Жер үсті ғимараттарының конструктивті схемасы және элементтері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Геодезия және Құрылыс» кафедрасы

Дайындаған: Несіпханов М. А.

Тобы: ГК - 507

Тексерген: Жұмаділов І. Т.

СӨЖ

Тақырыбы: «Жер үсті ғимараттарының конструктивті схемасы және элементтері»

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Ғимарат түрлері

Ғимараттардың негізгі элементтері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Барлык тұрғызылған құрылыстарды ғимараттар деп атайды.

Ғимараттарды пайдалану жүйесіне, көлемдік-жобалық шешімдеріне, жалпы сипатына байланысты олар әртүрлі топқа бөлінеді. Ғимараттар деп жерде орналасқан қүрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің қажетті түріне байланысты әртүрлі бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы баскаларды келтіруте болады. Сонымен бірге ғимарат деп кейбір нысандарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгетгер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай нысандарды ииженерлік деп атайды.

Slide 4

Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелерді едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар ғимарат қабатын құрастырады.

Ғимараттардың қабаттылығына қарай: бір қабатты және көп қабатты деп бөледі. Қабат еденінін жүргін жол немесе отмостка деңгейімен салыстырганда орналасуына байланысты, жер бетіндегі кабат деп аталады. Оның едені отмостка немесе жүргін жол денгейінде орналасса цокольдік, оның едені отмостка немесе жүргін жол деңгейінен төмен, бірак бөлменің жарты кабатынан артпай орналасса - үй астылық, оның едені отмостка немесе жүргін жол деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артыгырақ төмен орналасса - жертөлек, ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.

Slide 5

Ғимарат түрлері

Slide 6 Slide 7

Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісетін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады. Тікелей жер бетінен іргетастың табанына дейінгі аралықты іргетасты салу тереңдігі деп атайды.

Қабырғалар бөлмелерді сыртқы кеңістіктен (сыртқы қабырғалар) немесе басқа бөлмелерден бөледі (ішкі қабырғалар) . Осымен олардың қоршаушы функциялары түзеледі. Бұдан басқа, қабырға тек өзіне меншікті салмақтан ғана емес, сонымен қатар ғимараттың жоғары жатқан бөлімдерінен (жабындардан, жабулар-дан және басқа) жүктеуді көтереді және күштеу көтеруші функцияны орындай алады. Өзіне меншікті салмақтан басқа, басқа конструкциялардан салмақ қабыл-дап, іргетасқа беретін қабырғалар күш көтеруші деп аталады.

ҒИМАРАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Slide 8

Жабындар деп, ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөлетін конструкцияларды атайды. Жабындар қабаттарды және онда орналасқан бөлмелерді жоғары-дан және төменнен шектейді (қоршаушы функциялары), сонымен бірге өзіне мен-шікті салмақтан басқа, ғимаратта табылатын пайдалы жүктеуді, яғни адамдардың, жабдықтардың және заттардың салмақтарын көтеруші (күш көтеруші функциясы) контрукциялары болып табылады.

Жабу ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық тұнбалардан, күн сәулесінен және желден қорғаушы конструкция болып табылады. Жабудың жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады. Жабу шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын құрастырады. Көбіне азаматтық және өндіріс ғимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жабу деп аталатын бір конструкция атқарады.

Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді .

Сатылар қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, саты торлары деп аталатын, арнайы, қабырғалармен қоршалған бөлмелерде орналастырылады.

Slide 9

Бірқабатты біраралықты өнеркәсіп ғимараттарының көлденең қималары: а -аспалы краны бар қаңқалы; 6 -көпірлі кранмен жабдықталған қаңқалы; в -көтеруші қабырғалы, қаңқасыз; 1 - бағаналар іргетастары; 2 - қаңқа бағаналары; 3 - жабудың көтеруші конструкциясы (бөрене) ; 4 - жабудың көтеруші конструкциясы, (ферма) ; 5 - шатырсыз жабу; 6 - қабырғалар; 7- іргетас бөренелері; 8 - кранасты бөренелері; 9 - байлау бөренелері; 10 - көтеруші қабырға; 11 - аспалы кран-бөрене; 12 - көпірлі кран

Slide 10

Көпаралық бір қабатты ғимарат: 1- бағананың іргетастары; 2 - сыртқы бағаналар қаңқасы; 3 - ішкі бағаналар қаңқасы; 4 -көтеруші жабу контрукциялары; 5 - жабудың қоршау бөлімдер тақталары; 6 - өзін өзі көтеруші қабырға; 7- іргетас бөренелері; 8 - кран асты бөренелері; 9 - қабырғаның бүйір жақ бағаналары

Slide 11 Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы мен Алматы қаласының ауыз су мәселелері
Сумен жабдықтау
Ақаба сулардағы мұнайды тазалауға озонды пайдалану
Геодезиялық бөлу жұмыстарының негізгі элементтері мен этаптары
Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері
Аналитикалық стереофотограмметриялық жүйелер
Бунақденелер. Шегіртке оның құрылысы. Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
Автоматты басқару теориясының негізгі түсініктері
Фототопография
Тропикалық типтегі өзендер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz