Жоғары дәлдікті нивелирмен танысу және олардың тексерулері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» КАФЕДРАСЫ»

СӨЖ
Тақырыбы: Жоғары дәлдікті нивелирмен танысу және
олардың тексерулері

Дайындаған: Несіпханов М.А.
Тобы: ГК-507
Тексерген: Оразбекова Г.Б.
Жоспар
Кіріспе
Нивелир туралы жалпы түсінік
Нивелир түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған
геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік
орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі
нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында
нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі.
Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге
арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл
нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық
нивелирлер деп бөлінеді.
Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және
топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету
үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін
горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе
авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады. Қалаларды
пландауда, темір жолдар салуда, су жүретін трубаларды жүргізуде де
ниверлеудің маңызы өте күшті. Ниверлеу көп еңбек сіңіруді керек
қылатын жұмыс, сол себепті бұл жұмыс автоматтандырылды.
Нивелирлеу дегеніміз – бастапқы пункттен немесе теңіз деңгейімен
салыстыра отырып жер бетіндегі нүктелердің, пункттердің биіктігін
анықтау үшін жүргізілетін геодезиялық жұмыстардың бір түрі.

геометриялық нивелирлеу - өзара биіктік
горизонталь көздеу сәулесі арқылы анықталады
Қолданылатын аспаптары мен

және нивелир аспабының көмегімен орындалады.
өлшеу тәсілдеріне қарай

тригонометриялық нивелирлеу - өзара биіктік
көлбеу көздеу сәулесі арқылы анықталады және
теодолит аспабының көмегімен орындалады.

барометрлік нивелирлеу – нүктелердің арасындағы
өзара биіктік сол нүктелердегі атмосфералық
қысымдардың айырмашылығына негізделген.

гидростатикалық нивелирлеу - өзара биіктік өзара
байланысқан ыдыстағы сұйық бетінің бір
деңгейінде тұруына негізделген

механикалық нивелирлеу – аспаптар арқылы жердің
профилі автоматтты түрде жазылады.
Нивелирлеу келесі тәсілдермен жүргізіледі:

нивелирмен — топографиялық немесе геометриялық нивелирлеу;
бұрыш өлшеуіш аспаппен — геодезиялық немесе тригонометриялық
нивелирлеу;
барометрдің көмегімен — барометрлік нивелирлеу.
Нивелирлік биіктік (Нивелирная
высота) — жер беті нүктесінің
нивелирлеу әдісімен анықталатын
биіктігі. Геометриялық нивелирлеу
нәтижесінде нивелир сызығының
бойымен алынған бір-біріне жақын
орналасқан екі нүкте арасындағы
биіктіктер айырымымен анықталады.
Нивелирлеу принципі
Геометриялық нивелирлеудің екі әдісі бар: ортадан және алға.

Ортадан нивелирлеу – бұл әдісте нивелир А және В нүктелерінің ортасына
қойылады да, бұл нүктелерде вертикаль рейкалар орналасады. А – нүктесі артқы, В
– нүктесі алдыңғы, а – артқы рейкадан алынған есеп, b- алдыңғы рейкадан алынған
есеп.
Алдымен артқы нүктеге көздеп, рейканың қара және қызыл жағынан есеп алынады,
одан кейін алдыңғы рейкадан есеп алынады. В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы
биіктік өсімшесі былай анықталады:

h=a–b

егер: a>b болса, онда h таңбасы оң (+) болады,

a Алға нивелирлеу – бұл әдісте нивелир дүрбісінің окуляры және А нүктесі бір
тіктеуіш сызықтың бойында, ал рейка екінші В нүктесіне орнатылады. Бұл әдісте
аспап биіктігі і өлшенеді, В нүктесінде тұрған рейкадан b есебі алынады:
h=і–b
Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктігін мына
формуламен анықтауға болады:
HB = HA ± h
Аспап горизонты дегеніміз – деңгей жазықтықтан аспаптың көздеу осіне дейінгі
тіктеуіш сызық:
АГ= HA + а = HB + b
Аспап горизонты арқылы да нүктенің биіктігін анықтауға болады:

HC = АГ – C = АГ – а аралық
Қорытынды
Нивелирлеу жұмысы басталмай тұрып аспаптың орнықтылығына,
көтергіш және туралау бұрандалар жүрістерінің бірқалыптылығы
мен компенсатордың қызметіне көз жеткізу қажет.
Нивелирге қойылатын басты талап – деңгейлік ось пен көздеу сәулесі
бағытының өзара параллель болуы. Жұмысты жүргізер алдында
нивелир жан-жақты тексеріліп, өзара биіктікті дәл анықтауға әсер
ететін кемшіліктер түзетілуге тиіс.
Нивелир дүрбісі заттың тура бейнесін көрсетеді. Ол толығымен
айналатын екі пентапризма жүйелері арқылы жүзеге асады. Нивелир
көру дүрбісі, компенсатордың комплектілері мен басқа да оптикалық
бөліктермен төрт бұрышты қаптамада орналасқан. Нивелирдің
төменгі жағында 1°-тық шкалаларға бөлінген горизонталь лимб бар.
Қазір дүниежүзінің көптеген елдерінде нивелирлер шығарылады,
олардың 40%-ы компенсаторлы. Компенсаторлы нивелирлер
тиімділігінің жоғарылығына қарамастан, деңгейлеуішті нивелирлер де
күннен-күнге жетілдіріліп келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Спиридонов А.И., Кулагин Ю.Н. Справочник-каталог
геодезических приборов. –М.: Недра, 1984.
Савиных В.П., Ященко В.Р. Геодезические и
фотограмметрические приборы. – М.: Недра, 1991.
Спиридонов А.И., Кулагин Ю.Н., Кузьмин
М.В.Проверка геодезических приборов. – М.: Недра,
1981. – 59 с.
Кузнецов П.Н., Васютинский И.Ю., Ямбаев Х.К.
Геодезическое инструментоведение. –М.: Недра, 1984.
Захаров А.И. Геодезические приборы. Справочник. –
М., Недра. 1989.
Федоров В.И., Шилов П.И. Инженерная геодезия. М.:
Недра. 1982.
Х.К.Ямбаев. Специальные приборы для
инженерногеодезических работ. –М.: Недра, 1990 г.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жоғары дәлдікті инклинометрлерді қолдану
Деформацияның автоматтандырылған геодезиялық мониторинг жүйесіндегі сандық инклинометрлер
Жалпы түрдегі функцияның кері салмағы
“BURDA” сән журналын дұрыс пайдалану. Кальканың көмегімен пішімін түсіру
Зерттеудің мақсаты
Геодезиялық құралдардың техникалық сипаттамасы. Теодолит
Электронды теодолит
Өлшем тізбегін есептеу практикасы теориясының негізгі қалпы
Белгісіз дәрілерді талдау әдістері
Өлшеулер қателерінің теориясы
Пәндер
since 2008 © stud.kz Stud.kz | 0.006