ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАҚТЫ СЕКТОРЛАРДЫҢ ДАМУЫ


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Ақпараттық технологиялар факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы нақты секторлардың дамуы

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Экономикалық жүйе - экономиканың белгілі тәртіппен

реттелген және өзара байланысты экономиканың элементтерінің қосындысы.

Кіріспе

Бұл ішкі құрылымы бар күрделі жүйе. Экономикалық жүйелер 2-ке жіктеледі.

1-жіктеу - ашықтық дәрежесі бойынша.

Ол бойынша:

а) жабық экономикалық жүйені;

б) ашық экономикалық жүйені ажыратады:

Жабық экономикалық жүйе - белгілі бір шекте өзінің қызметтік іс-әрекетін шектейтін жүйе.

Ашық экономикалық жүйе - өзінің байланыстарын басқалармен үнемі кеңейтетін жүйе.

2-жіктеу. Екінші жіктеу меншік және экономикалық байланыс қатынасы негізінде болады.

Осы критерийлер негізінде 4 экономикалық жүйені белгілейді:

1. Дәстүрлі;

2. Әкімшіл-әміршіл;

3. Нарықтық;

4. Аралас.

Slide 3

Әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:

өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;

Шығыс Еуропа және ТМД елдері мемл. қоғамдық құрылыстан постсоциалистік аралас қоғамға ауысуда. Бұл елдердегі түрлі нұсқадағы нарықтық экономикаға ауысу оның даму дәрежесін әр түрлі қалыптастырып отыр;

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жаңа индустриялық Аралас экономиканың даму процесі жүруде және олардағы капитал нарығында мемл. бақылаудың икемді формалары, өнеркәсіптің жаңа салалары дамып өркендеуде;

Үндістандағы нарықтық өзгерістер Аралас экономикада өзіндік ұлттық ерекшеліктер болатындығын көрсетті. Бұл елде инвестициялық жоспарлау мен оны ұтымды орналастыру арқылы мемл. меншіктің алуан түрлі нысандары пайда болуда. Бірақ капитал нарығы мен мемл. кәсіпорындар бәсекелестігінің нашар дамуы ойдағыдай тиімділікке жеткізе қойған жоқ.

Латын Америкасы елдерінде жекешелендіру қарқынына қарамастан мемлекеттік экономикаға араласуы, макротұрақтандыру тиімділігін өсіріп, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үстемдік алуда.

Аралас экономика - экономиканың мемлекеттік, кооперативтік

жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі.

Slide 4

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді.

Оның негізгі ерекшелігі:

1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.

Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.

Slide 5

Орта мерзімді кезеңге арналған Қазақстан дамуының негізгі параметрлері

2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсуі жылына 6-7, 6 мөлшерінде болжамдануда, бұл халықтың жан басында шаққандағы ЖІӨ өсуін 2018 жылға қарай 20 мыңнан АҚШ долларында астам қамтамасыз етеді.

Өңдеу өнеркәсібінде озық өсу болжамданады: бес жылда өңдеу өнеркәсібі 41%-ға, тау-кен өнеркәсібі 25%-ға өседі.

Орта мерзімді перспективада өсудің негізгі көзі өңдеу және өндіру өнеркәсіптеріндегі өсу, сондай-ақ экономикадағы ішкі тұтынудың тұрақты өсуі болып қалады.

Slide 6

Бюджет саясатының теңгерімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру

Бюджет саясатының мақсаттары

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

экономика өсуінің орнықтылығын қамтамасыз ету;

халықтың әл-ауқаты деңгейін қолдау;

бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

ЖІӨ-ге қатысты тапшылықтың азаюы

Бюджет саясатын қалыптастыру

Мемлекеттік борышты біркелкі деңгейде қолдау

Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету

Квазимемлекеттік сектор борышының өсуін бақылау

Ұлттық қор қаражатын шекті қолдану

Ұлттық қорда мұнай қорларын жинақтау

6

Slide 7

Аралас экономикалық жүйе экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерімен мемлекеттік реттеудің қосындысы орын алатын экономикалық жүйе. Аралас құрылымдардың модельдері:

Американдық модель

Жапондық модель

Германдық модель

шведтік модель

Қытайлық модель

Slide 8

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту барысындағы ерекшеліктері көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі. Олар:

ұлттық

әлеуметтік-демографиялық

ғылыми-техникалық

ұйымдық-құрылымдық,

табиғи-шикізаттық

табиғи - климаттық

географиялық сипатта болып келеді.

Slide 9

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі туралы» заң қабылданды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу

2. Жекешелендіру.

3. Кәсіпкерлікті дамыту.

4. Монополияны жою.

5. Бағаны босату.

6. Қатал ақша -несие және қаржы саясатын жүзге асыру.

Нарықтық экономикаға көшудің негізгі белгілері:

Slide 10

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:

1. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сөуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.

2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.

Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикасы таңдап алған бағыт-аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру - Республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан әрі қарай реформаны жүргізгенде баска елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарыктық экономиканың өзіне тән ұлттық моделін кұрады.

Slide 11

Аралас әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономиканың қалыптасуы стратегиялық мақсат ретінде қаралып, ол меншіктің әр түрімен (жеке және мемлекеттің) араласуы және өзара іс-әрекетті бәсекелестікке негізделеді.

Стратегиялық мақсатқа 15-20 жылдың ішінде негізгі үш кезеңге бөлу арқылы қол жеткізілмек:

алғашқы үш жылында (1992-1995жж. ) экономиканы тұрақтандыру жоспарланған, тұтыну нарығын қалпына келтіріп, меншіктің көп бөлігін мемлекет иелігінен алу көзделген;

одан кейінгі 7- 10 жылда (шамамен 1995- 2005жж. ) экономиканың шикізаттық бағытын жоюда ірі қадам жасау және инфрақұрылымды дамыту, оған қоса дамыған тауар, капитал, еңбек нарығын қалыптастыру;


Ұқсас жұмыстар
Фармация ғылым ретінде
Аталмыш бағытта дамуы
Нанотехнологияның дамуы өсуге әсер етедіөңдеу өндірісіндегі жұмыс орындарының саны
Бюджеттің қағидаттары
Көлеңкелі экономиканың ұлттық экономикаға тигізетін әсері
ҚР-дағы лизингтік қызмет және оның дамуы
МАТЕМАТИКАНЫҢ ТУУЫ
Отандық телемедицинаның даму жағдайы мен болашағы
Қазақстанда 1920-1930 жылдары көшіп келген халықтардың әлеуметтік- демографиялық жағдайы
Қазақстандағы экотуризмді талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz