қасиет) бар: ойлау жəне ұзындық. Спиноза - монизмді жақтай отырып,
субстанцияның материялдық сипатын көрсетеді. Дүниедегі заттар -
табиғат модустары (түрлері) . Модустар дүниесі, субстанцияның жай-күйі мен іс-əрекеттері қозғалыста болады.

Джон Локк (1632-1704 жж. ) Бэкон мен Гоббстың философиясын жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адам ақылының тəжірибесі туралы» (1690 ж. ) . Ол Р. Декарттың «туа біткен» идеясын жоққа шығарды. «Жаңадан туған жанның санасы - таза тақта, ол
тəжірибе арқылы толтырылады. Барлық білім тəжірибеге сүйенеді» -
оның негізі тезисі. Бұл материалистік эмпиризм, сенсуализм ағымы.
Тəжірибенің екі түрі бар: сыртқы жəне ішкі тəжірибе. Біріншісі -сезім, екіншісі - рефлексия. Сезім идеясы - бастапқы сырттан келге құбылыс. Рефлексия - сананың өзінің ішкі психикалы күйіне ой
жүгіртуі. Сезім идеясы арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Ол екеу:
бірінші сапалы идеялар ─ денелердің түрі, саны, орны, қозғалысы, салмағы, көлемі, т. б. Қасиеттері. Бұларды объективтік шындықта қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Екінші сапалы идеялар:денелердің иісі, түсі, дəмі, т. б., бұларды субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Оның сапаны осылай талдап зерттегені - үлкен ғылыми ілгері басқандық болды.

Жаңа Заман философиясында XVIII ғ. ерекше орын алған бағыт, ағартушылық кезең. Көрнекті өкілдері: Францияда - Вольтер, Ж. Руссо, К. Гельвеций, Ж. Ламетри, Д. Дидро, П. Гольбах Германияда -
Лессинг, И. Гердер, Англияда - Д. Докк, Д. Толланд, Д. Юм.
Ағартушылық кезеңдегі ойшылардың бəрін қайта өрлеу дəуіріндегі
адамның шексіз мүмкіндігіне сену, өмірді ақылға сүйеніп өзерту, жаңа
ғылым жетістігіне ұмтылу біріктіреді. Ағартушылар шіркеуді, дін ұстанымдарын сынап, абсолютизм мен метафизикаға қарсы шықты.
Дін атаулының бəрі - надандықтың, жоққа нанудың жəне қаталдықтың
ертедегі ескерткіші деді Гольбах. Олар қоғам өмірінің барлық жағын
реформалаудың тиянақты концепциясын қарастырып, қоғамдық
игілікке бағыттады. Олардың бар көңілі белсенді əрекеттенуші адамға,
оның дүниені танып өзгертуіне, ақылға сүйеніп, əлемнің қожасы болуына арналды.

Француз ағартушыларының өкілі Вольтер (1694-1778 жж. )
жазушы, философ жəне публицист. Аса қатаң түрде шіркеуді сынады,
оны үстем таптың мүддесін қорғаушы, ғылым мен білімнің жауы деп санады. Ол əрекетсіз оптимизмге күлді, еркін ойшылдыққа, өз бақыты үшін күресетін іскер адам болуға шақырды. Ол материяның мəңгілік жəне таралмайтындығы, тəуелсіз өмір сүретіні əрі мəңгі қоғалыста болатыны, табиғи жəне қоғамдық құбылыстардың себептілікке бағынатындығын мойындады.

Жан Жак Руссо (1712-1778 жж. ) феодалдық қоғамды қатаң
сынады, адам теңдігін, демократияны, азаматтық қоғам идеяларын дамытты. Теңсіздікті жекеменшіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда
«бəрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz