Көлік жолдарының көлденең және бойлық профильін жобалау


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Геодезия және Құрылыс» кафедрасы

Дайындаған: Несіпханов М. А.

Тобы: ГК - 507

Тақырыбы:

«Көлік жолдарының көлденең және бойлық профильін жобалау»

Slide 2

Көлік жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi.

Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді.

Slide 3

Жалпыға ортақ пайдаланылатын көлік жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді.

Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.

Slide 4

Жолдың бойлық профилінің басты элементтері.

Әртүрлі категориялы жолдардың техникалық деңгейі де әртүрлі. Жолдың параметрлері 1-кетеде көрсетілген.

Жолдың элементтерінің параметрлері

Жолдың категориясы

I-а

I-б

II

III

IV

V

Қозғалыстың жолақ саны

4; 6; 8

4; 6; 8

2

2

2

1

Қозғалыс жолағының ені, м

3, 75

3, 75

3, 75

3, 5

3

-

Жүріп өту бөлігінің ені, м

2x7, 5

2x7, 5

7, 5

7

6

4, 5

2x11, 25

22x11, 25

2x15

2x15

Жол жиегінің нығайтылған жолағының ең аз ені, м

0, 75

0, 75

0, 75

0, 5

0, 5

-

Қозғалыстың әр түрлі бағыттары арасындағы бөлу жолағының ең аз ені, м

6

5

-

-

-

Жол жиегінің (обочина) ені, м

3, 75

3, 75

3, 75

2, 5

2

1, 75

Жер төсемінің ені, м

28, 5; 36; 43, 5

27, 5; 35; 42, 5

15

12

10

8

Slide 5

Жолды оның осіне перпендикуляр болатын жазықтықпен қимасы жолдың бойлық қимасы деп аталады.

а - бір жүріп өту бөлігімен; б - екі жүріп өту бөлігімен және бөлу жолағымен;

1 - ордың сыртқы откосы; 2 - шеткі нығайту жолағы; 3 - жолдың осі; 4 - жүріп өту бөлігінің жиегі; 5 - үйінді шеті; 6 - ішкі откос; 7 -обочина; 8 - жүріп өту бөлігі; 9 - жер төсемі; 10 -жүріп өту бөлігінің осі; 11 - үйінді откосы; 12 - бөлу жолағы

Slide 6

Нивелирленген трассаның нүктелерiнiң есептелiп шығарылған биiктiк белгiлерi бойынша оның профилi салынады. Профильдi жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пи­кеттік кiтапшаның мәлiметтерi бойынша сызады. Бойлық про­фильге көбiрек көрнекiлiк беру мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үл­кейтiп қабылдайды. Бойлық профильдi салу мына тәртiп бойынша жасалады :

Шартты горизонтты (ШГ) таңдайды, оның сызығынан профильдiң ең әлсіз нүктeci 4-5 см-ден артық қашықтықта болмауы керек, шартты горизонттың (ШГ) биiктiк белгiсi 10 м-ге еселi болуы тиiс.

Шартты горизонттың сызығынан төмен профиль торын ор­наластырады, ол қажеттi мәлiметтердi енгiзуге арналған жол-­жол сызық болып саналады.

Ара қашықтық графасына қабылданған масштабқа сәй­кес пикеттер мен аралық нүктелер арасындағы горизонталь арақашықтықтарды салады. Содан кейiн осы ара қашықтықтарды көшiру арқылы профиль нүктелерiнiң орнын шартты горизонт­тың сызығында белгiлейдi. Осы нүктелердiң перпендикулярла­рында вертикаль масштабта профиль биiктiк белгiлерiн тұрғы­зады, олар нүктелердiң абсолют биiктiк белгici мен шартты, го­ризонттың айырымы болып саналады, яғни

Н проф. =Н абс. -ШГ. {15)

Перпендикулярлардың шеттерiн сызықтармен қосып трассаның шын профилiн алады.

Slide 7

Профильге инженерлiк жұмыстар нәтижесiнде табиғи про­фильдiң орнын басатын қолдан жасалатын жобалау сызығын салады. Жобалау сызығын грунтты қазу және толтыру жөнiн­дегi жер бетiндегi жұмыстардың минимумын ескере отырып таң­ дайды. Оның өзi де жобада таңдап алынған көлбеулік құрылыс­тардың осынау түpiнe қойылатын техникалық талаптарға сәй­кес берiлген шамадан артық болмауы тиiс

Трасса нүктелерiнiң жобалық биiктiк белгiлерiн мына формуламен есептейдi:

Нnж=Н0ж+іdn,

мvндағы d п - трассаның бастапқы нүктeciнeн n нүктeciнe дей­iгнi горизонталь ара қашықтығы; i - трассаның жобалық көл­беулiгi. Жобалық биiктiк белгiлерiн адетте қызыл тушьпен жа­зады, сондықтан оларды қызыл биiктiк белгiлерi деп атайды.

Жұмыс жасау биiктiк белгiлерiн тиicтi нүктенің жобалық және табылған биiктiк белгiлерiнiң айырымы ретiнде анықтай­ды, яғни

Һіжұм=Ніж-Ніт

Жұмыс жасау биiктiк белгiлерi осы нуктедегi қазудың те­peңдігін немесе толтырудың биiктiгiн анықтайды. Жер қазу жұмыстарын жүргiзгенде осы цифрлар өте маңызды цифрлар болып саналады.

Slide 8

Жобалау сызығының табиғи профиль сызығымен қиылыс­қан жерi нөлдiк жұмыс жасау нүктелерi деп аталады. Осы нүктелердiң жұмыс жасау биiктiк белгiлерi нөлге тең болатын­дықтан жер қазу жұмыстары бұл нүктелерде жүргiзiлмейдi. Трассадағы олардың орнын метрдiң ондық бөлiгiне дейiнгi дәл­дiкпен бiлу керек, өйткенi жер қазу жұмыстарын әдетте осы нүк­телерден бастайды. Нөлдiк жұмыс жасау нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн жобалық биiктiк белгiлерi қатарына көк тушьпен жазады.

Трассаны планға нивелирлiк жүрiстiң бұрылу бұрыштары­ның координаталарымен немесе пикет қабырғаларының ұзын­дығы мен азимуттары арқылы салады. Планда трассаны ниве­лирлеу кезiндегi жергiлiктi жердiң түсiрiлген бет бедерi кес­кiнделедi.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Астық қоймалардың сыйымдылығын есептеу
Көп сыналы білдекке арналған тегершікті жобалау
Топоматик Robur бағдарламасында
Жылжымалы құрам - құбыр желілерінің өзі
БЕРІКТІК ТЕОРИЯСЫ
Қазақстан экономикасы Көлік және байланыс кешені
Тік тегістеу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
Жол жағдайларына байланысты жағдайларын жою және оның салдары
Қауіпті жүк түрлері
Қауіп жүк тасымалдауға қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz