ИНЖЕНЕРЛІК- ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР. ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ


Slide 1

Инженерлік-гидрологиялық ізденістер. Гидрометеорологиялық ізденістердің әдістемесі.

Дайындаған: Несіпханов М. А.

Тексерген: Кудеринов С. М.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Инженерлік-гидрологиялық ізденіс жұмыстарын жүргізу әдістері, тәртіптері және дәлдіктерінің құрылыс нормаларын саралау

Инженерлік-гидрологиялық ізденіс жұмыстары

Инженерлік-гидрологиялық ізденіс түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Инженерлік-гидрологиялық ізденіс жұмыстарының түрлері мен атқаратын істері

Инженерлік жұмыстарды жобалау және оны ары қарай салу, арнаулы инженерлік ізденіс деп аталатын үрдісті жұмыстар негізінде жүргізіледі.

Инженерлік ізденістің негізгі атқаратын істері-болашақ құрылыс салынатын ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, құрылыс нысандарының оны қоршаған ортамен өзіндік байланысы, оларды қорғаудың инженерлік жолдары және құрылысты мекендеушілердің қауіпсіз өмір сүру жағдайларын зерттеу.

Инженерлік ізденістің әр түрі жобалаудың өзіне тән сатысын материалдық қамтамасыз етуі керек. Сондықтан ізденісті бірнеше түрге бөледі:

1) алдын алалық, техника-экономикалық негізін анықтау (ТЭН) немесе

техника-экономикалық есептеу (ТЭЕ) ;

2) жобалау кезіндегі;

3) жұмыс істеу құжаттарын дайындау кезіндегі.

Slide 4

Ізденіс экономикалық және техникалық болып екіге бөлінеді.

Экономикалық ізденістер салынбақшы құрылысты, сол жерде құрылыс материалдарымен, заттармен, көлікпен, сумен, энергиямен, жұмыс күшімен т. с. с. қамтамасыз ете алама және салынып болған соң осы құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімдіме, осы аталған шарттарды есепке ала отырып жасайды. Экономикалық ізденіс техникалық ізденістің алдын алып отырады.

Техникалық ізденіс құрылыс салынатын жер аумағының табиғи жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу және жобалау, құрылыс салу кездерінде сол жердің табиғи байлықтарын мүмкіндігінше толық пайдалану және есепке алу үшін

жүргізіледі.

Slide 5

Құрылыс салу үшін атқарылатын инженерлік ізденіске:

геотехнологиялық тексеру, табиғи және техногендік қауіптілікті

бағалау;

территорияны инженерлік қорғаудағы шараларды негіздеу;

қоршаған ортаға әсер етуші жергілікті күштерге мониторинг жүргізу, инженерлік ізденісті ғылыми тұрғыдан қарау, ізденіс жұмыстарын атқарушының авторлық құқын қорғау;

кадастрлық және де басқа осыған жататын істер және құрылыс салу

кезіндегі ғылыми ізденіс, нысандарды пайдалану және оларды істен тыс қалдыру (жабу) жатады.

Құрылыс салынатын алаңды бағалау үшін, келесі үрдісті ізденістер

жүргізеді: негізгі-инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық; гидрометеорологиялық, климатологиялық және

метерологиялық, құнарлы жер қыртысын геоботаникалық тексеру және

басқалар. Қандайда құрылыс салынсада негізгі ізденістерді бірінші кезекте жүргізеді.

Slide 6

Инженерлік-геодезиялық ізденіс

сол ауданның жер бедері және ондағы құрылымдар туралы деректер бере отырып, жобалау жұмыстарының негізі болып қана қоймай басқа ізденіс түрлерін жүргізуге, тексеруге пайдаланылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс кездерінде геодезиялық негіз түрлерін құру және құрылыс салынатын алаңда әр түрлі масштабтардағы топографиялық түсіріс, сызықтық құрылыстардың трассаларын қадалау, геологиялық, гидрогеологиялық қазбаларды,

геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық істермен байланыстыру және де басқа жұмыстар атқарылады.

Slide 7

Инженерлік-геологиялық және

гидрогеологиялық ізденіс жұмыстары

жер қыртысының геологиялық құрылысы, физико-геологиялық, топырақ беріктігі, құрамы және жер асты сулары т. б. құрылымдар туралы мәлімет береді.

Бұл мәліметтер құрылыс салу шартарын дұрыс бағалауға мүмкіндік туғызады.

Slide 8

Гидрометеорологиялық ізденістер

өзендер мен су қоймаларындағы су

жиналу мұмкіндіктері, сол районның климаттық

сипаттамалары туралы мәлімет береді. Сонымен

бірге гидрометеорологиялық ізденіс кездерінде су деңгейінің

өзгеруі, көлбеулігі, бағыты және ағу жылдамдығы, ақпа

су көлемі, тереңдігі және су қабаттарының қалыңдығы

туралы мәліметтер жинайды.

Slide 9

Инженерлік ізденіс жұмыстарының мазмұны және көлемі

жобаланбақшы құрылыстың түрі, саласы және өлшемдеріне, жергілікті жер жағдайына және құрылыс таным дәрежесіне, сонымен бірге құрылыстың жобалық деңгейіне байланысты болады. Салу технологиялары жалпы бір- бірімен ұқсас және ізденіс жұмыстары бір тәсімді әр түрлі құрылыстар (құрылымдар) бір топқа бірігуі мүмкін: алаңдық және сызықтық құрылыстар.

Алаңдық құрылысқа жататындар: елді мекендер, өндіріс мекемелері, аэропорттар және де осыған ұқсастар. Сызықтық құрылыстарға жататындар: жолдар, электрожелілер, құбырлар және де осыған ұқсастар.

Инженерлік ізденіс жұмыстарын жүргізу әдістері, тәртіптері және дәлдіктері құрылыс нормаларымен анықталады, мысалы СНиП 11-02-96 және 11-04-97 деп аталатын құрылыс нормаларында.

Slide 10

Жобалық берілімдерді жер бетіне нақтылы түсіру үшін келесі негізгі жобалық құжаттар болулары керек:


Ұқсас жұмыстар
Ғимараттың жобасын дайындау
Патенттік зерттеулер
Гидрометеорологиялық ақпараттың потенциалды тиімділігін бағалау әдістері
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТПЕН ҚАМТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Агрометеорологиялық болжамдар
Теңіз ұйымдарын гидрометеорологиялық қамтамасыз ету
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕҢІЗ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЫҚПАЛЫ, ПАЙДАСЫ МЕН ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМДЕРІ
Қазгидромет басшылығының құрылымы
Мәліметтерді дайындау
СУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz