Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен астары. Фирмалардың, шаруалар мен үй шаруашылықтарының сәттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі




Презентация қосу
СӨОЖ№1:Экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігі мен астары.
Фирмалардың, шаруалар мен үй
шаруашылықтарының сәттілігін
қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі.
Нарық экономикасына мемлекеттік
араласу қатынасы оның дамуы мен
қалыптасуының әр түрлі сатысында
түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы
нарықтық қатынастардың қалыптасу
кезеңінде үстем болған экономикалық
доктрина-меркантилизм – елдегі сауда
мен өндірістің дамуы үшін,
мемлекеттік реттеудің сөзсіз
қажеттілігін тануға негізделген.»
Нарықтық өатынастардың дамуымен күш
жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік
араласуды және осымен байланысты
шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде
қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат
және халықтың баюының себептері туралы
зерттеу» еңбегінде, экономикалық
либерализм идеяларының пайда болуын
алғаш рет толық негізделген және оның
көптеген жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға
ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген
нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті
екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық
дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі
идеяларының бірі,
экономикадан
мемлекеттік реттеуді
алып тастаса, онда
экономика тиімді
қызмет етеді деген
идея болатын. А. Смит:
рынок басты реттеуші
болатындықтан,
рынокқа толық еркіндік
беру қажет,- деп
есептеді.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін
теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті
ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен
байланысты. «Кейнсиан революциясы » барысында
алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан
өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін,
мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық
жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен
жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай
тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал
ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс
идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс
жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және
қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі
экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға
көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік
реттеудің ) объективті мүмкіндігі
экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне
жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде,
өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен
өндіріс қатынастарының дамуында пайда
болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда
ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып
табылады. Олар экономикалық өсуді
ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді
реттеу, салалық және аймақтық
құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу,
экспортты қолдау сияқты әр түрлі
тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің
нақты нысаны қоғам дамуындағы әр
сатыдағы сипатпен,экономикалық және
әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен
ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты
турде шешілмейтін, немесе алыс
келешекте шешілетін қиындықтар,
проблемалар пайда болуы мумкін
немесе пайда болған еліміздің
өміріндегі әлеуметтік жағдай мен
оқиғалардың аялары, салалары,
аймақтары, сонымен бірге бұл
проблемалардың алып тасталуы —
әлеуметтік тұрақтылықты қолдау
және экономиканың қалыпты дамуы
үшін қажетті.
ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық
шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық
ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы
көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты
жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы
дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен
салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда –
салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық
шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және
бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық
ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа
шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен
бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі
жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды
жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар
үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін,
қосымша ынталандырулар жасалады.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға
болып табылады. Бағаның серпіні мен
құрылымы экономиканың жағдайын
көрсетеді. Сонымен бірге сол баға
шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы
жұмсалымының жағдайына, ұлттық
валютаның тұрақтылығына күшті ықпал
етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге
фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық
және интернационалдық деңгейіне дейін
байланысты айырмашылықтары және
иерархиялық сипаты болады.
Мемлекеттік реттеудің негізгі
құралдары
қазыналық саясат,
яғни шығындар
мен салықтардың табыстарды
құқықтық ақша саясаты; реттеу саясаты;
аумағындағы
саясат;

баға бегіленімін
сыртқы
әлеуметтік мемлекеттік
экономикалық
саясаты; реттеу;
реттеу;
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен,
жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен және бағаның
тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл
шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір
нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір
түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей
реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу —
әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі.
Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған,
табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз
азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын
және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді.
Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне
айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
САЛЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ АУДИТІНЕ КІРІСПЕ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі
Нарық: құрылымы, үлгілері, қызметтері
Экономиканы бюджеттік реттеу
Мемлекеттік реттеу нысандары
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ
Экономикалық тиімді мемлекет
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЫ
Пәндер